Бөлім
|
|
Педагогтың аты-жөні
|
|
Күні
|
|
Сынып
|
Қатысушылар саны
|
Қатыспағандар саны
|
Сабақтың тақырыбы
|
Көне Тараз тарихи ескерткіштерінің туризмді дамытудағы маңызы
|
Сабақтың мақсаты
|
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»бағдарламалық мақаласының мағынасына талдау жасау арқылы оқушылар бойында мәдени, рухани, ұлттық сана мен мәдениет мұраларын үлгі ету арқылы жеке тұлға қалыптастыру.
|
Бағалау критерииі
|
Аталған курс негізінде оқушылардың ұлттық сана мен ұлттық танымдық көзқарасының қалыптасуына бағыт беру.
|
Сабақтың кезеңі/ уақыты
|
Мұғалімнің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Басы
|
Сабақты ұйымдастыру
Сәлемдесу, түгелдеу, санау арқылы топқа бөлу
Үй тапсырмасын сұрау:«Үш конверт» әдісі арқылы сұрақтар беріледі:
1.Тастөбе қаласы қай ғасырлардағы қала орны?
2. Тастөбе қалашығын кімдер зерттеген?
3.Ескерткіш қанша бөліктен тұрады
|
Оқушы өз жұбын табады
Әдіс арқылы қайталау
Сұрақ жауап орындайды
|
Қол шапалақ
|
Слайд 6-7
Дидактикалық материалдар №1
|
Ортасы
|
Тақырыпқа шығу. Мұғалім жаңа сабақты оқушыларға бастау үшін бейнеролик көрсетеді. Бейнероликті көріп болған соң бұл арқылы не ойлайтындығы сұралады:
Сіз бейнеролик арқылы не байқадыңыз?
Мультфильм кейіпкері қайда барып келді?
Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды. Өз ойларын бөліседі.
Мұғалім оқушыларға сұрақтар қою арқылы, оқу мақсаттарын анықтауға жетелейді
Мәтінмен жұмыс
Туристік маршрут - бағыт қозғалыстарына қарай- тіке бағыттағы, радиалды және шеңберлі бағыттағы жүрудің әдіс амалдарын (жаяу, шаңғымен жүру, су және с.с) қолданып, өту, автобуста отырып, темір жолдармен және т.б. да көлік түрлерімен жүру. Сонымен бірге қай уақытта, жылдың қай мезгілінде, қанша рет осы жерлермен жүріп өтудің түр сипаттарын, топтасып немесе жекешеленіп етуге болатындығын белгілейді. Туристік маршрут жоспарлы түрде (туристік ұйымдардың жолдамаларымен) және ез беттерімен саяхат жасауға болатындығын анықтайды.Туристік маршруттарды жобалауға қойылатын талаптар мен ережелерді білу, оны орындау маңызды, өйткені ол қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігін, сапардың қызықты да мазмұнды болуын қамтамасыз етеді.
Әлемде өте маңызды тарихи мәні бар, әсемдігімен ерекшеленетін ескерткіштер, құрылысы мен тарихымен қызықтыратын ежелгі қалалар аз емес. Олар әр мемлекеттің өзіндік тарихын көрсетіп қана қоймай, сондай-ақ дәстүрін, өмір салтын, мәдениетін әлемге танытуда. Ол ескерткіштер жылдар өте келе табиғат құбылыстарының әсерінен, адам әрекеттерінен, тағы сол сияқты іс-әрекеттердің жиынтығынан құндылығын жоғалтуда. Оларды сақтаумен әр мемлекеттік және UNESCO-ның Бүкіләлемдік мұра бағдарламасы айналысады, олар қайталанбас мәдени және табиғи мұраларды UNESCO-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне қосып, оларды жойылып кетуден сақтап және бүкіл әлемге таныту бағытында иги іс-шаралар атқаруда, қазіргі таңда 160 мемлекеттен 981 объект енгізілген
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қазақстандықтарға 2012 жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» жолдауында: «Қазақстанда туризмнің барлық түрін дамытуға мүмкіндігіміз бар»,- екендігін және елімізде туризмді дамытуға қажетті барлық туристік ресурстарымыз мол мөлшерде екендігін атап көрсетті . Сол себепті, жыл сайын қарқынды дамып келе жатқан туризм саласына жоғарыда аталып отырған ескерткіштер мен ежелгі қалалардың тигізер әсері мол.
Туристік ресурс – туристерге көрсететін табиғи - климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтандыру объектілері және туристік рухани қажеттілігін қанағаттандыра алатын, физикалық күшін қалпына келтіру мен дамытуға әсер ететін басқа да объектілер. Соңғы жылдары көптеген мемлекеттерде туристік ресурстардың ішінен тарихи және әлеуметтік-мәдени ресурстарға жете көңіл бөлінуде, өйткені жер бетінде көптеген ежелгі қалалар табылып, зерттелуде, сондықтанда туристердің жаңа туризм объектілерін немесе тарихи маңызы бар ежелгі қалалар мен қорғандарға саяхат жасауға, тарихымен танысып, зерделеуге және оларға қатысты аңыздарға көп мән беріп, қызығушылықтары артуда. Туризмнің тарихи-мәдени бағытын дамытуда мәдени мұраларды зерттеу, және олар туралы ақпараттық анықтамалықтар дайындап, тарату мәселесі үлкен орын алуда. Саяхаттардың мақсаты мен басты мотивациясы бойынша туризмнің келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады.
Тарихы тереңге кеткен қасиетті Әулиеата өңірінде археологиялық, тарихи, мәдени ескерткіштердің көптігі туристік-өлкетану шараларын дамытуға мол мүмкіндік береді.
Жамбыл облысы Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі ежелден-ақ шартарапқа кетіп жатқан керуен жолдарының тоғысқан жері болған. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Ежелгі Тараздың «саудагерлер қаласы» болып аталуы бекер болмаса керек. Тарихымыздың темір қазығына айналған Ежелгі Тараз қаласы ортағасырлар кезеңінен-ақ ірі сауда мен мәдени орталығына айналған. Бұл өңір тарихымыздың әр түрлі кезеңдерінен сақталған тарихи-мәдени ескеркіштерге бай өлке. Ескерткіштер өңірдің шығысы мен оңтүстік-шығысында Желтау, Айтау тау жоталарынан бастап оңтүстік-батысында Қаратауға дейін, солтүстігінде Сарыарқадан оңтүстікке қарай Талас алатауына дейінгі аралықта кездеседі. Жамбыл облысында 2006 жылға дейін мемлекеттік есепке алынған 1072 ескерткіш болса, оның ішінде 840 археологиялық, 111 тарихи, 107 сәулет және қала құрылыстары, 5 монументальді өнер ескерткіштері бар. 2006-2007 жылдары аралығында Тұран археологиялық экспедициясы (М.Елеуов) Жуалы, Жамбыл, Талас және Сарысу аудандарында жүргізген барлау жұмыстарының нәтижесінде бұрын ғылымға белгісіз болып келген 240 ескерткішті ашып, ғылыми айналымға енгізді. Соның нәтижесінде Жамбыл облысынан ашылып, есепке алынған археологиялық ескерткіштердің саны 1080-ге жетті. Есепке алынған ескерткіштердің қатарында тас ғасырының тұрақтары, қола, ерте темір ғасыры мен ортағасырлық обалар, оба қорымдары, ежелгі және ортағасырлық елді мекендер, қалалар мен бекіністер, төрткүлдер мен қарауыл мұнаралары, жар тастарға салынған суреттер бар. Тас ғасырының тұрақтары Қаратаудың тау алды жазықтарында және далалық жазықтарда кездеседі. Тастан, тас аралас топырақтардан үйілген әр түрлі тарихи кезеңдердің обалары тау шатқалдарында, тау үстінде, тау алды жазықтарында және өзендер мен көлдердің жағаларында орналасқан. Қола, ерте темір және ортағасырлық жартастарға салынған сурет орындарын Желтау, Айтау, Хантаулары мен Қаратау және Талас Алатауының солтүстік беткейіндегі шатқалдардан және тау алды жазықтарындағы қой тастардан кездестіруге болады. Ортағасырлық елді мекендер мен қалалар Талас Алатауының солтүстік беткейімен жүрген Ұлы Жібек жолының бойында және Шу мен Талас өзендерінің аңғарларында орналасқан.
Бүгінгі таңда туризм саласы ең тиімді табыс көзі болып табылатыны, экономикалық негізгі және динамикалық салалардың бірі екені көпшілікке мәлім. Кейбір деректерге қарағанда дүние жүзі бойынша туризмнен түсетін табыс мұнайдан түсетін табыстан кейін екінші орын алады екен. Көптеген елде туризм жалпы ұлттық өнімнің артуына, қоғамды жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етуіне, сыртқы сауда байланысының белсендірілуіне өте үлкен ықпал етеді.Біздің облысымызда туризм саласы кәсіпкерлер қызметі арасында енді-енді бас көтеріп келе жатқан сала, сондықтан да, берілген бағыт өзінің одан әрі дамуын және мемлекет тарапынан қолдау көрсетуді қажет етеді. Біздің облыс Тянь-Шань тауының оңтүстік-батыс бөлігінде ораналасқандықтан болар, табиғи тарихи ресурстарға бай өлке. Тартымды климат, таза ауа, аса бай табиғи бағалы, сирек, эндемикалық, ерекше өсімдік, хайуанаттар әлемі, ғылыми, экономикалық және табиғи туризм үшін тартымды аумақ. Туристік кластерін дамытуға қолайлы жер. Облыс өзінің ерекше, сан түрлі табиғи жануарлар мен өсімдік әлемімен ерешеленеді. Мұнда қызыл кітапқа енгізілген ерекше бағалы 50 өсімдік түрімен қатар барлығы 3 мыңнан аса өсімдік түрі бар. Облыста 158-ден аса тағы жануарлар өмір сүреді. Облыста 4 мемлекеттік қорғауға алынған табиғи аймақтары бар. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқандықтан тарихи ескерткіштері көп, бұл ескерткіштер тек Қазақстанның ғана емес әлемдік мәдениетке туризмнің тарихи-танымдық, экологиялық, спорттық, ғылыми түрлерін танып білуге мүмкіндіктер береді. Туризм саласының дамуына жекеменшік туристік ұйымдар ықпалын тигізеді. Қонақ үйлері, демалыс үйлері, транспорттық компаниялар және мейрамханалар, кафе, дүкен және мұражайлар туристік бизнес саласымен тығыз байланысты. Соңғы жылдары туристік бизнеспен айналысуға бел байлаған азаматтар саны облысымызда көбеюде. Мысалы 2006 жылдың 1 қаңтарына дейін облыс бойынша 11 туристік фирмада ғана турагенттік және туротраторлық қызметпен айналысуға мүмкіндік беретін мемлекеттік лицензия болатын болса, 2007 жылдың 1 мамырында олардың саны 19-ға жетті. Бұл туристік фирмалардың 18-і Тараз қаласында, ал 1-і Жуалы ауданында орналасқан. Олардың офистері бар.
|
Достарыңызбен бөлісу: |