Сабақтың тақырыбы: в дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты



бет3/5
Дата25.01.2017
өлшемі1,68 Mb.
#7942
түріСабақ
1   2   3   4   5
Жұмыстың орындалу реті:

Қатырма қағазға құс суретін жай қарындашпен салып аламыз.

Түрлі-түсті ермексаздан ширатпалар есіп дайындаймыз.

Ширатпаларды құс бейнеленген сызықтар бойымен жапсырып, оның ішін өз қалауымызша құстардың толық бейнесін беретін әртүрлі өрнектермен толықтырамыз.

Ермексаздан есілген ширатпалармен мүсіндеу әдісін көрсету.

 

Өзіндік жұмыс

Жұмыс жасауға қажетті құрал-жабдықтарымызды даярлайық: түрлі-түсті ермексаз, жұмыс тақтайшасы, қалақшалар, қатырма қағаз, жай қарындаш, жұмыс соңында қол сүртуге арналған шүберек.

 

Тапсырма: Ширатылған ермаксаздан құс мүсінін мүсіндейміз.

Жеке жұмыс кезінде оқушыларға мынадай кеңес беру:

ермексазды қағазға жағып, негіз дайындау кезінде бет біркелкі шығуы үшін ермексазды бірдей қалыңдықта жағамыз, себебі ширатпалар негізге түзу және әдемі орналасуы керек;

түсі бір-біріне қарама-қарсы екі ермексаз бөлігін араластыра отырып, ермексаз ширатпаларын әр алуан етіп жасауға болады;

құс денесін өрнектермен толықтырған кезде оның пішінін бүлдіріп алмауға тырыс.

 

Сабақты қорытындылау.

Қорытынды сұрақтар:

Қандай құстарды білесіңдер?

Құстардың қандай пайдасы бар?



Мүсін түрлерін атаңдар.

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Еңбекке баулу

Күні: 04.12.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Желіммен жұмыс. Қоржын жасау. Қағаз қапшық жасау.

Сабақтың мақсаты : Оқушыларға қатырма қағаздан қорап жасауды үйрету,  білімін, ой-өрісін дамыту, білімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі : аралас сабақ  

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу  

Көрнекілігі: қорап үлгісі

Оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар:  қатырма қағаз, қайшы, желім, сызғыш, қарындаш.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушы зейінін сабаққа аудару
ІІ. Мақсат қою  Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Оқушыларға қатырма қағаздан қорап жасауды үйрету,  білімін, ой-өрісін дамыту, білімділікке тәрбиелеу.
ІІІ. Білімдерін тексеру  

Қатырма қағаздың жай қағаздан қандай айырмашылығы бар?

Қатырма қағаздың қандай түрлерін білесің?
ІҮ. Жаңа сабақ

а)  мұғалімнің түсіндірмесі Қораптар әртүрлі болады.  Оларды қағаздан, қатырма қағаздан, тақтайдан, қаңылтырдан, тіпті темірден де жасайды.

- Балалар, қорапты қай жерлерде қолданамыз?
ә) оқулықпен жұмыс.
б)  қорапты жасау. Жұмыс барысында техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау.



1. Алдымен жұқалау қатырма қағазды дайындаймыз.

2. Қораптың  төрт қабырғасын сызғышпен өлшейміз.

3. Қалып үлгіні пайдаланып екінші қабырғаны сызамыз.

4. Үшінші қабырғаны да сызамыз.

5. Төртінші қабырғаны сызып, сызықтардың үстінен қайшы ұшымен із саламыз.

6. Қорап қабырғаларын із салдырған жерден бүктейміз.

7. Қорап қабырғаларын бекітетін бөлікке желім жағамыз.

8. Желім жағылған бөлігімен қабырғаларын бекітеміз.

9. Төрт бұрышты түбі жоқ қорап дайын болды.


Ү. Бекіту  кезеңі  Қорытындылау.

Балалардың жасаған бұйымдарын тақта алдына қойып көрме ұйымдастырып, бір-бірлерін өздері бағалау

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Еңбекке баулу

Күні: 0512.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Аппликация
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды аппликация ұғымымен таныстыру. Аппликацияны бейнелеуге қажетті құралдармен жұмыс жасаудың әдіс - тәсілдерімен таныстырып, бейнелеу іс - әрекеттерін меңгеруге баулу. Оқушының бейнелі ойлау, қол икемділі қабілеттерін қалыптастырып, жетілдіру. Түс жарасымдылығын, композициялық шешімін табуға баулу. Оқушыларға форма, көлем, түс жайлы түсініктер бере отырып, олардың бейнелеу, безендіру, құрастыру қабілеттерін дамыту.
Сабақтың әдісі: сәндік қолданбалы өнер
Көрнекілігі: Түрлі қағаздан, матадан, табиғи материалдан жасалған аппликациялық суреттер.
Керекті құралдар: Түрлі түсті қағаздар, мата түрлері, қайшы, желім, сурет альбомы, қарындаш т. б.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылардың сабаққа қатысын белгілеу
ә) Күннің жадын белгілеу
б) Оқу құралдарын тексеріп, назарын сабаққа аудару

ІІ. Өткенге шолу
а) Оқушының сурет альбомын қарап, бағалау
ә) Өтілген тақырыпты тест әдісімен сұрау.
1. Еркін тақырыпта жұмыс жасау деген не?
а) таңдаған тақырыпқа
ә) нұсқадан қарап
б) берілген тақырыпқа
2. «Пейзаж» жанрында не бейнеленеді?
а) табиғат көрінісі
ә) теңіз, көл
б) жан – жануарлар
3. Жұмыс жасаудың қандай заңдылық қатаң сақталуы тиіс?
а) перспективалық
ә) үйлестіру
б) конструкциялық
4. Мыналардың қайсысы анималистік жанрға жатады?
а) аңдар
ә) табиғат көрінісі
б) теңіз, көл

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
1. «Аппликация» атауы латынның «жабыстыру», «қиыстыру» деген сөзінен шыққан. Аппликацияны қолданылатын материалына қарай үшке бөліп қарастыруға болады. Біріншісі – түрлі қағаздармен орындалатын аппликация. Екіншісі – әр түрлі мата, киіз, тері, шүберек, т. б. қолданумен орындалатын аппликация. Үшіншісі – табиғи материал (сабан, ши, қамыс т. б.) қолдану арқылы орындалатын аппликация.
Сурет түрінде орындалған аппликация түрі біздің заманымызға дейінгі ертеректе Греция өнерінде пайда болған.
Ал әр түрлі мата материалдарында орындалған аппликация түрі 16 ғасырда Италия мен Испанияда, 17 ғасырда Германия мен Францияда пайда болған. Аппликацияның силуэттік түрде орындалуы 18 - 19 ғ. Россияда жақсы дамыды. Аппликацияның қай халық өнерінде болса да алатын орны ерекше. Әсіресе қолданбалы өнерде көп қолданылады. Аппликация Қазақстанда да жақсы дамыған. Қазақ халқының ақ, қара киіз арқылы оюлап жасаған сырмағының өзі – аппликацияның бір түрі. Әсіресе ұлттық киімдерді ою - өрнекпен әшекейлеуде аппликация озық үлгіде дәріптеледі.
2. Жасалу жолдары:
a) Орындалатын суретті түрлі түсті қағаз бетіне қарындашпен салып, қайшымен ойып алу;
ә) Ойылған қиынды кескіндерді қағаз бетіне желімдемес бұрын,
үйлестіріп қойып, орындарын қарындашпен белгілеп алу;
б) Әрбір қиындыны нөмірлеп, рет бойынша белгіленген орынға желімдеу.
3. Өзіндік жұмыс.
Тақтаға салынған сурет бойынша, аппликация орындау.
4. Бекіту сұрақтары:
а) «Аппликация» қай елдің сөзі?
ә) Қазақша қандай ұғымды білдіреді? Қалай орындалады?
б) Түрлерін ата
в) Қазақ халқы аппликацияны қайда қолданған?
г) Алғаш қай елде пайда болды?
д) Сәндік аппликация түрлері қайда қолданылады?
(открытка, қабырға газеті, альбом т. б.)

ІV. Қорытынды бөлім
-Бүгін не туралы өттік?

-Сабақ түсінікті болды?

-Аппликация деген не?


Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Музыка

Күні: 30.11.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Тақырыбы:Саздан туған сазсырнай.

Оқушыларға сазсырнай туралы,оның неден жасалғаны туралы мәлімет беру.

Оқушылардың өнерге деген қызығушылығын ойын арқылыарттыра отырып,сөйлеу,ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Әнді,күйді,музыкалық шығармашылықты тыңдап сүюге тәрбиелеу.



Сабақтың типі: Дәстүрлі.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік, мадақтау.

Көрнекілігі:сазсырнайдың суреті,видеоролик,үнтаспа
Сабақтың барысы

Ұйымдастыру

-Оқушылар! Бүгінгі сабағымызды мынау өлең жолдарымыздан бастаймыз.



Сабағымызға керекті,

Кітап дәптер алайық,

Тыныштықты сақтайық

Тазалықтан қашпайық

Даусымызды жаттықтырып,

Ән сабағымызды бастаймыз.

-Жарайсындар,балалар!Отырыңыздар!

- Балалар тақтада не көріп тұрсыңдар? (Сазсырнайдың суреті.)

-Балалар сендер бұл аспапты көргенсіңдер ме?

-Көргілерің келе ме?

-Ендеше мен сендерге сазсырнайды алып келдім сендер көрсін деп.



- Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: Саздан туған сазсырнай.

- Қараңдаршы балалар сазсырнай неден жасалған екен?

-Саздан жасалған.

-Дұрыс айтасыңдар балалар.Ендеше мен сендерге сазсырнайдың қалай жасалғанын айтып берейін. .
Ерте ,ерте,ертеде баяғы бір заманда Асан деген бала болыпты. Ол күнде өзінің ауылының қойларын бағады екен. Сөйтіп жүріп күн көріпті. Бір күні қойды өзен жағасына жаяды. Сол күні күн ыстық болады. Асан қатты шөлдеп , торсығына құйып алып шыққан суын ішеді. Бір кезде қолынан торсығы түсіп кетеді де суы жерге төгіледі. Ол жердің топырағы сазды екен. Асан жерге отыра қалып су араласқан сазды қолмен ұстап уқалап ұзақ уақыт отырады. Қолы талған соң оны тастың үстіне қойып , кептіреді де қалтасына салады. Сөйтіп отырғанда қойды ауылға апаратын уақыт болады. Қойды ауылға айдап келеді де тамағын ішеді. . Кешкісін достарымен өзен жағалауында отырғанда қалтасынан бірдеме қолына батқандай болады. Қараса манағы сазбалшық екен. Оны досы Асқар көріп, қызығып кетеді.

Асан мынау не? Өзі қаздың жұмыртқасына ұқсайды екен деді таңырқап.

Өзімде білмеймін. Мана қой бағып жүріп сазды уқалап көріп едім осындай сопақша көлемді болып шықты. Асқар қане маған көмектесші . мен бұдан бір ерекше аспап шығарғым келіп отыр.

Асан айтты :

Олай болса бұны отқа қыздырайық. Әкемнен көргендерім бар. Ол кейбір аспаптарды отқа қыздырып жасайды. Сонда ол аспап мықты болады дейді.

Сөйтіп Асан мен Асқар сазды отқа қыздырады. Қыздырып болған соң әр жерінен тесіктер жасайды, ол әдемірек болу үшін жиектеріне ою салады. Екеуі түні бойы еңбектеніп таң ата ұйықтап қалады. Таңертен Асқар ұйқыдан тұрып қараса Асан балшықтан жасалған әдемі аспапты үрлеп тартып отыр екен. Әр үрлеген сайын әсем әуендер шығады. Сөйтіп оны барлық ауыл адамдары көріп таңданады. Өз жасаған туындысына Асан «саздан туған сазсырнай» деген атау береді. Себебі ол саздан жасалғандықтан. Осылайша сазсырнай дүниеге келген екен.
Сазсырнай-сопақша келген, үлкендігі қаздың жұмыртқасындай, сапалы саз-балшықтан жасалған аспап. Сазсырнайда ойнай отырып, балалар аң-құстар мен табиғат дыбыстарын шығарған. Шеңбер аумағы 15-18 см, жалпы ұзындығы 10-12 см болады. Ертеде 3-4 ойығы болса, қазіргі таңда 5-6 ойықтары салынады. Ойықтары саусақпен басып,ерінге қиыстау тақап, үрлеп ойнайды.Сазсырнай үні жағымды, қоңыр әрі жұмсақ болады. Сонымен бірге, аспап дыбыс тембрі, күші, әуезділігі толқынының дұрыс жетуіне байланысты.

-Үнін естіген оқушы бар ма?

Үнін тыңдағыларың келе ме?

-Ендеше үнін тыңдап көрейік. Үнтаспа қосылады.


Балалар шаршап қалған боларсыңдар біраз сергіп алайық.Электронды физминутка көрсету. (қара жорға биі)

-Сазсырнаймен қалай ойнайтынын білесіңдер ме?

-Ендеше қазір біз бір бейнебаян көреміз.Бейнеролик көрсету.

- Балалар бейнебаян не туралы екен?

-Сазсырнай туралы.

-Бейнебаянда сазсырнайдан басқа тағы қандай аспаптар сендерге таныс?



-Домбыра,қобыз және т.б.

-Бейнебаян сендерге ұнады ма?

-Ия

- Балалар ән айтқыларың келеме? Ендеше орнымыздан тұрайық.Қазір біз ән айтамыз.Ән айтпас бұрын дауысымызға жаттығу жасап алайық.



-Менің қимылыма қарап қайталаңдар.

1) До- ре –ми- фа – соль-ля-си-до

2) Ли- ли -ли –ли- ли- ли.

-Жарайсыңдар балалар.Орындарыңа отырыңдар.

-Енді алдарыңдағы «Әліппе» әнінің сөздеріне назар аударыңдар. Қазір мен сендерге мәнерлеп оқып беремін.Сендер мұқият тыңдаңдар.
Әліппе

1)Алғашқы рет қолыма ұстадым

Әліппені сыйлаған ұстазым.

Білім атты әлемге ашты жол,

Рахмет саған әліппе қош сау бол.

Қайырмасы:

Әліппе,әліппе,

Арналады бүгін жыр саған.

Әліппе,әліппе,

Алғысымыз шексіз біз саған.
2)Көмегіңмен өзіңнің әліппе,

Қырық екі таныстық әріппен.

Ең алғашқы білімді алдым ғой

Рахмет саған әліппе қош сау бол!

-Жарайсыңдар балалалар!

- Бүгін қандай аспаппен таныстық?

-Сазсырнай

-Сазсырнай неден жасалады екен?

-Саздан.

Сазсырнайдың пішіні неге ұқсас?

Жұмыртқаға

-Жарайсыңдар!


-Үйге әліппе әнін жаттап келу.

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Өзін-өзі тану

Күні: 05.12.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Көмектесе білейік

Сабақтың мақсаты: Мейірімділік адами қасиеті мен өзара көмек ірекеттері  туралы түсінік беру, қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыту. Қайырымды, жағымды қарым өатынастар жасауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Шаттық шеңбері

Елімізді сүйеміз

Бал-бұл жанған гүл шағында

Біз Отанның ұланымыз.

Бақытты елдің құшағында

Білім алу ұранымыз.

Қайырмасы:

Біз өнерге, ұлы өмірге,

Гүл өмірге иеміз.

Көгімізді, көлімізді,

Елімізді сүйеміз.

Туған жерде аунап-қунар,

Біз ұланбыз, өрімдейміз.

Біз ұланбыз еңбекқұмар,

Өнер десе ерінбейміз.

Қуанышты әніміз де,

Біз ұланбыз жоқ арманы.

Біздер әлі бәріміз де

Боламыз ел қаһарманы.
Ырыс алды – ынтымақ

Баяғыда бір ақылды қария болыпты, оның тоғыз ұлы бар екен. Бірақ балалары әкесінің ақылын тыңдамай, әрқайсысы өз бетінше жүріп-тұрады. Олардың бұл қылығын былайғы жұрт күлкі етеді. Үлкені кішісін аямайды, кішісі үлкеніне ақшия қарайды. Бірлігі жоқ тоғыз баланы әркімдер-ақ ұрып кете береді, содан әкесі балаларының қылығы туралы терең ойға шомады. Айласы таусылған шал таудан бір құшақ  тобылғы  әкеліп, балаларын түгел шақырып алады.

Содан соң:

– Қане, балаларым, күштеріңді сынап көрейік, мына тобылғыны тобымен сындырыңдар, – дейді.

Тоғыз ұл кезектесіп күштерін сынайды. Буылған бір құшақ тобылғыны ешқайсысы сындыра алмай, әбден шаршайды.

Қария тобылғының бауын шешіп:

– Енді бір-бірден сындырып көріңдер, – дейді.

Балалары тобылғыны сол заматта-ақ шарт-шарт бөліп:

– «Міне, сындырдық», – деп мақтанысады. Шал балаларын отырғызып қойып, нұсқалы сөзін бастайды.

– Мен сендердің келешектеріңді ойлап қапа боламын. Дұшпандарың көп, ынтымағың жоқ болса, дұшпан сендерді жаңағы жалғыз тал тобылғыдай бырт-бырт сындырады. Ал буылған тобылғыдай бірлікте болсаңдар, сендерді ешкім сындырмақ түгіл, майыстыра да алмайды. Менің айтарым сол, – дейді.

Көп ұзамай шал дүниеден өтеді. Балалары ақылға келіп, бірлесіп тіршілік етіп, кем-кетікке көмектесіп, ынтымақты өмір сүреді. «Ырыс алды–ынтымақ» деген сөз содан қалған екен.

· Қария балаларына бірліктің мәнін қалай ұғындырды?

· «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген мақалды қалай түсінесіңдер?

  


Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мақал-мәтелдерді аяқтаңдар.

1.  Ынтымақ түбі –... .

2.  Бірлік, ынтымақ – байлық, ... .

3.  ... – табылмас бақыт.

Қажетті сөздер: татулық, береке, бақ.
ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
Оқушылардың  еңбегін мадақтау.


Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Логика әлемі

Күні: 30.11.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Жұбын тап



Сабақтың мақсаты:

1.Түстерді ажыратуға,қиял мен зейінді тұрақтату

2.Қиялдау,елестетуді дамыту

3.Ізденімпаздыққа тәрбиелеу


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі
Ми гимнастикасы. Өткен сабақтағы жаттығуларды қайталау.
Ширату

Әкеңнің әкесін қалай атайсың? (ата)

«А» әрпінен басталатын бес ұлдың атын айт (Абылай, Айдын, Асхат, Арман, Айдар).

Өзіңдіқайдан көре аласың? (айнадан)

Иттің баласын калай айтады? (күшік)

Атасы немересін калай айтады? (немере)
Тапсырма №1.

Оқушыларға диалог құрғызу. Бұл адамдар бір-біріне не айтуы



мүмкін?


Каталог: uploads -> doc -> 0b1d
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b1d -> Сабақ үдерісіндегі тиімділігі
0b1d -> Сабақ тақырыбы: Ш. Айтматов: Атадан қалған тұяқ
0b1d -> "Көктем аруы-2011 жыл" Таныстыру
0b1d -> Қызылорда облысы, Шиелі ауданы Тақырыбы: «Тұрар Рысқұлов тұғыры биік тұлға»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет