Жұптық жұмыс:
1 есеп:
Жеңіл көлік тұрақты жалдамдықпен 4 сағатта 300 км жол жүрді.
Егер 7 сағат жүретін болса қанша км жол жүреді
Егер 750 км жол жүрсе, неше сағат кетеді?
Дескриптор:
- берілген пропорционалдылық тәуелділікті анықтайды;
- пропорцияның негізгі қасиеті бойынша жүрілген жолдың өзгерісін есептейді.
- пропорцияның негізгі қасиеті бойынша уақытты табады;
2-есеп
Агрофирмада егістік алқабын 12 комбайн 8 күнде орып бітіреді деп жоспарлаған.
a) Жұмыс уақытын 2 күнге кеміту үшін дәл сондай қанша комбайн қосу керек?
b) Берілген алқапты 8 комбайн межелеген уақыттан қанша күнге кеш орып бітіреді?
Дескриптор:
- берілген пропорционалдылық тәуелділікті анықтайды;
- пропорцияның негізгі қасиеті бойынша түрлендірулер орындайды;
- комбайн санын есептейді;
- кері пропорционалдық шарты бойынша уақыттың айырмасын есептейді.
Жеке жұмыс: Тест
1. 30 кг алмадан 27 кг алма тосабы шығады. 50 кг алмадан қанша алма тосабын алуға болады?
A) 50 кг B) 40 кг C) ж45 кг D) 48 кг E) 32 кг
2. 90 сиыр 88 күнде жейтін азықты 99 сиыр неше күнде жейді?
A) 96,8 B)100 C) 80 D) 75 E) 64
3. Бес жұмысшы бір жұмысты 12 сағатта бітіреді. Осы жұмысты 10 сағатта бітіру үшін неше жұмысшы қажет болатынын анықтаңыз.
A) 12 B) 10 C) 8 D) 6 E) 5
4. 3 минутта станок 18 бөлшек өндіреді. Станок 10 минутта неше бөлшек өндіреді?
A) 36 B) 40 C) 54 D) 60 E) 72
5. 4 тігінші 15 күнде 20 көйлек тігеді. Өнімділігі осындай 2 тігінші 9 күнде неше көйлек тігеді?
A) 5 B) 6 C) 7 D) 8 E) 10
ҚБ: оқушылар өзін өзі-бағалайды
|