Сабақтың тақырыбы: туған күн батасы жалпы мақсаты



Дата24.04.2017
өлшемі68,65 Kb.
#14855
түріСабақ
Фазылова Назгуль Жаскеновна

Көкшетау қаласы №11 орта мектеп – гимназия

қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі


Мерзімі:

Қазақ тілі

Пән мұғалімі: Фазылова Н.Ж

6 сынып


Сабақтың тақырыбы:

ТУҒАН КҮН БАТАСЫ

Жалпы мақсаты:

Туған күн батасы туралы мәліметті түсіну,бата мен тілектің айырмашылығын айыра білу,туған күн батасына ерекше мән беру.

Сабақтың түрі:

Жаңа білімді игеру сабағы.

Тапсырма көздері

Жеке жұмыс




Топтық жұмыс

  • Топтық жұмыс (диалог )

  • Постер дайындау;

Постерді қорғау;

Күтілетін нәтиже:

  • Сөздік қоры көбейеді;

  • Топта жұмыс жасай алады;

  • Мәтін құрай алады;

  • Сыни тұрғыдан ойлау арқылы өз ойын жеткізеді;




Керекті жабдықтар:

Кітап ,интерактивті тақта, суреттер,текшелер

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

Уақыт

Психологиялық дайындық

Оқушылармен амандасу,топқа бөлу.

Бата туралы видеороликті көрсету арқылы тақырыптың мағынасын ашу, атын табу. (Ассоциация)



*Оқушылардың көңіл-күйлері көтеріледі.

*Сабаққа деген ынтасы оянады.



2 минут

Тұсаукесер

Негізгі бөлім

Мұғалім бағыт беріп отырады.



1.Өздік жұмысы

Миға шабуыл

Сергіту сәтін орындау.
Өздік жұмыс

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақ мақсатымен таныстыру.

2. Мағынаны тану кезеңі.

Мұғалім:-Балалар бата туралы не білесіңдер? Бата дегеніміз не?

Оқушы: -Бата деген игі тілек,алғыс.

ІІ. Қызығушылығын ояту кезеңі:

-Мәтінді оқып,аудару, жоспар құру. Жоспарды дәптеріне жаздырту.

-Мәтін бойынша топтар бір-бірлеріне сұрақ қою.

Мысал: -Туған күніне кімдер келді? Туған күніне туған-туыс, жолдастары келді.

-Екінші күні кімдер келді? Екінші күні сыныптастар келді.

-Қонақтар не істеді? Қонақтар тілек айтты, сыйлық берді.

-Дастарқаннан тұрарда атасы не берді?

– Атасы бата берді.

Мұғалім: -Жақсы , онда бата дегеніміз не екенін жазып алыңыздар.
Бата –игі тілек, алғыс.Бата оқылғанда екі қолды қосып,алақанды жайып ұстау керек. Қазақ халқында дастарқаннан батасыз тұруға болмайды.


Мұғалім: -Ендеше біз қазір «Әйткеншек» әдісін ойнаймыз.

Үш топқа флип чарт таратылады. Бата деп ортаға жазамыз, қолдың шапалақ соғу белгісіне қарай келесі топқа ауысамыз. Орнымызға келген кезде флипчартты алып, ортаға шығып қорғаймыз.

Мысал:

1 топ 3 топ


Бата

Туған күн

2 топ
Тілек


«Әйткеншек» әдісі біткен соң, грамматикалық тапсырма.

ІІІ. Граммитикалық тапсырма.


  • Бата сөзін септеу. (1 топ)

  • Туған күнім сөзін тәуелдеу. (2 топ)

  • Тілек сөзін септеу.(3топ)

ІҮ. Миға шабуыл жасау кезеңі:

«Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісін қолдану. Әр топтан ішкі шеңберге және сыртқы шеңберге оқушылар шығады.



Сергіту сәтін орындау.



ІҮ Сабақты қорыту кезеңі.

Өзіңді тексер.

- Сонымен оқушылар бүгін қандай тақырып өттік?

- Ендеше интерактивті тақтаға қарап, тест жұмысын орындайық. (ауызша)


1.Амандасу, сабақ мақсатымен танысады.
2. Оқушылар аударады.
3. Өз ойларын білдіреді.
Ауызша жұмыс жасайды.

Оқушылар өз көңіл-күйлерін білдіреді.

Барлығы тиянақты жұмыс жасайды.

Оқушыла орындайды.


Оқушылар жауап береді.



2 минут

10 минут

20 минут

3 минут


Үй тапсырмасы

Күнделіктерісізді ашып, үй тапсырмасын жазып аламыз. 59-60 беттер, 4 тапсырма және деңгейлік тапсырмаларды орындау.


2 минут

Бағалау

Формативті бағалау.

Мұғалімнің бағалау критерийлері арқылы бағалау. Топ басшылары бағалайды.



Мұғалімнің қойған бағасы

2 минут

Кері байланыс


БББ әдісі арқылы алдында жатқан стикерлеріңізге сабақта Білдім, Білім алдым, Білгім келеді деген тапсырмаларға стикерді жабыстыру. Соны жазып беріңіздер! Оқып, тақтаға жазып беріңіздер.


Қағазға жазып, күннің көзі суретіне жабыстырады.

4 минут


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет