Сабақтың тақырыбы: Тұсаукесер туралы жалпы мәліметтер Сілтеме



бет34/43
Дата12.10.2020
өлшемі2,4 Mb.
#68400
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   43
ІV. Мағынаны тану

  • Жаңа сабақ бойынша қысқаша түсіндіру.

  • Редакторды терезесін интерактивті тақтада көрсетіп, топтарға тапсырмалар беру

  • 1-топқа: «Редактор терезесі »

  • 2-топқа: «Қылқалам, өшіршіг құралдары және оларды баптау» туралы 3-топқа: «фигураларды салу тәсілдері және оларды баптау»

  • «ББҮ» түртіп алу стратегиясын қолдану

  • Оқушылар бүгінгі күнді және тақырыпты дәптерлеріне жазып қояды.

  • Оқушылар берілген тапсырма бойынша топта талқылайды, пікірлеседі, ойларын постерге түсіреді

  • Постерлерін қорғайды, пікір алмасады, топтар бірін-бірі толықтырады.

  • Оқушылар дәптерлерінде ББҮ бойынша кестенің «Білдім» деген бағанын толтырады




Сәйкестендіру кестесі























Шеңбер немесес эллипс салу құралы



















Ерікті сызықтарды салу құралы



















Тіктөртбұрыш салу құралы



















Ерікті пішінді көпбұрыштар салу



















Сурет бөліктерін өшіру құралы



















Суретке мәтін крістіру құралы






















Оқушылар сәйкестендіру кестесін жұпта талқылап орындайды




Компьютерде практикалық тапсырмалар

Жұмбақтардың шешуін тап, суретін сал

Жаңбыр жауса нөсерлеп,

Әрі-сәрі болмаймын.

Алып жүрсең қолыңа,

Су болудан қорғаймын

. (Қолшатыр)



Қақаған қыста,

Өседі тыста.

Өзгертпей өңін,

Сақтауға ұста. (Шырша)


Күндіз кірер «інге»,

Жұрт қалады білмей.

Шығады тек түнде,



Болам дейді күндей. (Ай)


Көктем сайын жайқалып,

Жаңбыр суын ішемін.

Күз болғанда сарғайып,



Қурап-қурап түсемін




Оқушылар тапсырмаларды компьютерде орындайды

Сергіту сәті.

«Сілку» психологиялық жаттығуы


Оқушылар орнынан тұрып:

  1. Алақанын;

  2. Шынтағын;

  3. Иығын;

  4. Балтырын;

  5. Тізесін;

  6. Ішін;

  7. Кеудесін қолдарымен сілкіп, шаршағанын, жағымсыз өнергияны сілкіп тастайды да, қолын жоғары көтеріп, терең дем алып, қолын төменге түсіргенде, демін шығарады.

V. Ойтолғаныс

Венн диаграммасы

Кәдімгі сурет салу құралдары Редактор сурет салу құралдары




Оқушылар Венн диаграммасын толтыра отырып, бүгінгі тақырып бойынша білгендерін, ойларын қорытады.

VІ. «Бағалау»


Мына критерийлер арқылы бағалау ұсынылады.

  • Редактордың батырмаларының қызметін білемін – 1 балл ;

  • Сурет салу кезеңдерін білемін - 1 балл;

  • Негізгі түс пен фонның түсін таңдай аламын - 1 балл;

  • Құралдарды баптай аламын - 1 балл;

  • Кез-келген геометриялық фигураларды сала аламын - 1 балл;

  • Бояу құю құралын пайдалана аламын – 1 балл;

  • Қылқалам мен бүріккішпен сурет сала аламын - 1 балл;

  • Өшіргішпен суреттерді редакциялай аламын - 1 балл;

  • Өшіргіш пен қылқалам өлшемдерін анықтай аламын - 1 балл;

  • Жиыны 9 балл.

Бірін-бірі бағалау парағы
Бағалау парағындағы бағаларына қарай қорытынды бағалау

Берілген критерийлер бойынша баллдарын есептеп, оны

«5 баллдық» жүйеге ауыстырып бірін-бірі бағалайды

1-3 балл – «2»

4-5 балл – «3»

6-7 балл – «4»

8-9 балл – «5»




Рефлексия

Оқушыларға кері байланыс жасау үшін түрлі-түсті стикерлер таратады.

Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын көңіл күй дидарына іледі.

Үйге тапсырма.

§15. Графикалық редактордың сурет салу құралдары

  1. Үйдің суретін салу алгоритмі

  2. Жасыл шекарасы бар жәнеқ ызыл түспен боялған бесбұрышты салу алгоритмі

Дарынды оқушылар: Редактор мүмкіндіктерін қолдана отырып, симметриялы суреттер салып келу (ою, көбелек т.б.)

Бекітемін: Келісемін:

Мектеп директоры: А. З. Косдаулетова Оқу ісінің меңгерушісі Н. Т. Есендиярова


Сыныбы: 5

Күні: Пәні: Информатика Пән мұғалімі: Сапашева Е.

Сабақтың тақырыбы:

Сурет бөліктерімен жұмыс істеу

Сілтеме

Оқулық Информатика 5-сынып Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов Астана: «Арман-ПВ» 2014 жыл

Мақсаты:

  • Редакторда үзінділермен жүргізілетін әрекеттерді: көшіру және жылжыту, көбейту, жою, бұру, аудару, созу, еңкейту дағдыларын меңгерту.

  • Бұрынғы білімдерін пайдалана отырып, жаңа білімдерін дамыту. Сабақ барысында бір-бірімен достық қарым-қатынасқа үйрету, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

  • Алған білімдерін өмірде қолдана білуге, сенімділікке, ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу;

Күтілетін нәтиже:

  • Сурет үзінділерін көшіре және жылжыта алады;

  • Симметриялы фигураларды құра алады;

  • Суретке мәтін енгізе алады;

  • Суреттің бейнелену масштабын өзгерте алады;

  • Әр түрлі әдіспен сурет сала біледі;

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ, парктикалық

Негізгі дереккөздер:

Оқулық, интерактивті тақта, компьютер, плакат, интернет материалдары, бейнеролик, көңіл күй дидары, топ ережесі, бағалау дискрипторлары мен бағалау парағы

Әдіс –тәсілдер:

Диалог, топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, «Бес жол өлең», тірек сөздер, практикалық тапсырмалар, ББҮ түртіп алу стратегиясы, талдау, қорыту, формативті бағалау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

- Оқушылармен сәлемдесу;

- Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;

- Жағымды психологиялық ахуал туғызу; «Сәлемдесу» ойыны:  қимылды тез жасау керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мұғалімнің айтуы бойынша амандасу. Әр адаммен әртүрлі амандасу. Мыс., көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… арқамен.

- Оқушыларды топқа бөлу (түрлі түсті шеңберлерді таңдау арқылы), топ ережесін басшылыққа алу;



ІІ. Ой қозғау


Үйге берілген алгоритм құру есептерін тексеру, талқылау

  1. Үйдің суретін салу алгоритмі

  2. Жасыл шекарасы бар және қызыл түспен боялған бесбұрышты салу алгоритмі

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

ІІІ. Қызығушылықты ояту

  • Оқушылардың көңілін жаңа сабаққа аудару үшін дарынды оқушылардың үйден салып келген симметриялы суреттерін экран арқылы көрсетіп, «симметирялы суреттерді салуда қандай әдістерді пайдаланған тиімді болар еді?» деп ой қозғату.

  • Біз редактордың қандай құралдарын пайдаланған жоқпыз?

  • «ББҮ» түртіп алу стратегиясын қолдану

Оқушылар топта талқылайды, өз ой-пікірлерін айтады, бір-бірінің пікірін толықтырады


ІV. Мағынаны тану

  • Жаңа сабақ бойынша қысқаша түсіндіру, сурет бөліктерімен жасалатын әрекеттерді көрсетіп өту

  • Редакторды терезесін интерактивті тақтада көрсетіп, топтарға тапсырмалар беру

  • 1-топқа: «Сурет бөлігін ерекшелеу »

  • 2-топқа: «Ерекшеленген фрагменттерге амалдар қолдану» туралы

  • 3-топқа: «Мәтімен жұмыс істеу»

  • «ББҮ» түртіп алу стратегиясын қолдану

  • Оқушылар бүгінгі күнді және тақырыпты дәптерлеріне жазып қояды.

  • Оқушылар берілген тапсырма бойынша топта талқылайды, пікірлеседі, ойларын постерге түсіреді

  • Постерлерін қорғайды, пікір алмасады, топтар бірін-бірі толықтырады.

  • Оқушылар дәптерлерінде ББҮ бойынша кестенің «Білдім» деген бағанын толтырады




«Бес жол өлең» стратегиясы

Сурет, мәтін, үзінді сөздері беріледі

Оқушылар берілген сөздер бойынша бес жол өлең жазып айтады




Компьютерде практикалық тапсырмалар

№ 1 тапсырма 
Сурет бөліктерімен орындалатын әрекеттер бойынша «Аквариум» тақырыбында бірнеше және әр түрлі балықтардың суретін кескіндеп сал
№ 2 тапсырма 
Сурет бөліктерімен орындалатын әрекеттер бойынша «Аққалалар» тақырыбында бірнеше аққаланың суретін кескіндеп сал

№ 3 тапсырма 
Сурет бөліктерімен орындалатын әрекеттер бойынша «Жаңа Жыл шыршасы» тақырыбында шырша суретін кескіндеп, жаңа жылдық ойыншықтармен безендіріп сал

№ 4 тапсырма 
Сурет бөліктерімен орындалатын әрекеттер бойынша «Көбелектер» тақырыбында бірнеше көбелектің суретін кескіндеп сал

Оқушылар өздеріне ұнаған 2-3 тапсырмадан компьютерде салып, орындайды

Сергіту сәті.

«Қарлығаш» бейнеролигі

Оқушылар бейнероликті қарап тұрып, қимылдарды қайталайды

V. Ойтолғаныс

Тірек сөздер

Ерекшелеу, мөлшер, көшіру, Shift, алмасу буфері, мәтін, , курсив


  • Оқушылар жұпта, топта талқылайды

  • Оқушылар сөздердің берілген реттілігі бойынша тақырып бойынша ой қорытып, мәтін жазады

  • Бірін-бірі толықтырады

VІ. «Бағалау»


Мына критерийлер арқылы бағалау ұсынылады.

- Сурет үзіндісінің мөлшерін өзгерте алады – 1 балл;



  • Сурет үзінділерін көшіре және жылжыта алады – 1 балл;

  • Симметриялы фигураларды құра алады – 1 балл;

  • Суретке мәтін енгізе алады – 1 балл;

  • Суреттегі мәтінді баптай алады – 1 балл;

  • Әр түрлі әдіспен сурет сала біледі – 1 балл;

  • Жиыны 6 балл.

Топ басшысының бағалау парағы. Бағалау парағындағы бағаларына қарай қорытынды бағалау

Берілген критерийлер бойынша баллдарын есептеп, оны

«5 баллдық» жүйеге ауыстырып топ басшысы бағалайды

1-3 балл – «2»

4 балл – «3»

5 балл – «4»

6 балл – «5»




Рефлексия

Оқушыларға кері байланыс жасау үшін түрлі-түсті стикерлер таратады.

Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын көңіл күй дидарына іледі.

Үйге тапсырма.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет