Сабақтың тақырыбы



Дата08.11.2016
өлшемі78,99 Kb.
#1290
түріСабақ

15.10.2014ж


Жұма


13-сабақ 10 «ә»

Сабақтың тақырыбы:


Қашаған Күржіманұлы (1841-1929 жж.) «Есқали сұпыға айтқаны»,«Осы күні жолдас болдым сексенменен» өлеңдері

Жалпы мақсаты:

  1. Қашаған Күржіманұлы, оның «Есқали сұпыға айтқаны»,«Осы күні жолдас болдым сексенменен» өлеңдері туралы толық мағлұмат ала алады.

  2. Қашаған Күржіманұлы шығармаларының тақырыбын ашады .

  3. Әдеби теориялық тұрғыдан талдау жасай алады.

Оқу нәтижелері:

Қашаған Күржіманұлының ақындық, адамдық болмысы, шығармаларының ерекшелігі туралы білді.(барлығы) Заман талабына сай құрал-жабдықтарды қолдана алды.(кейбіреуі)


Әдіс – тәсілдер:

Топқа бөліну, «Зерттеуші шеберханасы», сұрақ – рефлексия, эссе жазу, «Екі жұлдыз, бір тілек»

Түйінді идеялар:

«Қашаған ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанның батыс аймағында өзінен бұрынғы Абыл мен Махамбет қалыптастырған ақындық, жыраулық дәстүрден өнеге алып, оны ілгері дамытқан әйгілі ақындарының бірі.» Ғалым Қабиболла Сыдиықұлы.


Сабақ кезеңдері:

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Кіріспе

Уақыты:

5-7 минут




Cергіту сәті: «Оның есесіне мен...» жаттығуы. 
- Мен бүгін ұйқым қанбады, оның есесіне ..... . 
- Мен машина жүргізу білмеймін, оның есесіне ...... . 
- Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне .... . 
- Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне .... . 
- Мен көп ұйықтаймын, бірақ оның есесіне .... . 
- Мен жұрттың бәріне құрметті бола алмаймын, оның есесіне ... . 
- Мен еден жууды ұнатпаймын, оның есесіне ... . 
- Мен Үндістанда болған жоқпын, оның есесіне .... . 
- Мен пәлендей батыл емеспін, оның есесіне ..... . 
- Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне...... . 
- Мен тез ашуланғыш адаммын, оның есесіне..... . 
- Мен соншалықты сымбатты емеспін, оның есесіне .... . 
- Мен тым толықпын, оның есесіне.... . 
- Менің аяқтарым ұзын емес, оның есесіне ... . 
- Менің кемшіліктерім көп, оның есесіне ... . 
- Менің жазуым әдемі емес, оның есесіне ..... . 

- Мен балық аршығанды ұнатпаймын, оның есесіне...

- Мен өлеңді жақсы жаттай алмаймын, оның есесіне...

- Мен шпагатқа отыра алмаймын, оның есесіне...

- Мен үнемі ұстаздардың көңілінен шыға алмаймын, оның есесіне...


Топқа бөліну.


Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды. 

«Мұғалімдер», «Тілшілер», «Актерлер», «Ғалымдар», «Жазушылар» болып топтарға бөлінеді.

Тұсаукесер

Уақыты:

8-10 минут

Негізгі бөлім

Уақыты:

20 минут

Қорытынды

Уақыты:

5-8 минут


  • Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Қашаған Күржіманұлы (1841-1929 жж.) «Есқали сұпыға айтқаны»,«Осы күні жолдас болдым сексенменен» өлеңдері. Ендеше барлығымыз бірлесе отырып сабағымыздың мақсатын анықтайық. Ал осы мақсатқа жету үшін қандай сұрақ туындайды?

  • Жаңа тақырыпты түсіну:

1.Топтық тапсырма. «Зерттеуші шеберханасы»

І топ, «Мұғалімдер»: «Қашаған – жырдың дүлділі» Постер қорғау немесе компьютерде таныстырылым жасау

ІІ топ, «Ғалымдар» : Кітапханадан тың материал табу

ІІІ топ, «Әртістер»: «Есқали сұпыға айтқаны» Қойылым дайындау

ІVтоп, «Тілшілер»: Интервью алу (Мектептегі қазақ тілі мен әд.пәні мұғалімдерінен, кітапханашыдан, тарихшылардан, т.б тақырыпқа байланысты сұхбат алады)

V топ, «Жазушылар»: Эссе жазу

2. «Осы күн жолдас болдым сексенменен» өлеңін талдау.

  1. Түрткі болу сұрақтары: Өлең не туралы? Ақын нені аңсайды?

  2. Сынақтан өткізу сұрақтары:» Өлеңнің қандай тәрбиелік мәні бар?

«Осы күн жолдас болдым сексенменен,

Кез болды кәрілік, шіркін, сескенбеген» деген жолдарды түсіндіріңіз.

Өзіңе әсер еткен жолдарды тауып оқыңыз. Неге дәл осы жолдарды таңдадыңыз?

Қайта бағыттау сұрақтары: Кім толықтырады?
3. Ақын өлеңдерінің ерекшеліктерін анықтау мақсатындағы тапсырмалар.

Ақын өлеңдеріндегі әдеби-теориялық ұғымдарды анықтаңыз:

Өлеңнен үзінді

әдеби-теориялық ұғымдар

Қолымдағы қу ағаш,

Сайрап отыр бұл ағаш.

Асылы емен, қарағай,

Шыққан жері су ағаш



Қу ағаш – домбыра –метонимия.(Өзара байланысты ұғымдарды бірінің орнына бірін қолдану)

Сыртымнан естіген жұрт әуес еді,

Тұлпардай шығып жүрген дабылымнан,

Жас жігіт қонам десе, қон дер едің,

Көрем де сақалымның буырылынан.



Тұлпардай теңеу

Жас эпитет

Қарашы, біздің шіркін бай

Шаруаның құлқын табуын...

Құдықтың аузын күзетіп,

Ор, денесін түзетіп,

Бет терісін түлетіп,

Төбесінен күн өтіп,

Шыбын жанын пида етіп,

Шаруаға жанды жүдетіп, Жүргенде кетпесе игі еді

Біздің «аршыланға»тіл өтіп.


Ирония.(Сырты сыпайы, іші толған ащы күлкі, мысқыл)

Адай деген ел едік –

Абайсыз өскен алшаңым,

Тәксіз өскен тарпаңым.


Метафора (Адай – алшаңым, тарпаңым) Затты немесе құбылысты екінші бір ұқсас нәрсемен салыстыра суреттеу


3.Блум деңгейіндегі сұрақтар:(«Есқали сұпыға айтқаны»)


  1. Есқали кім? Білу

  2. Өлең мазмұнымен танысу барысында Қашаған бейнесі көзіңізге қандай боп елестейді? Түсіну

  3. Неге Қашаған қарапайым кедейлердің үйіне қонбай, Есқали сұпының үйін таңдады? Қолдану

  4. Бұл шығарманың маңыздылығы неде? Талдау

  5. Ақынның уытты өлеңінен соң Есқали сұпы не істеді деп ойлайсың? Жинақтау

  6. Осы оқиғадағы ең жағымсыз жан кім, Есқали сұпы ма, әлде оның келіні ме? Бағалау


4.Осы күн жолдас болдым сексенменен өлеңінің құрылысына талдау жасаңыз.(Үш шумақ, бірінші және үшінші шумақтарда бес тармақ, үш бунақ, аралас ұйқас, ал екінші шумақта төрт тармақ, қара өлең ұйқасы)

5.Ақын шығармашылығын заманындағы өзге ақындармен салыстырыңыз.
Бүгін сабақта мақсатымызға жеттік пе? Оны қалай дәлелдейміз? Сұрақтарымыз шешімін тапты ма?


Барлығы бірлесе отырып сабақтың мақсатын анықтайды және сол мақсатқа жету үшін қандай сұрақтың шешімін табулары керектігін анықтайды.

Эссе, сұхбат, таныстырылым, қойылым, т.б. құрастырып, жаңа білім қалыптастырады.

Берілген кестенің әдеби-теориялық ұғымдар бөлігін толтырады.

Берілген өлең құрылысына талдау жасайды.



Топ басшылары бағалау парағын толтырады.


Дереккөздер:

Қазақ әдебиеті пәні оқулығы. Мектеп баспасы 2014 Сілтемелер, қосымша материалдар



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет