«Еркін микрофон» әдісі.Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды.
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.
Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау»әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысуы.
Қысқамерзімді жоспар №2-сабақ Сабақтың тақырыбы: Қуат көзіне не жатады?
Барлық оқушылар үшін: өздік, болымсыздық, белгісіздік, жалпылау есімдіктерін жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолданады;
Көпшілік оқушылар үшін:тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтайды;
Кейбір оқушылар үшін:сыни пікір жаза алады.