Сабақтың тақырыбы: "Туған жер" Мақсаты: а білімділік: оқушыларға туған жер туралы мәлімет беру, білімін тереңдету



бет1/5
Дата08.01.2017
өлшемі1,01 Mb.
#6470
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Пән: музыка Сынып: 5 Күні: 12.05.2014ж.
Сабақтың тақырыбы: “Туған жер”
Мақсаты: а) білімділік:оқушыларға туған жер туралы мәлімет беру, білімін тереңдету.
ә) дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамытып, музыкалық аспаптарда ойнай білу қабілеттерін дамыту және туған жер әнін домбырамен сүймелдеп орындату.
б) тәрбиелік: ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру және туған елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсету, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: музыкалық аспаптар, бейне көрініс, слайд.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:-амандасу, түгендеу -1 мин.

2.Жаңа сабақ: “Туған жер”- 35 мин

3.Жаңа сабақ материалын меңгерту

1)Бейне көрініс “Менің Қазақстаным”- 1,5мин

және презентация «Қазақстан»-2,5

2) Мейрамбек Беспай: Туған жер” әнін тыңдау-3мин

3) Қазақтың музыкалық аспабы домбыра мен күйшілермен танысу-5 мин.

4) Ойын: Жұмбақ шешу,қай өлеңнің үзіндісі екенін табу, сөзжұмбақты шешу-8 мин.

5) “Туған жер”-әнін плюспен «Жігіттер квартетінің»орындауында -4 мин. және минуспен оқушылар айтады-4 мин.

Бәкір Тәжібаев жайлы әңгімелеу –1 мин.



6) “Туған жер”- домбырамен орындау-6 мин.

4. Қорытынды-8 мин.

5. Бағалау-1 мин.

Үй жұмысы- «Туған жер» туралы тақпақ немесе шағын эссе жазып келу.
1.«Менің Қазақстаным»-бейне көрініс тамашалау және презентация «Қазақстан»

2. Мейрамбек Беспай- «Туған жер әнін тыңдау»

3.Қазақ халқының музыкалық аспабы –домбыра
Домбыра жүрегіммен үндес едің,

Өзіңмен сырласымдай тілдесемін.

Бабамнан қалған мұра сен болмасаң,

Өнердің не екенін де білмес едім.

(Мұқағали Мақатаев)



Домбыра құрылысы.

Домбыра 3 бөліктен тұрады. Бас бөлігі, мойыны, шанақ. Басында құлақтары, шайтан тиегі орналасады. Мойын бөлігінде пернелер, шанақта тиек, ойық, ілгек орналасады. Домбыра- әрбір құрылымдық элементтерінің қызметін жалпы физикалық күрделі заңдармен түсіндірілетін ұлттық акустикалық –аспап.
Қазақ халқының атақты күйшілері:

Құрманғазы, Даулеткерей, Дина Нұрпейісова





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет