Сабақтың тақырыбы Туризм деген не? Сабақтың мақсаты



бет7/46
Дата13.09.2023
өлшемі1,77 Mb.
#180919
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   46
Байланысты:
туризм қмж

Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Туристік маршруттар. Туристік маршруттарды құрастырудың жолдары

Сабақтың мақсаты



Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»бағдарламалық мақаласының мағынасына талдау жасау арқылы оқушылар бойында мәдени, рухани, ұлттық сана мен мәдениет мұраларын үлгі ету арқылы қалыптастырутуристік маршруттарды ұйымдастыру.

Бағалау критерииі

Номенклатура нысандарын ажыратады
Картадан көрсетеді

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгелдеу, санау арқылы тоқа бөлу
Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Миға шабуыл
1.Жамбыл ауданының белгілі әншілері кімдер?
2. Жергілікті өлкеміздің таланттарының алатын орны қандай ?
3.Жамбыл облысынан шыққан талант иелері ?



Оқушы өз жұбын табады
Әдіс арқылы қайталау
Сұрақ жауап орындайды


«Кіру билеттері»





http://bestreferat.kz/extra_rkd/show/59

Ортасы

Білімді өзектеу
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Туризм (франц. tourіsme, tour – серуендеу, жол жүру) – адамның бос уақытындағы саяхаты, белсенді демалыстың бір түрі. Туризм – халықтың рекреациялық қажеттілігін (денсаулығын жақсарту, күш-қуатын қалпына келтіру, т.б.) қанағаттандырудың ең тиімді жолы. Туризм адамдардың қарым-қатынасын, танымдық қабілетін арттырып, мәдениет пен өнердің дамуына, ел экономикасының өркендеуіне өзіндік үлесін қосып, ел мәртебесін әлемге танытуға мүмкіндік туғызады. Ел ішінде саяхат жасау ішкі (ұлттық) Туризм, ал шетелге саяхатқа шығу халықаралық (шетелдік) Туризм; саяхат мақсатына қарай: экологиялық, ойын-сауық, танымдық, спорттық, балалар Туризмі; әлеуметтік мақсатына қарай: іскерлік (конгресс, жәрмеңке), этникалық, діни туризм болып бөлінеді.
Туризм – мемлекет жарнамасы. Қазіргі таңда дүниежүзілік мәнге ие болып отырған бұл сала тек көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, ел мен жердің, сәулет пен тарих-мәдени ескерткіштердің тартымдылығы мен ерекшеленіп отыр. Осы тұста еліміздің туристік шаңыраққа айналуына әбден мүмкін деген болжаммен келісуге болады. Себебі, әр аймақтың өзіне тән тарихы, археологиялық қазбалары, табиғаты, елі және салт-дәстүрі бар. Дәл осы тәрізді біздің көркем де, әсем жеріміздің түкпір-түкпірінде өзіне ғана тән гаухарларын табуға болады. Мәселен, Жамбылдың Мыңбұлағы, Көкшетаудың Оқжетпесі, Алматының шөлейт аймақтарында орналасқан Тамғалысы және басқа да аты аңызға айналған жерлерді айтуымызға болады.
Туристік-өлкетану іс-әрекеттері негізінде мектеп оқушыларын қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудің мүмкіндіктері қазіргі таңда зор маңызға ие болып отыр. Туристік-өлкетану іс-әрекеттерін қарастыра отырып мектептен тыс, сыныптан тыс ұйымдастырылатын туристік-өлкетану іс-әрекеттері арқылы жергілікті жердің мәдени мұра нысандарын пайдалану - оқушыларды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудің таптырмас құралы болып табылады.
Жалпы, туристік-өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру белгілі бір жүйелілікті сақтай отыра, оған қатысты ережелер мен талаптарды ескере отырып жүзеге асырылады. Туристік-өлкетану іс-әрекеттерін жүзеге асыруда туристік маршруттарды жобалаудың маңызы ерекше.
Туристік маршрут (немістің marschrute деген сез мағынасында), туристер жүріп өтетін бағытты күні бұрын жоспарлау арқылы тарихи орындар мен мәдениет ошақтарын аралап танысуға бағытталған сонымен қоса табиғат ескерткіштерімен танысуға байланысты жол.
Туристік маршрут - бағыт қозғалыстарына қарай- тіке бағыттағы, радикалды және шеңберлі бағыттағы жүрудің әдіс амалдарын (жаяу, шаңғымен жүру, су және с.с) қолданып, өту, автобуста отырып, темір жолдармен және т.б. да көлік түрлерімен жүру. Сонымен бірге қай уақытта, жылдың қай мезгілінде, қанша рет осы жерлермен жүріп өтудің түр сипаттарын, топтасып немесе жекешеленіп етуге болатындығын белгілейді. Туристік маршрут жоспарлы түрде (туристік ұйымдардың жолдамаларымен) және ез беттерімен саяхат жасауға болатындығын анықтайды.Туристік маршруттарды жобалауға қойылатын талаптар мен ережелерді білу, оны орындау маңызды, өйткені ол қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігін, сапардың қызықты да мазмұнды болуын қамтамасыз етеді.
Тарихы тереңге кеткен қасиетті Әулиеата өңірінде археологиялық, тарихи, мәдени ескерткіштердің көптігі туристік-өлкетану шараларын дамытуға мол мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет