Сабақтың тақырыбы Вокзалда Жалпы мақсаты



бет2/7
Дата08.07.2018
өлшемі0,54 Mb.
#48446
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7



Кері байланыс



«Менің сабақтан кейінгі әсерім» кестесі


Қандай ой пайда болды?

Не сезіндім?

Не ұнады?













Бағалау

Алдымен топ басшылары топтарды бағалауды ұсынамын.

Мұғалім оқушыларды бағалайды.



Үйге тапсырма

96-бет, 5,6-тапсырмаларды орындау

Мамыр.


Мамыр-үшiншi ай. Көктемнiң ең сұлу шағы. Күн жылып, жер бусанып, өсiмдiк құлпырады,төл көбейедi. Құстар ұя салып, балапан шығарады. Қазақтар барлық құстардың балапандарын мамыр деп атайды. Ай аты осы сөзден шыққан дейдi халық. Мамыр -тоқшылық, семiру ұғымды бiлдiредi. Мектептерде де мамыр айында соңғы қоңырау соғылады.

(46 сөз).



Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздік күні – ерекше мереке». 
Сынып: 6 сынып 
Мақсаты: 
1.Білімділік: Тәуелсіздік күні – ерекше мереке тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін толықтыру. 
2.Дамытушылық: Оқушылардың коммуникативті дағдыларын қалыптастыру, функционалдық сауаттылығын жетілдіру. 
3.Тәрбиелік: Әрбір оқушының туған елге, жерге, тіліне деген сезімін ояту, оларды ұлтын сүюге, туған жерін қадірлей білуге, тәуелсіз елін құрметтей білуге тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: аралас сабақ. 
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, қайталау, сұрақ-жауап, ой-пікір білдіру, диалог, монолог, интербелсенді технологияның элементтері, АКТ-нің элементтері, ассоциация әдісі. 
Көрнекілігі: видео көріністер, интерактивті тақта, музыкалық бейнетаспалар, Қазақстан картасы, Қазақстан Республикасының рәміздері, карточкалар, альбомдар, суреттер, тақырып бойынша кітаптар. 
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушыларды сабақтық тілдік ортаға кіргізу. Мұғаліммен оқушылар арасындағы сұхбат. 
Бүгін кім кезекші? 
Балалар бүгін нешесі? Бүгін қай ай? Бүгін қай жыл мезгілі? 
Балалар қыс айларын атаңдаршы? 
Бүгін қай күн? ( Балалар жауабын айтады) Бүгін сәрсенбі, Сәтті күн! Балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр. Сендер өз білімдеріңді, біліктеріңді бүгін сабақта көрсетесіңдер, бүгін қай бала сауатты жауап берсе «қызыл алмаға» ие болад, жақсы жауап бергендер «жасыл алмаға», орташа жауап бергендер «сары алмаға» ие болады. Сондықтан мен сендерге осы күні сәттілік тілей отырып сендер жақсы білім көрсетулеріңе сенімдімін. (мотивация). 
Үй жұмысын тексеру. Грамматикалық тақырып: 

Жіктік жалғауларын қайталау 
Қазақстан - біздің Отанымыз – тақырыбына (мәтін құрастырып келу, сөздік сөздерді тексеру). 
Сөздік жұмысын тексеру: интерактивті тақтада суреттер беріледі, балалар сол суреттің атауын табады. 
Мәтін тексеру: үлестірме карточкалары бойынша (ойын түрінде жүргізіледі). 

