Қазақ тілінен ашық сабақ 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Туған күн ( ҚР Тәуелсіздігіне 25 жылдығына арналған)
Сабақтың мақсаты: жаңа тақырыппен танысу; ойлау қабілетін арттыратын сұрақтарды пайдалану арқылы ойын дұрыс жеткізуге үйрету,білімдері мен біліктіліктерін толықтыру; туған елге,жерге,тіліне деген сезімін ояту, оларды ұлтын сүюге, туған жердің қадірін білуге, адамгершілік қасиеттерге, ұлттық дәстүрлерді қадірлеуге үйрету.
Көрнекілігі: қазақ елінің Елтаңбасы мен Туы, кәртішкелер,кітаптар, слайдтар, проектор
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Бүгін біздің сабақтың тақырыбы « Туған күн». Бірақ біз бүгін ең ерекше туған күн тойлаймыз.
Стихотворение Агибаева К. ( слайды о Казахстане)
Еңбегің жанса, халқын бар ақтар,
Жемісін берсін мәуелі бақтар.
Көп ұлтты елміз гүлденіп өскен,
Тыныштық тілеп, бірлігін сақтар.
Шарықта,шарла,көкті көк Байрағым,
Арманым,азаттығым көпке айғағым.
Мен сенің салтанатты сағатыңа,
Өлеңмен жыр шумағын арнағанмын.
(шашу)
-Сендер біздің туған жеріміз, еліміз туралы не білесіңдер? (үй тапсырмасын тексеру). Біздің сабақ Қазақстан Тәуелсіздігіне арналады.
1 тапсырма. Сөздік жұмыс. Қазақстан тақырыбына 25 сөз бен сөз тіркестерін жазу.
Мысалы: тәуелсіздік, рәміз, астана, ту, елтаңба, мемлекет,әнұран,бейбітшілік,ана тіл, ұлт, ұлан-байтақ жер, киелі жер,қонақжайлы халық, татұлық,ашық аспан,қазақтың дастарханы,батырлар,елбасы,той,домбыра, биік таулар, бақыт,азаттық.
-Ең бай адам-көп тілді меңгерген адам. Ал, көп тілде еркін сөйлейтін адамды-ғылым тілімен «полиглот» дейміз. Елбасының талабы бойынша, біздің мемлекетімізге көп тілді білетін мамандар керек. Сендердің араларында полиглоттар бар деп ойлаймын.
2-тапсырма. Полиглот. Топтық жұмыс
1. ...қылды қақ жарған. (қара,черный,blak )
2. Атадан жақсы ұл туса,
Есіктегі басын төрге сүйрер.
Атадан ... ұл туса,
Төрдегі басын жерге сүйрер. (жаман,плохой,bad)
3. Ел қонбаса - ... азады,
Жер болмаса – ер азады. (жер,земля,)
4. .... ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. (алтау, шесть,six)
5. . ... тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады. (тіл,язык,language)
6. . ... көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.(досы , друзья,frend)
7. . ... өссе елдің көркі,
Гүл өссе жердің көркі.(қыз,девушка,gerl)
8. . ... таумен кездеспейді,
Адам адаммен кездеседі. (тау,гора)
9. Қына тасқа бітеді,
... басқа бітеді.(білім,знания,)
10. . ... сүйектен өтеді,
Таяқ еттен өтеді. (сөз,слово, )
3-тапсырма .Анаграмманы шеш:
МЫСОД – досым.
ҚЫЛЙЫС – сыйлық.
НАҚРАТСАД – дастарқан.
ТАҒАС –сағат.
ШЕК – кеш.
ҚЫЖҰШ – шұжық.
НҮК НАҒУТ – туған күн.
ҚАМРАБСЕБ – бесбармақ.
ЗЫМЫҚ – қымыз.
4.Екі – екіден әріптер берілген. Тез арада сөз құрап жазу:
ЖЕ – жексенбі.
ТУ – туған күн.
ДО – досым.
СЫ – сыйлық.
СА – сағат.
ДА – дастарқан.
ҚЫ – қымыз.
ШҰ – шұжық.
БЕ – бесбармақ.
5-тапсырма. Кроссворд шешу. Кроссворд шешу арқылы оқушылардың жылдамдылығын, тапқырлығын дамыту.
|
|
|
Қ
|
а
|
з
|
а
|
қ
|
|
|
ш
|
а
|
ң
|
ы
|
р
|
а
|
қ
|
|
Н
|
а
|
з
|
а
|
р
|
б
|
а
|
е
|
в
|
е
|
л
|
т
|
а
|
ң
|
б
|
а
|
|
Т
|
о
|
қ
|
т
|
а
|
р
|
|
|
А
|
с
|
т
|
а
|
н
|
а
|
|
|
|
т
|
ә
|
у
|
е
|
л
|
с
|
і
|
з
|
|
|
|
а
|
қ
|
ы
|
н
|
о
|
т
|
а
|
н
|
Қазақстанда мемлекеттік тіл ... тілі болып табылады
Киіз үйдің төбесі
Еліміздің тұңғыш Президенті
Шаңырақ, қанатты пырақтар бейнеленген рәміздің атауы
ҚР тұңғыш ғарышкерінің аты
Қазақстанның бас қаласы қандай қала?
16 желтоқсан...күні
«Поэт» сөзі қазақша қалай болады?
"Атамекен, туған жер" сөздерінің синонимі
6-тапсырма.
Еліміздің тұңғыш Президенті қай жылы сайланды?/1991ж 1желтоқсанда/
ҚР тұңғыш ғарышкері қай жылы ғарышқа ұшты? /1991ж/
ҚР мемлекеттік рәміздері қай жылы қабылданды?/1992ж 4маусымда/
ҚР ұлттық валютасы қай жылы айналымға енді?/1993ж 15қарашада/
Астана қаласы қай жылы Қазақстанның елордасы болды?/1997ж/
Қазақстанда қай жылы қысқы Азиада ойындары өткізілді?/2011ж/
Қазақстан қандай елдермен шектеседі?
7-тапсырма. Жазылым.
Сан есімдерді сөзбен жазып, көшіріңіздер.
Бәйтеректің биіктігі 97 метр болатын тік тұратын ағаш сияқты монумент. Шардың ішінде 300 тонна су бар. Хантәңірі – Қазақстандағы ең әдемі тау шыңы. Бұл шыңның биіктігі – 6995 метр.
8-тапсырма
Енді, Тәуелсіз Қазақстанымызға тілек тілейік, балалар!
-Ал, енді, балалар, осы тәуелсіз Елімізге ант берейік.
- Біз ант береміз, өз Отанымызды құрметтейміз, сүйеміз, қорғаймыз!
Далада думан, қалада думан жыр бүгін,
Ғасырлар бойы аңсаған, күткен бұл күнім.
Жасай бер, жаса қалдырған бақыт бұлбұлым,
Отаным менің, тәуелсіз Қазақстаным.
9.Рефлексия
10.Оқушыларды бағалау
11.Үй тапсырма: Отан туралы 5 мақал-мәтелдерді дәптеріне жазу
Достарыңызбен бөлісу: |