«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Үй тапсырмасын сұрау: «Тізбек» әдісі арқылы сұралады.
Жаңа сабаққа кіріспе
(Ұ) «Миға шабуыл»әдісі арқылы ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
Тротуар деген не?
Жаяу жүргінші деген кімдер??
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
ҚБ: белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
Сабақтың ортасы
№1 тапсырма: Мәтінмен жұмыс.
Мәтінді оқып, қарамен берілген сөздердің синонимдерін, антонимдерін тауып жазады.
Берілген сөздер: Жол, Кідірмеуі, қауіпсіз, көз