Сенің Отаның қай ел? 
Қазақстанның тұңғыш президенті кім? 
Ол қашан сайланды? 
Қазақстан Республикасының рәміздерін білесің бе? 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі қай тіл? 
Қазақстан қандай мемлекет? 
Үй жұмысын қорытындылау, бағалау (смайлики) 
2. Жаңа тақырып. 
1. Бейне-таспа (Б. Тлеухановтың «Менің елім» атты әнін тыңдату, тақтада слайд көрсету). 
2. Ассоциация әдісі: Мұғалім сөзі: «Балалар, сендер Б.Тлеухановтың орындауында «Менің елім» әнін тыңдадыңдар, слайдтан суреттер көрдіңдер. Осы әнді тыңдағанда, сендердің ойларыңа қандай сөздер келді?» (Оқушылардың тұспалды жауаптары: Қазақстан, менің елім, туған елім, елбасы, рәміздер, тәуелсіздік, егемендік.......). 
3. Мұғалім сөзі: Сонымен балалар, осы сөздердің бәрін жинақтай келе 16 желтоқсан қандай күн деп ойлайсыңдар? Оқушылардың жауабы : 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні. 
4.Лексикалық жұмыс: Тәуелсіз – деген сөз нені білдіреді? (Орысша оқушы сөздің мағынасын ашады). Оқушылардың тұспалды жауаптары : 1. Тәуелсіз – деген сөз, мен ойлаймын – бұл еркіндік деген сөз. 2. Тәуелсіз деген- ешкімге тәуелді емес, ешкімге жалтақтамай өз алдына өмір сүру. 3.Тәуелсіз деген – Астанасы, рәміздері, өзінің шекарасы, мемлекеттік тілі бар ел деп білемін. 4. Тәуелсіз – ол бұл елде халыққа қажеттінің барлығы болу керек, мысалы: балабақша, мектеп, жоғары оқу орындары, елдің салт-дәстүрі, мәдениеті, экономикасы мықты болу керек ойлаймын. 5. Тәуелсіз деген – ол менің ойымша менің Отанымның ауасы, суы, орманы, тоғайы, онда өмір сүретін халқымның жақсы жағдайы. 
Енді түсіндіңдер ме балалар. Тәуелсіздік сөзінің мағынасын. Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Тәуелсіздік күні – ерекше мереке». Тәуелсіздік неге ерекше мереке? Осыған, бүгігі сабақ барысында жауап іздейік, 
Мұғалімнің кіріспе сөзі: 
70 жыл бойы, ата-бабамыздың армандаған арманы бүгінгі күнде орындалып отыр. Қазақстанда жүрегіңді толқытып қана қоймай, халқыңды мақтаныш ететін, Отаным деп ұран салуға жетектейтін бір күн бар, ол – 16 ЖЕЛТОҚСАН. 
Желтоқсан – Тәуелсіздіктің мерекесі. Бұл-күн атымыз алты алашқа тараған,әлем бізге қараған күн! Бұл-күн алаш жұртының абройы асқақтап,ата-бабамыз аңсаған арманы орындалған, халқымызға еркіндік сыйлаған күн! Егемендік үшін «Ереулі атқа ер салған» ұлтымның парасатты тірлігі, ерлердің ерлігі мәңгі ұмытылмайды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады, ол «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңымен бекітілді. 
Тәуелсіздікті бізге сыйлаған ата-бабаларымыз, аға-апайларымыздың, Елбасымыздың ерен еңбегі бәрімізге белгілі. Биыл Қазақстанның Тәуелсіздігін сіздер мен біздер болып 23 жылдық мерейлі тойын атап отырмыз. Бұл мереке әрбір жылдың 16 желтоқсанында тойланады. Тәуелсіздіктің арқасында тегін білім алып жатырмыз, ұлттық валютамыз – теңге, ұлттық салт-дәстүрлеріміз жаңғыруда, жастарымыз білікті де, білімді 3 тілде еркін сөйлейтін азаматтар мен азаматшалар тәрбиеленуде. Бұның бәрі егеменді елімнің арқасында. 
Ендеше, тәуелсіз Қазақстанның көк байрағы көгімізде мәңгілікке желбіресін. Қазақстан бүгінде бүкіл әлем танитын «Тәуелсіз мемлекет» (тарихтан бейне таспадан көріністер, мұғалім өлеңмен сүйемелдейді) 
5. Оқулықпен жұмыс: Жаңағы мен оқыған өлең оқулықта 109 бетте ақын Тұманбай Молдағалиевтің 16 желтоқсан – тәуелсіздік күніне арналған өлеңі. 
Аудирование: Балалар сендер не түсіндіңдер? 
Сөздік жұмыс : ұлы мейрам- великий праздник, 
жаңа шыққан көктемдей-как новая весна, 
жайдары, көңілді – чудесный, приятный 
ар,намыс – честь, 
тап-таза – чистый, 
жан - душа 
байрағы, ту - флаг 
Хормен, топпен, жеке оқыту. 
6.Мәтінмен жұмыс (өз бетімен топпен жұмыс ойын түрінде өтеді). Тақтада орысша мәтін жазылып тұрады. 6 –тапсырма, 109 бетте Осы мәтін қазақшаға аударылып, жазылып бір -бір бетте оқушылардың алдарында жатады. 
7.Тексеру, қорытындылау (Балалар осы жұмыстан бір мәтін шығардық. Кім оқып береді? Мәтінді оқушы оқиды). Ал енді балалар, мәтінді оқыдық, енді Қазақстан елін картадан көрсетеміз. Бір оқушы шығып картадан Қазақстан мемлекетін көрсетіп тұрып біраз сипаттама береді.Оқушы сөзі: 
1. Қазақстан Еуразия құрылығында орналасқан. 
2.Қазақстанның көрші мемлекеттері Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменістан, Қытай. 
Жанағы картадан Қазақстанды көрсетіп, сипаттама берген оқушының топтарға қоятын сұрақтары: 
1.Қазақстанның астанасы қай қала? 
2. Қазақстанның неше облысы бар? 
3. Қазақстанның ірі қалаларықандай? (Астана, Алматы, Шымкент) 
4.Шығыс Қазақстан облысының орталығы қай қала? 
Мұғалім сөзі: Өскемен біздің кіші Отанымыз. Өскемен қандай қала? Өскеменде не өндіріледі? Мектеп туралы қысқаша айта кету (Аймақтық компонент бойынша Өскемен қаласын алдық «Кіші Отан туралы») (Мектеп туралы сөздік сөзбен, суретпен оқушыларды сөйлеттіру). 
8. Үй тапсырмасы: 
Сөздікті жаттау (барлығына). 
1 – топ, Мақал-мәтелдер. 
2 – топ, (109 бет, 5 – тапсырма) өлеңді жаттау. 
3 – топ, «Қазақстан – тәуелсіз мемлекет» тақырыбына презентация жасау. 
9.Бекіту сәті. 
1.Интерактивті тақтада таблица болады. 
Не білемін Не білдім Не білгім келеді 
Мақал, өлең білемін. Тәуелсіздік туралы білдім. Тәуелсіздікке қалай қол жеткізгендігі туралы тарихты білгім келеді 
Таблицадан соң мұғалімнің сөзі. Бәйтеректің суреті ілініп тұрады. Оқушылар смайликтерін алып бәйтерекке жапсырады. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алды, енді балалар міне биыл Қазақстанның тәуелсіздігіне 23 жыл болады. Қазақстан Республикасы қазір кең байтақ, бақытты, тәуелсіз мемлекет. ... 


Сабақтың тақырыбы: Біздің мерекелер. 4сынып

Сабақтың мақсаты: Білімділік: жаңа тақырып бойынша оқушыларға жан-жақты білім беру. Оқушылардың жаңа тақырып бойынша алған білімдерін молайту.

Дамытушылық: мерекелері туралы айта отырып, оқушылардың сөздік қорын молайту. Мерекелер тақырыбында сөйлесу дағдысы қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды сауатты,көркем жазуға үйрету. Мереке күндерінде туыстарын, жақын адамдарын қалай қалай құттықтау керектігін үйрету.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

а)Сәлемдесу.

ә) Оқушыларды сабаққа бейімдеу.

б) Оқушыларды сабаққа жұмылдыру.

Шаттық шеңберін құру.

Амансың ба,алтын күн!

Амансың ба, көк аспан!

Амансың ба,достарым!

Сабағымызды бастайық

Жамандықты тастайық.

II.Жаңа сабақ.


  • Балалар біздің елімізде қандай мерекелер бар?

16 желтоқсан – 1-қаңтар – 8 наурыз –

Тәуелсіздік күні Жаңа жыл Халықаралық

Әйелдер күні

22 наурыз Біздің мерекелер

Наурыз мейрамы

1 мамыр – 9 мамыр –

Қазақстан халқының Жеңіс күні

бірлігі күні

6 шілде – 1 желтоқсан

Астана күні Президент күні
-сонда балалар, бүгінгі тақырыптың аты қалай?

-дұрыс, «Біздің мерекелер.»



Жаңа сөздер:

Мереке, мейрам – праздник мамыр – май

Желтоқсан – декабрь қаңтар – январь

Наурыз – март маусым - июнь

III.Тапсырмалармен жұмыс.

1-т-ма. Кластерге қарап 2-3сөйлемдер құрастырып жаз.

2-т-ма. 112 бет 4-т-ма. Сандарды сөйлет

3-т-ма. 112 бет 5-т-ма. Жұптастырып жаз.

IV.Cабақты қорытындылау,бағалау.

V.Үй тапсырмасы.
Сабақтың тақырыбы:  Тіл дамыту.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: лексикалық  және грамматикалық  тақырыптарды

                                     қайталау,  сауатты жазуға және  сөйлеуге  үйрету;

                                     ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

                                     қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

                                     қалыптастыру;

                                      б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік  тілді 

                                     құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға  тәрбиелеу;

Сабақтың  түрі: қайталау сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, диалог

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, топшамалар

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін  нәтиже: өтілген лексикалық  және  грамматикалық тақырыптарды меңгеру;

Сабақтың  барысы:

         І. Ұйымдастыру  бөлімі

- Оқушылармен амандасу           - Кезекшінің  мәліметі

         ІІ. Үй  тапсырмасын  тексеру

Тапсырманы сұрау

         ІІІ. Жаңа  сабақ

 «Менің отбасым» тақырыбына диалог құрау

Отбасы тақырбындағы сөздерді еске түсіру.



Ережемен жұмыс

               Атау септігінің сұрақтары   кім? не? кімдер? нелер?

              Жалғауы жоқ. Мысалы: мектеп,адам, әңгіме.

                       Сауалнама жүргізу.



  1. Сенің отбасың қандай?

  2. Отбасыңда неше адам бар?

  3. Отбасыңды жақсы көресің бе?

  4. Отбасыңда қандай қызықтар болды?

 

             ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар  қою арқылы  бекіту.  

              V. Үйге тапсырма

Өткенді қайталау.

              VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау

              VІІ. Сабақты  қорытындылауАқпараттық диктант. Мақалдың жартысын табу. «Кім тапқыр?» ойыны.

1.Туған жердей жер болмас, ....................

2.Бірлігі жоқ ел тозар,...............................

3.Аз сөз алтын,..........................................

4.Жол қуған қазынаға жолығар,................

5.Шебердің қолы ортақ ,...........................

6.Басқа  бәле ............................................

7.Аңдамай  сөйлеген ,...............................

8.Күшіңе сенбе ,......................................

9.Оқу- білім азығы,..................................

10. Әке көрген ........................................



ҮІІІ. Оқушыларды бағалау.

 Стикер арқылы  әр оқушының берген жауабына байланысты

 қызыл түсті стикер- «Өте жақсы»

көк түсті стикер- «жақсы»

сары түсті стикер- «қанағаттанарлық»

Қысқа мерзімдік жоспар

Пәннің аты

Қазақ тілі

Уақыты:

11.04.2017 ж.

Класс:

4

Мұғалімі

Рахметалина Г.Е

Сабақтың атауы

Циркте.

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Мақсатты:

а1. Білімділік: Жаңа тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыруды жалғастыру. Оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, тілдесім әрекетіне жетелеу.  

2. Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу дағдыларын  дамыту.  Сөздік қорын толықтырып, тақырып бойынша байыту.  

3. Тәрбиелік: Оқушыларды мәдениет орындарында тәртіп сақтауға баулу және әдептілікке тәрбиелеу.

Күтілетін  нәтиже: Сын тұрғысынан ойлау қабілеті дамиды. Мәтінмен ,диалогпен ,тірек сызбалармен жұмыс істеп, негізгі ойын анықтай алады. 


Психологиялық ахуал

«Жүректен жүрекке» бір-біріне сабаққа тілек айту.оқушылар шеңбер құрып тұрады. Олар бір-біріне кезек-кезек бүгінгі сабаққа тілектерін білдіреді.

2.Үстел үстінен түсті кеспе қағаздарды(билет) алып билет нөмері бойынша үш топқа бөлініп отырады.

1-үстел: 1 сандары

2-үстел: 2 сандары

3-үстел: 3 сандары


Сабақтың бөлімдері

Сабақтың барысы

Дифференциация

Бағалау



Қызығушылықты ояту

«Идея жинау » тәсілін қолданамын. Топтар цирк туралы не білетіндерін айтады.





Формативті бағалау


Ой шақыру
Сергіту сәті


III Мағынаны тану Жаңа сабаққа дайындау: *1-тапсырма, 97-бет. Танымдық қабілет дамыту мен қалыптастыру мақсатында тапсырмадағы жаңа сөздермен жан-жақты жұмыстар жүргізу. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекетін іске асыру арқылы «Астана циркі» туралы толық мәлімет беру. 

      5. Жаңа сабақ: Астана циркі.

      6. Жаңа сабақты түсіндіру:       

      Жаңа сөздер: 

      Сол жағалау-левый берег, сыяды-помещается, орналасқан-расположен.

Дәптерлеріне күні, тақырыбын жаздырту.

2-тапсырма, 97-бет.Тақырып бойынша берілген «Астана циркі» мәтінімен жұмыс. Жаңа сөздер мен сөз тіркестері бойынша қосымша жұмыс ұйымдастыру. Жазылым әрекетімен ұштастыру. 

3-тапсырма, 98-бет. Аталған тақырып бойынша суретпен жұмыс. 

Қосымша тапсырма. Сөздік диктант.

Цирк, жағалауда, орналасқан, қабатты, қасында қонақүй, жануарлар, мысық, арыстан, түйе, ұнайды.

4-тапсырма, 98-бет. Тақырып бойынша суреттер арқылы берілген тапсырманы қисынды ойлау қабілетін жандандыра отырып, жұмыс жасап, оқушыларды сауаттылыққа, байқампаздыққа баулу.

5-тапсырма, 99-бет. Сатылап сөйлем құрау әдісін пайдаланып, оқушылармен жеке-жеке жұмыс жасату. Әр оқушыға бөлек-бөлек тапсырма беру. Жазылым әрекетін тақта алдында жүргізіп, оқушылардың сауатын бақылау.

Сергіту сәті:                           

Орнымыздан тұрайық,

Қолымызды созайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Бір отырып, бір тұрып,

Демімізді алайық.

8. Сабақты қорытындылау:  

6-тапсырма, 99-бет. Тақырыптың негізгі сөзіне байланысты сөйлемдермен жұмысты ауызша бастап, жазылым әрекетімен аяқтау. Әр сөздің мағынасын, яғни септік жалғауларын түсіндіріп отыру.  



.




Суммативті бағалау


Ой толғаныс

«Қара жәшік» ішіндегі жұмыс арқылы бүгінгі тақырып бойынша сұрақ-жауап құрастыру. Оқушылар тақырып бойынша сұрақтар құрастырып, «қара жәшіктің» ішіне салып араластарап,  кез келген сұрақты алып, жылдам және толық дұрыс жауап береді







Үйге тапсырма

.6 тап,99-бет


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет