Сабақтың тақырыбы: Туған жерін ән еткен Е. Хасанғалиев



Дата26.06.2018
өлшемі22,63 Kb.
#44288
Сабақтың тақырыбы: Туған жерін ән еткен Е.Хасанғалиев

Сабақтың мақсаты:Ескендір Хасанғалиев ағамыздың музыка саласына сіңірген еңбегі жайлы мағлұмат беру. Өмір жолдарына шолу жасап өнерін зерттеу.

Білімділік: Оқушылардың пәнге, тақырыпқа деген, қызығушылығын арттыру. Ескендір ағамыздың әндері арқылы оқушылардың білімдерін көтеру.
Дамытушылық: Топтық ойлау әрекетін қолдану. Алған теориялық білімдерін ойындар арқылы жинақтап ой - өрістері мен рухани мәдениетін эстетикалық талғамдарын анықтай отырып оқушылардың танымдық қабілетін арттыру. Балалардың музыканы тыңдау арқылы ырғақты сезінуі және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды музыканың өмірмен байланыстылығын түсіндіре отырып композиторлардың әндері мен музыкасы арқылы өз халқының әндеріне туған елі мен жеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Оқыту технологиясы: Ақпараттық технология, сын тұрғысынан ойлау


Сабақтың типі: Жаңабілімдімеңгерту.
Сабақтыңтүрі: Кіріктірілген сабақ, топтық ойлау, ойын сабақ.
Сабақтыңәдісі:сұрақ-жауап,музыка тыңдау,ой-толғау, автор орындығы.
Көрнекіліктер:интерактивті тақта, жасырын әуендер, слайд көрсетілімдері т. б.
Пәнаралық байланыс:әдебиет, тарих.
Сабақтыңжоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесіп, оларды түгендеу. Оқушыларды 3 топқа бөлу. 1 - топ «Дарындылар», 2 - топ «Тапқырлар», 3 - топ «Білімділер».

Топ басшыларын сайлау.


Шаттық шеңберіне тұрады. Бір – бірлеріне тілек айтады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Мұғалім: Енді өткен сабағымызды еске түсіру үшін экрандағы жұлдыздардың сұрағына назар аударып, жауап берейік.
(Экраннан сурет көрсетіледі) Бұл суреттегі кім?
1 жұлдызша ұяшық (Роза Рымбаева) Роза Бағланова кім?
2 жұлдызша ұяшық (ҚайратНұртас) Роза Бағланова қай жылы дүниеге келді?
3 жұлдызша ұяшық (МақпалЖүнісова) Роза Бағланова қай халықтың әндерін орындады?
4 жұлдызша ұяшық (Мейрамбек Беспаев) Роза Бағланова халық қаhарманы атағын қай жылы алды?
5 жұлдызша ұяшық (Алтынай Жорабаева) Роза Бағланова соғыс кезінде қандай әндерді орындады?
6 жұлдызша ұяшық (Серік Ибрагимов) Роза Бағланова қанша жасында дүниеден озды?
7 жұлдызша ұяшық (МадинаСадуақасова) Лауреат атағын қай жылдары алды?
8 жұлдызша ұяшық (Еркін Нұржанов) Шәмші Қалдаяқов кім? Қандай әндерін білесіңдер?

9 жұлдызша ұяшық (Жанар Дұғалова) Шәмші Қалдаяқовтың «Ақмаңдайлым» әні дүниеге қалай келді?

10 жұлдызша ұяшық (Маржан Арапбаева)Шәмші Қалдаяқовтың қандай атақ – даңқы бар?
Жаңа сабақты түсіндіру.Әндер тыңдату. «Атамекен», «Әдемі - ау», «Келші,келші балашым» (Үзінділер ) Осы әндердің авторы кім екенін білемісіңдер?

ЕскендірХасанғалиев. Бүгінгі біздің сабағымыз осы композиторға арналады.(Суретін көрсету)

Мұғалім: Сендерге берілетін тапсырма.1 топқа:ЕскендірХасанғалиев өмірбаяны,
2 топқа:Әнінің шығу тарихы,3 топқа:Ескендір Хасанғалиевтің әндері.

1 топқа:Ескендір Хасанғалиев 1940 жылы 13 ақпанда Батыс Қазақстан облысында туған,әнші (лирикaлық бaритон), композитор.Бала шағынан домбыра тартып, ән салған. 1959 жылы  Қаратөбе орта мектебін бітірген соң клуб меңгерушісі, мектеп тәрбиешісі болған. Құрмaнғaзы aтындaғы Aлмaты мемлекеттiк консервaториясының вокaльды-хорлық фaкультетiн Е. Виногрaдов пен Н. Шaриповaның клaсы бойыншa курсты,1978 жылы Әль-Фaрaби aтындaғы Шымкент мәдениет институтын бiтiрдi.

1963 жылы Қазақ радиосының музыкалық  редакторы, 1964-1970 жылдары Қазақ қыздар институтының оқытушысы, 1970 жылдан Қазақ радио-телехабарлар комитетінің жеке әншісі.
1984жылыҚaзaқстaн Республикaсының хaлық aртисi. Е. Хaсaнғaлиевтiң орындaу мәнерi жоғaрғы кәсiби деңгеймен ерекшеленедi. Ол Қaзaқстaнның белгiлi эстрaдaлық әншiлерi орындaйтын көпшiлiкке жaқсы тaнымaл әндердiң aвторы. «Құрмет» орденiмен мaрaпaттaлғaн (2000).

Музыка тыңдау.Е.Хасанғалиевтің орындауында «Атамекен» әні

Өмірге келген әрбір әннің тарихы бар. Сұлу ән бар сезімді бойлап, жүректің түкпірінен шығып жүрекке жететіні сөзсіз.
Әннің де естісі бар есері бар.
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді
Тыңдағанда көңілдің өсері бар...
- деп ұлы Абай жырлағандай есті ән елдің жадында мәңгі сақталып, көкірегіне нұр болып құйылады.
Осындай ел-халықтың ыстық ықыласына бөленген қазіргі заман композиторлары Ш.Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным», Н.Тілендиевтің «Өз елім», «Сары жайлау», К.Дүйсекеевтің «Сәлем саған туған ел», С.Бәйтерековтың «Сары арқа», Ж.Тұяқбаевтың «Атамекен» сынды көптеген әндерін мақтанышпен айта аламыз. Туған жерге деген қайталанбас туындыны дүниеге келтірген танымал әнші-композитор Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әні де тыңдаушысының көңілінен шығып, жүрегінен орын тапты. Олай болса, халықтың ән ұранындай болған «Атамекен» әнінің қысқаша шығу тарихына құлақ түрелік.
2 топқа:Әнініңшығутарихы«Атамекен» әні дархан даланы жалпағынан басып, қалың елдің бауырында өскен нағыз қазақтың баласының жүрегінен шыққан жарқын да жасампаз туынды.
1970 жылы Қазақ ССР-інің құрылғанына 50 жыл толады. Осы мерекені тойлауға үкімет басшыларының қатысуымен өтетін арнайы салтанатты концерт дайындалады. Бұл концертте туған ел, жер туралы патриоттық жаңа ән шырқалуы керек болатын. Ескендір Хасанғалиевтің де аты халыққа танылып қалған уақыты еді. Әнші әрі композиторға туған ел мен жердің рухын асқақтатар ән жазуы жайлы ел басшыларынан ұсыныс түседі. Композитор үшін бұл үлкен жауапкершілік болатын. Ел алдындағы борышым деп қабылдаған Ескендір Хасанғалиев тез арада ән жазуға кіріседі. Әннің әуені дайын болғанда композитор белгілі ақын Қадыр Мырзалиевке сөзін жазуға қолқа салады. Әннің әуенін тыңдаған ақын оның буынына лайық сөзін жазып шығады. Сөйтіп, қазақтың екі өнер майталмандарының пікірі тоғысып, халықтың жүрегінен жол тапқан мәңгі өшпес туынды дүниеге келеді.Республика сарайында үкімет басшылары қатысқан Қазақ ССР-інің құрылғанына 50 жыл толуына орай үлкен мерекелік концерт өтіп жатты. «Атамекен» әнін айтудың да кезегі келеді. Бұл әнімді алғаш рет Нұрғали Нүсүпжановпен бірге симфониялық оркестірдің сүйемелдеуімен орындадық. Әнді орындап тұрып тыңдаушының жүрегін тербеп, көздеріне жас үйірілгенін сезгендей болдық. Әсіресе,
Қайда жүрсең, Атамекен
Көкейіңде жатады екен
Күннің өзі ұясына
Қимай оны батады екен, -деп әннің соңғы сөздері айтылып жатқанда халық ду көтеріліп орындарынан тұрып кетті. Ұзақ уақыт халықтың қол шапалағы тоқтамай тұрып алды», - дейді.

Иә, белгілі әнші-композитор, өнер майталманы Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әні әрбір қазақ баласының жігерін қайрап, туған елі мен жеріне деген махаббатын арттыра түскендей. Қазақ даласын шарлап шырқалған бұл ән халықтың жүрегінің түкпірінен орын алып мәңгі жасай бермек!

3 топқа:ЕскендірХасанғалиевтіңәндері.Е.Хасанғалиевтің орындау мәнері жоғарғы кәсіби деңгеймен ерекшеленеді. Ол Қазақстанның белгілі эстрадалық әншілері орындайтын көпшілікке жақсы танымал әндердің авторы. 1961 жылы алғашқы әні – «Анаға сәлем» әні арқылы елге танылды. Хасанғалиевтің «Әдемі», «Ауылым-әнім» «Асыл арман», «Өмірімнің жазы», «Атамекен» әндерін тек Қазақстан тыңдармандары емес, шетелдерде де ықыласпен қабылдайды. Шығармашылығына тақырыптың әмбебаптылығы мен материалды берудің көп салалығы тән. Xасанғалиев әндерінің тақырыбы сан алуан. Ол қазақ, орыс, татар, неміс ақындарының туған ел, еңбек, жастық шақ, махаббат тақырыбындағы өлеңдеріне көптеген ән жазды. Оның бірнеше ән жинағы жарық көрді.

Хасанғалиев гастрольдік сапармен Моңғолия (1975), Болгария (1982), Югославия (1968), Алжир (1969), Сирия мен Ливан (1973), Швеция және Финляндия (1970), т.б. елдерде болды.

Соныменқатар «Тақыр», «Нан мен тұз» фильмдеріне, «Студенттер» спектакліне музыка жазды.
1968 жылы Сочиде өткен халықаралық жастар әні фестивалының дипломанты атанды.
1970 жылы Қазақстан Комсомол сыйлығының иегері. 1984 жылы Қазақстан Республикасының халық артисі. 2000 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.Бүгінгі таңда Орал қаласында Ескендір Хасанғалиевтің«Атамекен» атты халық аралық ән сайысы өткізіліп келеді.

Хормен: «Атамекен»әні оқушылардың орындауында айтылады.

«2011 жылғыVII қысқы Азиада ойындарының ресми әнұраны болып Өтеген Оралбаевтың сөзіне жазылған Ескендір Хасанғалиевтің «Азиада алауы» әні таңдалды.
Елімізде өтетін қысқы спорт түрлерінің құрлықтық бәсекесі қарсаңында Азиада әнұранына байқау жарияланған болатын. Әнұранға қойылған басты талап — қазақ халқының рухын көтеретін, спортшыларымыздың ұлттық намысын жанитын, ұлттық колориті басым туынды болуы қажет еді.

Байқау қорытындысында белгілі қазақ композиторы әрі әншісі Ескендір Хасанғалиевтің «Азиада алауы» атты әні үздік деп танылды.

Байқауғабарлығы 105 ән қатысқан. Олардың ішінде 49 ән қазақ тілінде, 45 ән орыс және қазақ тілдерінде, 11 ән аралас, яғни қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жазылған. Осы әндердің арасынан 10 композиция іріктеліп, оның ішінде Ескендір Хасанғалиевтің әні Азиада әнұранына айналды. Е.Хасанғалиев Азиаданың әнұранының авторы аталуымен қатар, 1 миллион теңге жүлдені жеңіп алды.

Ескендір Хасанғалиев 1 миллион теңге ақшадан бұрын, әнінің дүбірлі доданың әнұранына айналғанын мақтан етеді. Композитордың айтуынша, бұл композиция бойынша 2-3 ай уақыты кеткен. Әнге ұлы Біржан Хасанғалиев продюсерлік етіп, көмек көрсеткен. Бұл әнді баласы Біржан, опера әншісі Жұпар Ғабдулина, Абай Әбішев секілді жас әншілермен бірге орындайды.

Музыка тыңдау: «Азиада алауы» Е.Хасанғалиевтің орындауында

Мұғалім: Ендігі тапсырма әр топтан бір оқушы келесі топқа осы тақырыпқа сәйкес бір – бір сұрақ қояды. (үш сұрақ қойылады)


Мұғалім:Тапсырма: Бүгінгі сабақтан түйген ойларың жайлы дәптерлеріңе эссе жазу.
Автор орындығы қойылады. Соған отырып жазғандарын оқиды.
ІV. Жаңа сабақты бекіту.
Мұғалім: Мен сендерге бүгінгі өткен жаңа сабағымыз бойынша сөйлем бастаймын сендер сол сөйлемді аяқтайсыңдар.
1. Ескендір Хасанғалиев атақты...........(композитор, әнші)
2. Композитор ол......... (әннің музыкасын жазатын адам)
3. Композитордың атақты әні............. (Атамекен)
4. «Ауылым - әнім» әнін............................ (Е. Хасанғалиев жазған)
5. «Әдемі - ау» әнін ----------- (Роза Бағланова апамыз орындайды)
6. Е. Хасанғалиевтің «Азияда алауы» әні................(2011 жылы орындалды)
Қорытындылау:
- Е. Хасанғалиев кім болды?
- Оның қандай патриоттық әндері бар екен?
- Біз оның қандай әндерін білеміз?
. Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнідүниеге қалай келді?
Не себепті «Атамекен» әні халықтың көңілінен шықты?

IV. Бағалау.
Топ арасында топ басшылары бағалайды.
V. Үй тапсырмасы.
Е.Хасанғалиев туралы оқу. «Атамекен» әнін жаттап келу;
Каталог: uploads -> doc -> 0379
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0379 -> Аққұдық негізгі мектебі Педагог -психолог Альжанов Ербулат Сабровичтың
0379 -> Сабақтың мақсаты: Қалау райдың жасалу жолдарын үйретіп, оның ерекшелігіне оқушылардың назарын аудару


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет