Сабақтың тақырыбы: В. А. Сухомлинский «Қатқан нан»



Дата23.08.2017
өлшемі35,41 Kb.
түріСабақ
Маңғыстау облысы,Қарақия ауданы

Жетібай селосы

№3 орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Шонтыбаева Гүлшара Оспанқызы

Сабақтың тақырыбы: В.А.Сухомлинский «Қатқан нан»


Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білім алуға деген құштарлығын арттыру. Нақтылыққа үйрету. Оқушылардың шығармашылықпен
жұмыс істеуге ықпал ету,ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін үйрету.
Балаларды еңбекті сүюге,нан қадірін білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:Суреттер,мақал-мәтел,автор суреті, тақырыпқа байланысты суреттер.
Сабақтың түрі: Аралас.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларға сабақ жүрісін түсіндіру.Есеп шығару арқылы 2 топқа бөлу

19-10 17-10

29-20 27-20

39-30 37-30

49-40 47-40

59-50 57-50

69-60 67-60

79-70 77-70

89-80 87-80

99-90 97-90

14-7


ІІ:Үй тапсырмасын сұрау.Ғафу Қайырбеков «Қатқан нан » өлеңі жатқа сұралады.
Қосымша сұрақтар қою
Жаңа сабақ:Қатқан нан

Жаңа тақырып сұрақтарға жауап беру арқылы ашылады.


В.Сухомлинский туралы мағлұмат беру

Сухомлинский Василий Александрович 1918 жылы 28 қыркүйекте, УССР, Кировоград облысында, Онуфриев ауданы, Васильевка селосында дүниеге келген. Сухомлинский 2 Ленин орденімен, Қызыл Жұлдыз ордені, К.Д. Ушинский, А.С. Макаренко медальдарымен наградталды.В.А.Сухомлинскийдің рухани күш-жігері мен талантының шарықтаған кезінде 1970 жылы 2 сентябрьде дүниеден озды. 1942 жылы Москва маңында алған ауыр жарақаты із-түссіз кеткен жоқ, кейін ол біліне бастады.В.А.Сухомлинский – 41 монографиялар мен жекеленген кітаптардың, 600 астам ғылыми мақалалардың, 1200 әңгімелер мен ертегілердің авторы.



2.Мәтінді оқу, түсіндіру

3.Іштей оқыту

4.Тізбектей оқыту

5.Мәтінді талдау

Дәптермен жұмыс

Наубайшы- нан пісіретін адам

Үздіксіз- демалыссыз

Наубайхана- нан пісіретін орын



Сергіту сәті

6.Топтық жұмыс

«Мағынаны тану» сатысы

1)Оқушыларға мәтіннің соңғы азат жолын

оқыту. Әр топтан бір оқушы шығып түсіндіру.

«Ой толғаныс» сатысы

Ойлан-жұптас –талқыла

2)7-топ -Дүниедегі ең дәмді ас қандай тағам деп ойлайсың?Пікіріңді дәлелде.

9-топ- Нанды құрметтеуге байланысты қандай әдептілік ережесін білесің?Өз бетінше ереже құрастыр

3)Нанды құрметтеуге байланысты қандай өлеңдер, мақал-мәтелдер білесіңдер

4)7, 9 топ атауларын талқыға салу

5) «Нансыз- өмір жоқ» деген тақырыпқа шығарма жазу

Постермен жұмыс

«Нан қайдан келеді?»

Нанның келу жолдарын жазып қорғау

Қорытынды:

Оқушылар, әңгімеде не туралы айтылған?

Балалар неліктен қатқан нан жеді?

- Бүгін қандай тақырыппен таныстық?


- Бұл әңгімені кім жазған?
- Неге үстелге қатқан нан алып келеді?

-Нан туралы неге осы бөлімде берді деп ойлайсыңдар?

-Қандай дәнді дақылдарды білесіңдер?

Мұғалiм:


Нан қоқымын шашпаңдар!

Жерде жатса  баспаңдар!

Терiп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар! – деген өлең жолдарымен ашық сабағымызды аяқтаймыз!Назар аударғандарыңызға көп-көп рахмет!

-Сабақ ұнады ма?

-Қандай тапсырма ұнады?



-Қандай тапсырма қиындық келтірді?


Үйге тапсырма:әңгімені мазмұндап келу,нан, еңбек туралы мақал-мәтел жазу, ұннан жасалатын тағамдарды жазып келу

Балаларды бағалау.Балалар жинаған белгілерінің санына қарай бағаланады. Белсенді топ мадақталады.Берілген бағалау бетшесіне топ басшысы топтағы оқушылардың бағасын қояды.Сабаққа қатысқан мұғалімдерге, оқушыларға нан ауыз тигізу.
Каталог: materialy -> bastaysh3
bastaysh3 -> Тақырыбы: “Халыққа жеткіз күйімді” Бастауыш сынып мұғалімі: Сүлейменова Зухра Білімділігі: Ә. Сәрсенбаевтың «Халыққа жеткіз күйімді»
bastaysh3 -> Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай ауылы №3 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Самамбетова Қарлығаш Ашық тәрбие сағаты 2-сынып Тақырыбы
bastaysh3 -> Сабақ Тақырыбы: «Ол ақын болар ма еді?!»
bastaysh3 -> Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин. Қызыл шұнақ. Сабақтың мақсаты
bastaysh3 -> Сабақтың тақырыбы:
bastaysh3 -> Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік. Мал атасы. Дауыссыз дыбыстар. Төлді қалай шақырады?
bastaysh3 -> Мақсаты: а білімдік мақсаты
bastaysh3 -> Абай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы
bastaysh3 -> Сабақ жоспары. Әдебиеттік оқу


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет