Сабақтың тақырыбы: Тұрақты токтың электр тізбектері туралы негізгі ұғымдар Сабақтың мақсаты: Білімділігі



бет1/2
Дата08.09.2017
өлшемі2,87 Mb.
#31344
түріСабақ
  1   2
Республикалық жоғары техникалық колледжі

Бекітемін

Директордың оқу- ісі жөніндегі

орынбасары

_________ Кдыргужина А.Н

«___»________________2017 ж


0809000 «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану» мамандығының 9эми32 тобына «Жалпы электротехника және электроника негіздері» пәні бойынша

«Тұрақты токтың электр тізбектері туралы негізгі ұғым» атты

ашық сабақ жоспары

Құрастырған: арнайы пән оқытушысы

Беккалиев А.Е

Орал-2017



Топ: 11эми32

күні: 13.02.2017ж

Пән: Жалпы электротехника және электроника негіздері

Сабақтың тақырыбы: Тұрақты токтың электр тізбектері туралы негізгі

ұғымдар


Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:

Студенттерге тұрақты токтың электр тізбектерін, электр энергиясының көзін, трансформаторларды, сақтандырғыштарды, магниттік жібергішті,релелерді таныстыру және олардың жұмыс істеу принциптерін білу, терең түсініндіру;



Дамытушылық:

Студенттерге тұрақты токтың электр тізбектері, электр энергиясының көзі, трансформаторлар, сақтандырғыштар, магниттік жібергіш, релелер туралы алған білімдерін дамыту;



Тәрбиелілік:

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау қабілеттерін дамыту, зейінділікке, зеректікке тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, деңгейлеп дамыта оқыту, жеке оқушымен жұмыс

Пәнаралық байланысы: Электр тізбегінің теориясы, Физика, Сұлбатехника

Сабақтың көрнекілігі: слайд, проектор,карточкалар
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Сәлемдесу, студенттерді түгелдеу, аудитория тазалығын тексеру, сабаққа дайындықтарын қарау.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Өтілген тақырып бойынша студенттерге сұрақтар қою.





  1. Кирхгофтың 1 заңы дегеніміз не, формуласы, қолданылуы ?

  2. Кирхгофтың 2 заңы дегеніміз не, формуласы, қолданылуы?

  3. Тармақ дегеніміз, 1.12 - суреттен тармақтар санын анықта?

  4. Түйін дегеніміз, 1.12 - суреттен түйіндер санын анықта?

  5. Контур дегеніміз, 1.12-суреттен контурлар санын анықта?

  6. Кирхгофтың 1 заңы бойынша, 1 түйінге теңдеу құру?

  7. Кирхгофтың 2 заңы бойынша, 3 контурға(3-4-6-3) теңдеу құру ?

  8. Кирхгофтың 2 заңы бойынша, 4 контурға(4-5-6-4) теңдеу құру ?



ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру

Теория, тәжірибелік жұмыс және есептер шығару арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру

Электендіру өнеркәсібінде электр энергиясынын оның көзінен электр қабылдағыштарының жеткізу, тарату және басқару үшін әртүрлі қондырғылар мен құрылғыларды сым арқылы бірімен-бірін қосып электр тізбегін құрастырады.

Электр тізбегі деп электрлік үрдестері электр қозғаушысы күш ток және кернеу ұғымдарымен түсіндірілетін, электр тогы жүретін жол түзетін қондырғылар мен құрылғылардың жиынтығын айтады. Электр тізбегі үлкен үш бөліктен тұрады электр энергиясы көздерінен , электр энергиясын тасымалдаитын тарататын Һәм оны басқаратын қондырғылардын және электр қабылдағыштардын.

Электр энергиясының көзі деп басқа бір энергияны электр энергиясына түрлендіруге арналған қондырғыны немесе аспапты айтады. Мысалы аккумуляторы электр генераторы машина термоэлектр генераторы фотоэлемент ,т.б.

Электр энергиясын тасымалдайтын тарататын құрылғылар мен қондырғылар және басқаратын аспаптарға электр желілері, трансформаторлар, сақтандырғыштар, релелер,магниттік жібергіш т.c.c.жатады.



Трансформатор электр энергиясын кернеуі бойынша түрлендіруге және кернеуді реттеуге арналған электромагниттік құрылғы. Трансформатор сөзі латынша түрлендіру деген ұғымды білдіреді. Қазіргі түріндегі трансформаторды мадияр оқымыстылары М.Дери, О.Блати және К. Циперновскиийлер 1885 жылдары ойлап шығарған.

Трансформатор қажеттігі электр энергиясының оны таратқан кездегі шығынын азайту және сымдық материалды үнемдеу мақсатынан келіп туған.



1-сурет. Трансформаторлар
Сақтандырғыш электр тізбектерін асқын жүктелуден және қысқа тұйықталу тогынан қорғауға арналған аспап. Құрылысының қарапайымдылығы , бағасы мен жегу шығындарының арзандығы , мөлшерінің кішілігі , ажыратқыштық қабілетінің жоғарлығы оны кең қолдануға мүмкін етті. Сақтандырғыштың әрекеттік парқы ондағы балқығыш қыстырғының токтың әсерінен қатты қызып, балқып үзілуіне негізделген.
Сыртқы пішінінің әр түрлілігіне қарамастан , сақтандырғыш ( 2- сурет)негізінде тұрықтан (1), балқығыш қыстырғыдан (2), түйіскелік элементтен (3) және доға сөндіргіш ортадан (4) тұрады.

Сақтандырғыштың қалыпты (түзік) жұмысы кезінде қыстырғының қызуы қалыптасқан күйге келеді, яғни қыстырғы қанша жылу бөліп шығарса , сонша жылу одан әкетіліп отырады да қыстырғының температурасы , жалпы алғанда сақтандырғыштың температурасы , тұрақты болып қалады. Міне осы температурасының қалыптасқан күйінде ғана сақтандырғыш ұзақ мерзімде жұмыс істей алады.



2.1-сурет. Сақтандырғыштар



Реле деп белгілі-бір мөлшерлі физикалық шаманың әсерінің нәтижесінде екінші-бір жүйенің күйін секірмелі өзгертуге арналған аспапты айтады. Реле әртүрлі салада әртүрлі қызмет атқарады. Бірақ басқару тізбектеріндегі реленің негізгі рөлі электірлік құрылғылар мен қондырғыларды бір күйден екінші күйге көшіру және қалыпты емес апаттық күйлерінен қорғау болып табылады.

3-сурет. Реленің жалғану сұлбасы



Электірлік релелердің көпшілігі электромагниттен және тұйықтаушы ажыратушы түйіскілерден тұрады.

3.1-сурет. Релелер



Магниттік жібергіш электрлік қондырғыларды (көбіне электрлік қозғалтқыштарды) автоматтық жүргізіп жіберу, тоқтату, айналу бағытын өзгерту және асқын жүктелуден қорғау үшін қолданылатын аспап. Магниттік жібергіш бір немесе екі түйістіргіштен және екі фазаға (кейде үш фазаға да) қойылатын жылулық реледен тұрады. Бір түйістіргішті магниттік реверссіз, екі түйістіргішті магниттік жібергіш реверсті деп аталады.Реверссіз магниттік жібергіш қозғалтқыштарды бір бағытта, ал реверсті магниттік жібергіш қозғалтқышты екі бағытта ( алға және артқа) айналдыруға арналған.

4-сурет. Реверсті магниттік жібергіштің жалғану сұлбасы



4.1-сурет Реверссіз магниттік жібергіштің жалғану сұлбасы



4.2-сурет. Магниттік жібергіштер



Электрлік қабылдағыштар деп, әдетте, электрлік энергиясын басқа энергияға түрлендіруге арналған қондырғыны, құрылғыны немесе аспапты айтады.Мысалы электрлік қозғалтқыштарды электр энергиясы негізінен механикалық энергияға түрленсе, электролиз астауларында химиялық реакцияның энергиясына түрленеді.

Электр тізбектеріне әртүрлі мақсаттағы жұмыстарды орындау үшін графикалық түрде кескіндейді. Электр тізбегіне шартты белгілер арқылы келтірілген графикалық кескіні электрлік сұлба деп аталады (1.1-cурет) Электрлік сұлбалар мақсатына қарай монтаждық, функциялық, парқылық, орынбасарлық т.c.c. болып бөлінеді. Шартты белгілердің графикалық кескінін және мөлшерін халықаралық шартты белгілерге сәйкестерінде отырып Мемлекеттік Стандарт (MCт) қабылдағын. Сондықтанда олардың кескінін және мөлшерін бұрмалауға болмайды.

Электр тізбегіндегі әрбір қондырғы, құрылгы немесе аспап тізбектің элементі деп атайды. Тізбектің элементтерін, шартты графикалық белгілермен қатар, шартты әріптермен белгілеу де қабылданған. Мысалы, электр энергиясы көзін Gәрпімен белгілеу қабылданған, ал графикалық, белгілеудегі тілсызық (стрелка) әрқашанда қорек көзінің потенциалы жоғары нуктесін көрсетіп тұруы керек.

Тізбектің бір ток жүретін бөлігі тармақ деп аталады. Қарастырылып отырған тізбекте үш тармақ бар: cdGab ,bR3c және bR4с.

Үш не одан да көп тармақтардың қосылған нүктесі түйін деп аталады (суретте в және с).Электрлік сұлбада түйінді нүкте қойып белгілейді. Егер нүкте қойылмаса, онда сымдар электрлік байланыспаған, айқасып қана жатыр деп есептелінеді.Тізбектің ток журетін кез-келген тұйықталған бөлігі өнбой (контур) деп аталады.Келтірілген тізбекте үш контур бар:

bR3сdGab,bR4cR3b және сыртқы контур bR4cdGab. Ең болмаса бір тармағы бойынша айырықшаланатын контурларды өзара тәуелсіз контурлар деп атайды.

Электр тізбегінде элементтер бірізді (тізбектей), параллель және аралас түрде жалғанады. Егер тізбек элементтері олармен бір ток өтетіндей етіп, яғни бірінің аяғы екіншісінің басымен, екіншінің аяғы үшіншісінің басымен т.с.с. жалғанса, онда мұндай жалғануды бірізді жалғау деп атайды. Егер тізбек элементтері бір кернеулі болатындай етіп, яғни бастары бір түйінделіп, ал аяқтары өзара бір түйінделіп жалғанса, онда мұндай жалғануды параллель жалғау деп атайды. Суретте R1 мен R2 электр қабылдағыштары бірізді, ал R3 R4 электр қабылдағыштары параллель жалғанған. Егер тізбекте элементтер бірізді және параллель жалғанған болса, онда мұндай жалғану аралас жалғау деп аталады. Қарастырылып отырған тізбекте тізбек элементтері аралас жалғанған.

Есеп №120



Берілгені:

R1=R2= 1 (Ом)

R3=6(Ом)

R5=R6=1(Ом)

R4=R7=6(Ом)

R8=10(Ом)

R9=5(Ом)

R10=10(Ом)

U=220 В

Табу керек: 1) Rэкв-? I-?

2) Сұлбаны баламалы түрлендіру

Шешуі:
1-4 түйін аралығын табамыз



1-3 түйін аралығын табамыз




1-2 түйін аралығын табамыз





Жауабы:


:

2) Сұлбаның баламалы түрленуі


+ U -


Каталог: uploads -> doc -> 0c91
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0c91 -> Оқыту мен оқудағы әдіс-тәсілдердің тиімді жолдары
0c91 -> Гия: денелердің өзара әрекеттесуіне немесе дене Бөлшектерінің өзара орналасуына байланысты болатын энергия немесе Механикалық энергия


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет