Сабақтың тақырыбы: Тұсаукесер туралы жалпы мәліметтер Сілтеме


§17. Суретті баспаға дайындау. Суретті басу



бет43/43
Дата12.10.2020
өлшемі2,4 Mb.
#68400
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43

§17. Суретті баспаға дайындау. Суретті басу

Тарау бойынша өткенді қайталау







Сыныбы: 6

Күні: Пәні: Информатика Пән мұғалімі: Сапашева Елена

Сабақтың тақырыбы:

Ақпаратты сығу. Мұрағаттау программалары

Сілтеме

Оқулық Информатика 6-сынып Е.А.Вьюшкова, Н.В.Прараскун, Б.Қ.Әбенов Астана «Арман-ПВ» 2014 жыл


Мақсаты:

  • Ақпаратты сығу ұғымымен танысады

  • мұрағаттауды құру мен оның маңыздылығы жөнінде түсінеді

Күтілетін нәтиже:

  • Ақпаратты сығу ұығымымен танысады;

  • Мұрағаттауды құруды үйренеді;

  • Мұрағаттаудың маңыздылығын түсінеді;

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

Негізгі дереккөздер:

Оқулық, компьютер, плакаттар, постерлер, слайдтар, стикерлер, кесте., топ ережесі, бағалау дискрипторлары мен бағалау парағы

Әдіс –тәсілдер:

Топтық және жеке жұмыс, топтастыру әдісі, АКТ, деңгейлік тапсырмалар, ББҮ әдісі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру (2 мин)

- Оқушылармен сәлемдесу;

- Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;

- Оқушыларды топқа бөлу (мақал-мәтелді құрастыру арқылы), топ мүшелерін сайлау, топ ережесін басшылыққа алу;


ІІ. Ой қозғау. (3 мин) (СТО стратегиясы, АКТ)

Венн диаграммасын оқиды, талқылайды


Кезеңдер.

Берілетін уақыт (40 мин)

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті


ІІІ. Қызығушылықты ояту

Электрондық пошта арқылы файлдарды жіберу кезінде орынды үнемдеу қажет болады. Файлымызды бүлдірмей қалай орынды үнемдеуге болады деп ойлайсыңдар?



Оқушылар өз ой-пікірлерін ортаға салады


ІV. Мағынаны тану


Оқушыларға талқылауға мәтін бөліктері беріледі.

1-топ. Файлдарды мұрағаттау қажеттілігі

2-топ. Мұрағаттаушы программалардың мүмкіндіктері

3-топ. Мұрағаттау тәсілдері


ББҮ стратегиясы

  • Оқушылар бүгінгі күнді және тақырыпты дәптерлеріне жазып қояды.

  • Өздеріне берілген тақырыптар бойынша ойларын жазып постер қорғайды

  • Бірін-бірі тыңдап, толықтырды

Оқушылар дәптерлерінде ББҮ бойынша кестенің «Білдім» бөлігін толтырды

Түртіп алу стратегиясы. Мұрағаттаушылардың бәрі мұрағаттаудың негізгі функцияларын орындайды:

  1. жаңа мұрағат  жасау;

  2. мұрағаттан файлдарды шығару;

  3. бар мұрағатқа файлдарды қосу;

  4. өзі шешілетін мұрағат жасау;

  5. көптомды мұрағат жасау;

  6. зақымдалған мұрағатты толық немесе жартылай қалпына келтіру;

  7. мұрағатты бөгде адамдардың қарауынан және өзгертуінен қорғау.




Компьтерде тәжірибелік жұмыс

А деңгейі

  1. Өз компьютерлеріңде орнатылған программа-мұрағатауышты іске қосыңдар

  2. Өздеріңнің бумаларыңның мазмұнын үнсіз келісім бойынша тағайындалған параметрлермен мұрағатқа орналастырыңдар

  3. Деректерді мұрағаттан қайта қалпына келтіріңдер

В деңгейі

  1. Жұмыс үстелінде Эксперимент бумасын құрыңдар және оған .txt, .wav, .bmp, .jpg, .mp3 пішімдерінде құрылған бір-бір файлдан көшіріңдер

  2. Файлдардың әрқасысын үнсіз келісім бойынша тағайындалған параметрлермен мұрағатқа орналастырыңдар

  3. Сығу дәрежесін өзгертіңдер және әрбір файлдың мұрағатын қайта құрыңдар.

  4. Нәтижелерін мына кестеге енгізіңдер




Файлдың бастапқы мөлшері

Мұрағаттың RAR пішіміндегі мөлшері

Сығу әдісі




Қарапа-йым

Ең үлкен

.txt,










.wav










.bmp










.jpg,










.mp3











С деңгейі

  1. В деңгейінің тапсырмаларын орындаңдар

  2. Мұрағаттың пішімін өзгертіңдер. Өздігінен ажыратып алынатын мұрағаттар құрыңдар және кестені мәліметтермен толтырыңдар




Файлдың бастапқы мөлшері

Мұрағаттың RAR пішіміндегі мөлшері

SFX-мұрағаты-ның мөлшері

Сығу әдісі




Қарапайым

Ең үлкен




.txt,













.wav













.bmp













.jpg,













.mp3
















Дәптерлеріне жазып алады


V. Сергіту сәті

Сергіту сәті «Жағдайлы волейбол» ойыны

Мұғалім әділдік пен әділетсіздікті көрсететін жағдайларды айтады, сол арада дұрыс жауапқа бала допты қағып алады, бұрыс жауапқа қағып алмайды.





«Бес жолды өлең» стратегиясы

  1. Мұрағат

  2. Сығу

Тақырып бойынша «Бес жолды өлең» тапсырмасын орындайды

VІ. Ойтолғаныс

«Файлдарды мұрағаттаудың жиі қажеттілігі барма?»

Шағын эссе жазу


Оқушылар ойын мысалдар арқылы дәлелдей отырып, эссе жазады

«Бағалау» практикасы. (2мин)

Критерийлер бойынша формативті бағалау

  • Мұрағаттау ұғымын біледі;

  • Мұрағаттаудың қаншалықты қажеттілігін түсінеді;

  • Мұрағаттауды құра алады;

  • Мұрағаттаудың әдіс-тәсілдерін біледі

Топтағы оқушылар бірін-бірі бағалайды

2 балл – «3»

3 балл – «4»

4 балл – «5»



Рефлексия (1мин)

Оқушыларға кері байланыс жасау үшін түрлі-түсті стикерлер таратады.

Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын көңіл күй дидарына іледі.

Үйге тапсырма.

§2. Ақпаратты сығу. Мұрағаттау программалары

Венн диаграммасы



Микроб және компьютерлік вирус бойынша венн диаграммасын толтырады



Сыныбы: 6

Күні: Пәні: Информатика Пән мұғалімі: Сапашева Елена

Сабақтың тақырыбы:

Ақпараттың қасиеттері

Сілтеме

Оқулық Информатика 6-сынып Е.А.Вьюшкова, Н.В.Прараскун, Б.Қ.Әбенов Астана «Арман-ПВ» 2014 жыл


Мақсаты:

  • Ақпараттың әр түрлі қасиеттері туралы білім алады.

  • Ақпарат қасиеттерінің ерекшеліктерін түсінеді

  • Ақпарат қаситеттерінің уақытқа, жағдайға байланысты өзгеріске ұшырау себептерін түсінеді

Күтілетін нәтиже:

  • Ақпарат қасиеттері туралы түсініктері кеңейеді;

  • Ақпарат қасиеттерін ажырата біледі;

  • Ақпараттың өскеріске ұшырау себептерін айқындай алады

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

Негізгі дереккөздер:

Оқулық, компьютер, интернет материалдары, постерлер, слайдтар, стикерлер,таратпа материалдар, топ ережесі, бағалау дискрипторлары мен бағалау парағы

Әдіс –тәсілдер:

Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, АКТ, «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі, ББҮ әдісі, семантикалық карта

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру (2 мин)

- Оқушылармен сәлемдесу;

- Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;

- Оқушыларды топқа бөлу (туған күндері бойынша), топ мүшелерін сайлау, топ ережесін басшылыққа алу;


ІІ. Ой қозғау. (3 мин) (СТО стратегиясы, АКТ)

  1. Тірі табиғаттағы ақпараттық үдерістер

  2. Адам өміріндегі ақпараттық үдерістер

  3. Техника жұмысындағы ақпараттық үдерістерді түсіндіре отырып, мысал келтіріңдер




Кезеңдер.

Берілетін уақыт (40 мин)

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

ІІІ. Қызығушылықты ояту

Мысалдар беріледі. Сол мысалдарды оқи отырып, ақпараттың қандай екені туралы ойларын білдіреді.

«Ертең барамыз»

«Бүгін мерекеге арналған концерт болады»

«Таңертең міндетті түрде тісті тазалау керек»

«Үшбұрыштың гипотенузасы оның катеттерінің квадраттарының қосындысына тең»


Берілген мысалдар бойынша ақпараттық толыберілуі, өздеріне пайдалылығы, маңыздылығы жөнінде пікірлерін айтады, ұқсас мысалдар келтіреді.

ІV. Мағынаны тану


Оқушыларға талқылауға мәтін бөліктері беріледі.

1-топ.Ақпараттың құндылық, толықтық, шындық қасиеттері

2-топ.Ақпараттың дұрыстық, дәлдік, өзектілік қасиеттері

3-топ.Ақпарат қасиеттерінің себептерге байланысты өзгеріске ұшырауы

ББҮ стратегиясы


  • Оқушылар бүгінгі күнді және тақырыпты дәптерлеріне жазып қояды.

  • Плакатқа өз ойларын топтастырып, постер қорғайды.

  • Бір-бірінің пікірін тыңдап, толықтырады

  • Жаңа сабақбойынша түсінеді.

Оқушылар дәптерлерінде ББҮ бойынша кестенің «Білдім» бөлігін толтырды

  1. Сен үшiн маңызды ақпарат болып табылатын хабарламаны ерекшелеп белгiле.

Ертең бақылау жұмысы болады. Маңызды.

5 х 5 = 25 Маңызды.

Қазiр теледидардан мультфильм көрсетiледi. Маңызды емес.

Бүгiн дене шынықтыру сабағы болады. Маңызды.



  1. Бұл ақпарат кiмдер үшiн маңызды болып табылады?

Ертең 7 баллдық дауыл тұрады.

Теңiзшi

+

Оқушы




Балықшы

+

Аспаз




Анам мен әкем театрға барады

Ана

+

Бала




Әке

+

Әже




Ата




  1. Ақпарат қаситтерін түсіндіретін мысалдар келтіріңдер


Шындық










Толықтық










Дұрыстық










Дәлдік










Өзектілік










Құндылық












Оқушылар берілген тапсырмаларды жеке және жұптасып орындайды

V. Сергіту сәті

Қол саусақтарына арналған жаттығулар

  • Алақанды уқалау.

  • Қолды қысу

  • Білезіктен айналдыру

Көзге арналған жаттығулар.

  • Көзді бірнеше рет жыпылықтату.

Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай 3-4 рет айналым жаса

VІ. Ойтолғаныс

Қандай жағдайларда қысқаша ақпарат қажет?


Өз ойларын ортаға салады

«Бағалау» практикасы. (2мин)

Критерийлер бойынша формативті бағалау

  • Ақпарат қасиеттеріне анықтама бере алады

  • Ақпарат қасиеттерін ажырата алады

  • Ақпарат қасиеттеріне мысал келтіре алады




Топ басшысы дискрипторлар бойынша баллдарын есептеп, оны

«5 баллдық» жүйеге ауыстырып топ мүшелерін бағалайды.

1 балл – «3»

2 балл – «4»



3 балл – «5»

Рефлексия (1мин)

Оқушыларға кері байланыс жасау үшін түрлі-түсті стикерлер таратады.

Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын көңіл күй дидарына іледі.

Үйге тапсырма.

§3. Ақпарат қасиеттері. Ақпарат қасиеттерінің себептерге байланысты өзгеріске ұшырауына байланысты мысалдар құрастыру

Берілген тақырып бойынша мысалдар жазып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет