(Ж) Практикалық жұмыс. Оқушылар алдымен программаны қалай жасау керектігін дәптерлеріне жұбымен ақылдасып жазады. Дайын жазылған жоспар бойынша компьютерде программа құрастырады.
Тапсырма №3: Роботтың сызықты қозғалыс жасай отырып, басып өткен түстерінің атын атайтын программаны жоспарлаңдар. Қандай болктар қосу керек? Робот қара жолаққа жеткенде «Тоқта (Stop)» хабарын беріп, өз жұмыс тоқтатсын (14 -сурет).
Дескриптор
Қалыптастырушы бағалау
-Робот түс атауын атайтын программа жасайды.
-Қандай блок қосу керектігін дұрыс таңдайды.
-Робот қара жолаққа келгенде «Тоқта» хабарын беріп, өз жұмысын тоқтата алады.
Сабақты бекіту: (Ұ)«Өрмекші торы» ойыны арқылы оқушылар бүгінгі сабақтан түсінгендерін бір-біріне өрмекші торын лақтара отырып сұрақ қойып, келесі оқушы жауап беріп, келесі өзі қалаған оқушыға сұрақ қоя отырып, өрмекші торы тоқылады.
Бағалау: Оқушылардың жауап беруіне сәйкес «Күлегештермен» бағалаймын.
Рефлексия. «Еркін микрофон» әдісі арқылы ой бөлісу. (Д) Төмендегі берілген сұрақ аясында оқушылар өз ойымен бөліседі.
Роботтың түстерді, шағылған жарықтың жарықтығын анықтау, сыртқы жартыудың жарықтығын анықтау қабілетінен тағы қандай жобаларға қолдануға болады деп ойлайсың?
Түс,Шағылған жарықтың жарықтығы және Сыртқы жартыудың жарықтығы режимдерінің қызметтерінде қандай негізгі айырмашылықтар бар?