Сабақтың тақырыбы: Уық шаншылған Ұлытау. Оқу мақсаты



Дата10.04.2022
өлшемі1,54 Mb.
#138717
түріСабақ
Байланысты:
Уық шаншылған Ұлытау




Бөлім:

Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт.

Педагогтің аты-жөні

Бекбулатова Нургуль

Күні:

13.09.2021жыл

Сынып: 11

Қатысушылар саны: 23 Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Уық шаншылған Ұлытау.



Оқу мақсаты:

Мәтін үзінділері бойынша болжау жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу.
Таза ғылыми стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, ұғымдар, шартты белгілер, синтаксистік құрылымы).

Сабақ мақсаты:

-Мәтін үзінділері бойынша болжам жасайды;
-Тиісті ақпаратты анықтайды;
-Ғылыми стильді ажыратады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті



Оқушы іс-әрекеті

Ресурстар

Қызығушылық ояту

Қайырлы күн,оқушылар!
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
"Қазақстанға саяхат" тренингі. (Оқушылар еліміздегі көрікті жерлер мен тарихи орындарды айтады, саяхатқа шақырады)
Үй тапсырмасы "Мен үшін маңызды..." әдісімен тексеріледі.
Оқу мақсаттары таныстырылады.


Тыңдалым алды тапсырмасы:
Ұлытаудың ұлы атануы тауының биіктігінен немесе суының молдығынан емес. Ұлы қауымның бас қосқан, ортақ шешімге келген әсері болғандықтан «Ұлытау» атанған.
Әбіш Кекілбаев
- Әбіш Кекілбаевтың пікірі не туралы?
-Берілген пікірге байланысты сабақ тақырыбына болжам жасап көрелік.
- Оқушылар оқу мақсатымен танысады да, бағалау критерийлерін болжайды.



Дескриптор:
-Сабақ тақырыбына болжам жасайды;
-Жазушы пікіріне байланысты өз ойларын айтады.




Оқулық, жұмыс дәптерлері
1-слайд

Мағынаны тану кезеңі


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
Қорытынды

Тыңдалым тапсырмасы: Ұлытау туралы мәтінді тыңдайды

Ұлытау – қазақ халқының тарихи орталығы.Далалық өркениет пен көне мәдениетінің нақ кіндігі.


Ұлытауда түркі тілдес тайпалардың негізін қалаушылардың бірі Алаша хан кесенесі көтерілген. Есімдері Алтай, Орал, Қырым, Солтүстік Кавказ және Өзбекстанның халық ауыз шығармашылығында мәңгілік сақталған Алтын Орданың ханы Тоқтамыс, Ордалық ұлы қолбасшы, әмір Едіге де осында жер қойнауына берілген. Ұлытау арқылы Орта Азиядан Сібірге Ұлы Жібек Жолының Сарыарқадағы ең ірі тармағы «Сарысу» мыс жолы өткен. Халқымыздың қабырғалы қайраткері Асан қайғының да қабірі осы Ұлытауда. Ұлытау көшпенді тайпа хандарының сүйікті орнына айналған. Осы жерде ұлы Шыңғысханның үлкен ұлы Жошыханның ордасы орналасқан, осы жерден Батый хан шығысқа бағыттаған өзінің жаугершілік жорығын бастаған. Хан Ордасы – орта ғасырдағы керуен жолы бойындағы қалашықтың бірі. Абылай да ордасын Ұлытауға тіккен. Ол «Хан төбе» деп аталады Ұлытау-Үш Жүздің басын қосқан жер.Жоңғар шапқыншылығы кезінде үш жүздің билері — Төле би, Қаз дауысты Қазыбек және Әйтеке билер қазақтың басын біріктіре отырып, Балбұлақтың басындағы келелі кеңесте ел тағдырын шешкен. ХІХ ғасырдың 30-жылдарында Ұлытауда атақты Кенесары батырды ақ киізге салып хан көтерген. 1992 жылы Дүниежүзі қазақтарының алғашқы құрылтайына қатысуға келген қан-дастарымыздың бір тобы арнайы Ұлытауға келген. Ежелгі мекеннің мәртебесін одан әрі асқақтату үшін халықпен кездесу болған сол жердегі жолдың бойындағы төбеге Белгітас қойғызып, қазақ елінің бірлігі мен тұтастығын бейнелейтін еңселі ескерткіш орнатуды аманаттаған болатын. Сол «Мемлекеттің тұтастығы мен Қазақстан халықтарының бірлігі» Белгітасы 2005 жылы бой көтерді.
Оқушылар, сендер Ұлытау туралы толық мағлұмат алдыңыздар деп ойлаймын.
Олай болса, оқу мақсатына сай тапсырмалар орындаймыз.
Тыңдалымнан кейінгі іс-әрекет


1-тапсырма. Мәтін үзінділері бойынша болжам жасаңыз

  1. Халқымыздың қабырғалы қайраткері Асан қайғының да қабірі осы Ұлытауда

Оқушы жауабы: Жеріміздің орталық аймағында орналасқан Ұлытау тау сілемдері - малға жайлы, елге қолайлы мекен. Аңыз желісіне сүйенсек, ертеде Асан қайғы іздеген жер жаннаты Жерұйық осы Ұлытау өлкесі болған екен.

  1. ХІХ ғасырдың

30-жылдарында атақты Кенесары батырды ақ киізге салып хан көтерген.
Оқушы жауабы: Ұлытаудың таулары патшалық-отаршылдық саясат жылдары тәуелсіздік ошағы болып қала берді. Бұған XIX ғасырдың ортасындағы Кенесары Қасымұлы, 1916-1917 жылдардағы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтерілістер куә
2-тапсырма. Мәтіннен негізгі ақпараттарды табыңыз.
Ұлытау - бұл біздің ата-бабаларымыздың мыңдаған ғасырлық рухани, аңызына айналған, ақындары жырлаған, сан ғасыр адамдарды баураған қазақ халқының құрметтейтін қасиетті жері. Ұлытау көшпенді тайпа хандарының сүйікті орнына айналған. Осы жерде ұлы Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы ханның  ордасы орналасқан. Осы жерден Батый хан Шығысқа бағытқа аттанған.
3-тапсырма. Мәтіннің стильдік ерекшелігін анықтаңыз.
Ғылыми стиль -зат не құбылысты ғылыми негізде сипаттап, дәлелдеуді қажет ететін стиль түрі.
Ой нақты, түсінікті.
Қатаң жүйе сақталған.
Тарихи терминдер жиі кездеседі (тайпа, хан, Алтын Орда).
Хабарлы сөйлем түрінде берілген.
Осы шақ, өткен шақ жиі қолданылады.
Ырықсыз етістен жасалған баяндауыштар кездеседі (табылған, көрсетілген, жасалған).
Бүгінгі сабақ бойынша өзімізді бағалайық!

Үй жұмысы
Ұлытау-визит орталығы”
шағын зерттеу жүргізіп көрейік!
Жоба ұсынайық!
Мәтін үзінділері бойынша болжау жасадық, тиісті ақпаратты анықтадық.
Ғылыми стильді тілдік құралдар арқылы дәлелдедік.
Ұлытау - қазақ халқының тарихы мен қасиеті сақталған жер.

Дескриптор:
-Сұрақтарға жауап береді

Мәтінді тыңдайды


Тапсырманы орындайды.
Дескриптор:
-өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастырады;



Дескриптор:
-үзіндіні оқып мазмұнын түсінеді;
-негізгі ақпараттарды табады.

Дескриптор.
-Мәтінді оқиды;
-Стильдік ерекшелігін анықтайды.

ҚБ «Жарайсың», «Керемет»




Дескриптор:
-жоба жазады;
-ғылыми стиль ерекшелігін сақтайды;
;

.


2-слайд



3-слайд



4-слайд







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет