Сабақтың тақырыбы Туризм деген не? Сабақтың мақсаты



бет5/46
Дата13.09.2023
өлшемі1,77 Mb.
#180919
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Байланысты:
туризм қмж

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?







Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?


Бөлім




Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы



Өлкенің тарихи тұлғалары: билер, батырлар мен палуандар

Сабақтың мақсаты



Тарихта болған билер, батырлар, палуандардың өмір жолымен танысып, олардан үлгі алуды;
Оқушылар бойында мәдени, рухани, ұлттық сана мен мәдениет мұраларын үлгі ету арқылы қалыптастыру..

Бағалау критерииі

Туған өлкеміздің тарихында болған билер, батырлар мен палуандарды анықтайды
Тарихи тұлғалардың туған өлкеге сіңірген еңбектерін біледі



Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгелдеу.
Оқушыларды құпия сандар жазылған түрлі-түсті қағаздармен үш топқа бөлу.
Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін «Ақ тілек» атты сергіту сәтін ұйымдастыру. Мақсаты: сыныпта сенімділік қарым-қатынас орнату.
«Ой қозғау» - «Үш сұрақ» тәсілі арқылы үй тапсырмасын пысықтау.
1. Қайда?
2. Қалай?
3. Қандай?

Оқушы өз жұбын табады
Әдіс арқылы қайталау
Сұрақ жауап орындайды

Қол шапалақ



дидактикалық материалдар.

Интерактивті тақ



Ортасы

Мәтінмен жұмыс:
Тәуелсіздік жарияланғаннан бері ауданымызда мақтануға тұрарлық, еңбектерімен еленіп жүрген азаматтар бар. Олар – Президент Жарлығымен жоғары марапаттарға лайық деп танылған «Құрмет» орденінің иегерлері – Ұлы Отан соғысының ардагері Ә. Кемпіреков, «Пионер» асыл тұқымды қой зауыты өндірістік кооперативінің төрағасы А.Жұмақанов, «Астана», «Ерен еңбегі» медальдарының иегерлері «Амангелді», «Юнчи» өндірістік кооперативінің төрағалары Р.Бегалиев, Т.Аширов, «Ерен еңбегі» медалінің иегері - «Атамекен» шаруа қожалығының басшысы Ж.Жапаров, «Шапағат» медалінің иегері – «БМ» ЖШС бас директоры С.Махмадов, ҚР Құрмет Грамотасымен марапатталған «Шайқорық» шаруа қожалығының жетекшісі Е.Дадабаев және М.Төлебаев атындағы аудандық саз мектебінің директоры С.Күзербаев. Президент Н.Ә.Назарбаевтың назарына ілініп, жоғары мемлекеттік марапаттарға ие болған бұл азаматтар аудан абыройын арттырса, аудандағы қалыптасқан жағдайлар жақсы жағдайлар жоғары көрсеткіштер оларды құрметке бөлеп отыр.
Ел экономикасының дамуы материалдық жағдайдың жақсаруына, адамдардың әл-ауқатының, тұрмыс-тіршілігінің жаңа сипат алуына мүмкіндік туғызатын болса, саясат, білім, әдебиет пен мәдениет осынау саланың өркендеуіне өзіндік үлесін қосады. Осы орайда біздің ауданымыздан шыққан қоғам, ғылым, мәдениет және әдебиет қайраткерлері баршылық. Бұл ретте бірінші кезекте Тәуелсіз Қазақстан тұсында дүниеге келген қос палаталы Парламенттің тұңғыш Сенат төрағасы Ө.Байгелдиев. Қарапайым ауыл азаматы саяси қызметте ел тағдырын шешуге, мемлекет аралық мәселелерді орнықтыруға өзінің өлшеусіз үлесін қосқаны мәлім. Ол қазір де заң шығарушы орган басшыларының бірі.

Жамбыл облысының Құрметті азаматтары



  • Төле би (1663 – 1756) – қазақ халқының бас биі.

  • Балуан Шолақ (1864 – 1919) – қазақтың халық композиторы, жауырыны жерге тимеген балуан.

  • Асанәлі Әшімұлы (08.05.1937) – кино және театр актері, КСРО халық әртісі (1980).

  • Бауыржан Момышұлы (24.12.1910 – 10.06.1982) – қазақтың батыры, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик, Кеңес одағының батыры, жазушы.

  • Жамбыл Жабайұлы (28.02.1846 – 22.06.1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы.

  • Кенен Әзірбаев (08.05.1884 – 12.04.1976) – қазақтың әйгілі халық ақыны, композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.

  • Қайрат Рысқұлбеков (13.03.1966 – 21.05.1988) – Желтоқсан оқиғасына қатысушы, Халық Қаһарманы.

  • Шерхан Мұртаза (28.09.1932) – Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері.

  • Асанбай Асқаров (15.09.1922 – 10.08.2001) – мемлекет қайраткері, Социалистік еңбек ері (1982), соғыс ардагері, ақын.

  • Сарыбай Қалмырзаев (10.06.1949 – 27.07.2012) – мемлекет қайраткері

  • Шона Смаханұлы (05.10.1924 – 1988) – ақын, сықақшы.

  • Тұңғышбай Жаманқұлов (02.10.1948) – кино және театр актері, Қазақстанның халық әртісі (1992).

  • Алтынбек Қоразбаев (01.02.1948) – композитор, Қазақстанның халық әртісі (1993).

  • Мейрамбек Бесбаев (08.11.1976) – әнші, “МұзАРТ” тобының мүшесі.

  • Жақсылық Үшкемпіров (06.05.1951) – қазақ халқынан шыққан алғашқы олимпиада чемпионы (Мәскеу, 1980), классикалық күрестен спорт шебері.

  • Бақтияр Артаев (14.03.1983) – бокстан Олимпиада чемпионы (Афины, 2004).

  • Ермахан Ыбрайымов (01.01.1972) – бокстан Олимпиада чемпионы (Сидней, 2000).

  • Серік Қонақбаев (25.10.1959) – бокстан Олимпиаданың күміс жүлдегері (Мәскеу, 1980).

  • Ислам Байрамуков (12.06.1971) – еркін күрестен Олимпиаданың күміс жүлдегері (Сидней, 2000).

  • Болат Жұмаділов (22.04.1973) – бокстан Олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегері (Атланта, 1996,Сидней, 2000).

  • Болат Ниязымбетов (19.09.1972) – бокстан Олимпиаданың қола жүлдегері (Атланта, 1996).

  • Постер қорғау

  • Кестеменн жұмыс


    Негізгі ұғымдардың анықтамасы

    • Би


    • Батыр


    • Палуан






Арнайы ресурстар арқылы жаңа тақырыпты талдайды
Жұп бойынша
Жеке, өзара тақырыпты түсінгендерін мұғалімге қол көтеру арқылы білдіреді
Слайдта көрсетілген ресурстарды талқылайды
Видеороликтан тақырыпқа сай берілген түсініктерді дамыту арқылы, мәтіндегі тапсырмаларды орындау барысында ой өрісін жетілдіру арқылы бәсекелеседі
Слайдта берілген сұрақ жауапты орындайды
Сұрақ жауап арқылы сұраққа жауап береді, логикалық ойлай білуі мен сыни көзқарасы таныта білу дағдылары қалыптасады
Дәптермен жұмыс

Смаликтер арқылы
ҚБ өзін өзі бағалау




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет