Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.1.2.11 –элементтердің атауларын, валенттілікті және олардың қосылыстағы атомдық қатынастарын қолдана отырып бинарлы химиялық қосылыстардың формулаларын дұрыс жаза білу .
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушы: Элементтердің атауларын және химиялық қосылыстардың формулаларын жазады.
Басым бөлігі: Қосылыстардың атомдық қатыныстарын түсінеді . Индекстер бойынша формулаларды оқи алады.
Кейбірі:Бинарлы химиялық қосылыстарды ИЮПАК номенклатурасы бойынша оқып жіктейді . Кеңістіктегі моделін құрайды.
1.Элементтердің атаулары мен олардың қосылыстардағы атомдық қатынастарын қолданады. 2. Бинарлы химиялық қосылыстардың формулаларын анықтайды. .
Тілдік мақсаттар
Оқушылар:Валенттілік,химилық формулалар туралы мағлұматтарды түсінеді,біледі, талдайды.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Химиялық формула, коэфиц иенттер, индекстер,валенттілік, бинарлы қосылыстар, массалық қатыныстар т.с.с.
Сыныптағы диалог: 1.Молекула құрамы екі элемент атомынан тұратын қосылыстар қалай аталады? Элемент қосылыстарында айнымалы валенттілік көрсетсе, оның атауында элементтің валенттілігі ............ жақшаның ішінде көрсетіледі.