Қазақ тілі. 4-сынып Тест 1-нұсқа
оқушының аты-жөні:___________________________________________________
1. Қатаң дауыссыздарды белгіле:
А) п,в,р. В) ш,щ,ж. С) ц,ч,щ. Д) н,м,л.
2. Бірыңғай ұяң дауыссыз дыбыс қатысқан созді тап:
А) иірімді В) ашық С) ғажайып Д) Аягөз
3. Үш буынды сөзді көрсет:
А) ләйлек В) алуан С) елік Д) қарға
4. -ншы жұрнақ қай сөзге сәйкес келеді:
А) жеті В) екі С) алты Д) үш
5. Көпше түрде тәуелденген сөз:
А) мысығым В) мысықтар С) мысықпын Д) мысығымыз
6. Ы - қандай дыбыс:
А) жуан дыбысты В) үнді дауыссыз С) ұяң дауыссыз Д) жіңішке дауысты
7. І -жақ, тәуелді формадағы зат есімді белгіле:
А) дәптерің В) дәптерім С) дәптеріңіз Д) дәптері
8. Қазақ тілінде неше септік бар?
А) 5 В) 7 С) 3 Д) 10
9. Қазақ тіліне тән дыбыстарды белгіле:
А) ө,о,,э,в,к,с,һ. В) м,н,ң,к,ч,ф,ұ. С) ә,ө,ү,ұ,і,қ,ғ. Д) ж,з,қ,л,м,н,о.
10. Бес буыны бар сөзді белгіле:
А) аулаймыз В) шомыламыз С) демаламыз Д) көмектесеміз.
Қазақ тілі. 4-сынып Тест 2-нұсқа
оқушының аты-жөні:___________________________________________________
1. Бірыңғай қатаң дауыссыздан тұратын сөзді тап:
А) жусан В) дауыс С) кітап Д) қарға
2. Жіктік жалғауларын белгіле:
А) -мін, -сін, -сіз В) -ма,-ме,-па,-пе С) -ым, -ім, -м Д) -лар, -лер,-тар, -тер
3. Реттік сан есімнің жұрнағын көрсет:
А) -ау, -еу В) -ыншы, -інші, -ншы,-нші С) -тан, -тен Д) жұрнақ болмайды
4. Ф-қандай дыбыс?
А) ұяң, дауыссыз В) дауысты С) қатаң дауыссыз Д) үнді дауыссыз
5. Жалғау жалғанған сөз:
А) кәсіпкер В) ғалымның С) білім Д) жылқышы
Қазақ тілі. 4-сынып Тест 3-нұсқа
6. Тәуелденген зат есім:
А) атамын. В) аталар. С) атам. Д) атамен.
7. Ілік септік жалғауы бар сөздерді көрсет:
А) оқушыны, баланы, кітапты. В) оқушының, баланың, кітаптың. С) оқушыда, балада, кітапта.
Д) оқушыға, балаға, кітапқа.
8. Тәуелдік жалғауы нешінші жақта тұр: Оның дәптері.
А) ІІІ жақта, жекеше. В) ІІ жақта, көпше. С) І жақта, жекеше. Д) ІІІ жақта, көпше.
9. Көмектес септіктің жалғауларын тап:
А) -мен, -бен, -пен. В) -нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен. С) -ға, -ге, -қа, -ке. Д) -ның, -нің, -дың, -дің.
10. Жіктік жалғауы жалғанған зат есімді тап:
А) оқушымын В) оқушым С) оқушыға Д) оқушының
18. Табыс септіктегі сөзді белгіле:
А) шекараны. В) демалыстың. С) кітаппен. Д) ұшаққа.
Тест VІ-нұсқа
1. Ұяң дауыссыздарды көрсет:
А) з, ж, г. В) к, л, м. С) д, т, с. Д) н, ң, ғ.
2. Табыс септіктегі сөзді белгіле:
А) шекараны. В) демалыстың. С) кітаппен. Д) ұшаққа.
4. Барыс септік жалғауын көрсет:
А) -да, -де, -та, -те. В) -ты, -ті.
С) -ға, -ге, -қа, -ке. Д) -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің.
6. Тәуелдік формаға жататын жалғауларды көрсет:
А) -дың, -дің, -тың, -тің. В) -дар, -дер, -лар, -лер.
С) -м, -ң, -сы, -сі. Д) -да, -де, -та, -те.
7. Барыс септігіндегі сөзді тап: Апам тауыққа жем шашты.
А) апам. В) тауыққа. С) жем. Д) шашты.
9. Жіктік жалғауы жалғанған зат есімді тап:
А) оқушым. В) оқушының. С) оқушымыз. Д) оқушылар.
13. Тәуелденген зат есімді тап:
А) кітап. В) оқушысың. С) оқушыға. Д) кітабым.
14. ІІ-жақ тәуелдік жалғаулары бар сөздерді ата:
А) балалар, қағаздар, қойлар. В) балаларың, қағаздарың, қойларың.
С) балаларға, қағаздарға, қойларға. Д)балалармен,қойлармен,қағаздармен.
15. Ілік септік сұрақтарын көрсет:
А) кімді? нені? В) кіммен? немен? С) кімде? неде? Д) кімнің? ненің?
Қазақ тілі. 4-сынып Тест 5-нұсқа
1. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар саны:
А)12. В) 15. С) 20. Д) 25.
2. Әріптердің қай қатары белгілі бір жүйеде емес?
А) а,е,о,ү. В) ү,ф,х.һ. С)з,и,к, м. Д)з, й,и,к.
3. Тырнақша - сөзінде қанша буын бар:
А)төрт. В) бес. С) үш. Д) екі.
4. Көптік жалғауы бар сөздерді көрсет:
А) астық, егін. В) жемістер, көкеністер.
С) саяхат, мейрам. Д) мереке, жыл.
5. Етістіктің сұрақтарын белгіле:
А) қандай, кімдер. В) не істеді? қайтті?
С) нешеу? қайтті? Д) қанша? не қылды?
6. Сан есім дегеніміз-
А) заттың қимылын білдіретін сөз.
В) заттың сынын білдіретін сөз.
С) заттың санын білдіретін сөз.
Д) заттың атын білдіретін сөз.
7. Щ- қандай дыбыс?
А) қысаң, дауыссыз. В) дауысты, ашық.
С) дауыссыз, қатаң. С) дауыссыз, ұяң.
8. Сөйлемдегі бастауышты белгіле: Біздің үйге қонақ келді.
А) біздің. В) үйге. С) қонақ. Д) келді.
9. Жалаң сөйлемді белгіле:
А) Әли әдемі жазады. В)Бүгін ол келмеді.
С) Ол қызықты кітаптар оқыды. Д) Ол оқыды.
10. Түбір сөзді белгіле:
А) жыршы. В) астық. С) бапкер. Д) дала.
11. Қосымша дұрыс жалғанған сөз:
А) алмадар. В) алмалер. С) алмалар. Д) алмадер.
12. Тәуелденген зат есім:
А) атамын, В) аталар. С) атам. Д) атамен.
13. Түбірлес сөздер деп нені айтады?
А)Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөз.
В) Бір түбірден бірнеше туынды сөздің жасалуы.
С) Түбір сөзге жалғау жалғану арқылы жасалған сөз.
Д) Мағыналы сөздердің байланысы.
14. Не істеді? Қайтті? - қай сөйлем мүшесінің сұрағы?
А) бастауыш. В) баяндауыш.
С) тұрлаусыз мүше. Д) сөйлем мүшесінің сұрағы болмайды.
15. Негізі жіңішке сөздерді көрсет:
А)сіңлі, шеше, бауыр. В) ата, аға, бала.
С) әке, әже, іні. Д) қыз, отбасы, тату.
16. Күрделі мүшесі бар сөйлемді белгіле:
А) Бақыт кітапты оқыды.
В) Бақыт қызықты кітапты оқыды.
С) Бақыт оқыды.
Д) Бақыт оқып отыр.
17. Екі түбірден жасалған сөз қалай аталады?
А) біріккен сөз. В) түбірлес сөз. С) қос сөз. Д) сөз тіркесі.
18. Тұрлаусыз мүшесі бар сөйлемді тап:
А) Мұғалім сабаққа кірді.
В) Мұғалім кіріп келді.
С) Мұғалім кірді.
Д) Мұғалім келді.
19. Қарсы мәндес сөздердің ерекшелігі:
А) мағыналары бірдей болады.
В) мағыналары әртүрлі болады.
С) мағыналары бір-біріне қарсы болады.
Д) мағыналары мәндес болады.
20. Реттік сан есімнің жұрнағын көрсет:
А) -ау, -еу,
В) -ыншы, -інші, -ншы, -нші.
С) -тан, -тен, -дан, -ден.
Д) жұрнақ болмайды.
Тест 4-нұсқа.
1.Тек жуан дауысты дыбыстар қатарын тап:
А) а,ұ,ү,і. В) а,е,и,ү. С) а,ә,ы,в. Д) а,ы,ұ,о.
2.Айтылуы бірдей, мағыналары әр түрлі сөзді тап:
А)ұста. В) қымыз. С) көмек. Д) шебер.
3.-ншы жұрнақ қай сөзге сәйкес келеді:
А) жеті. В) екі. С) алты. Д) үш.
4.Сөз тіркесі неден құралады?
А)бір не екі сөзден. В)Екі не одан көп сөзден.
С)Бір ғана сөзден. Д)Буындардан.
5.Жай сөйлем дегеніміз-
А)бір ғана ойды білдіретін дара сөйлем.
В)бірнеше сөйлемнен құралған әңгіме.
С)күрделі ойды білдіретін сөйлем.
Д)бірдеңені хабарлау мақсатымен айтылған сөйлем.
6.Заттың атын білдіретін сөзді тап:
А) он сегіз. В) таза. С) күреді. Д) оқулық.
7. Бес буыны бар сөзді белгіле:
А) аулаймыз. В) шомыламыз.
С) демаламыз Д)көмектесеміз.
8.Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері:
А)бастауыш пен сан есім. В)қаратпа сөз бен сан есім.
С)бастауыш пен баяндауыш. Д)зат есім.
9.Мақалды аяқта: Елдің көркі- елімен,
Отан көркі- ... .
А)көлімен. В)жерімен. С) көркімен. Д) бетімен.
10.Құрмалас сөйлемнің бірінші жай сөйлеміндегі
баяндауышты тап: Қарлығаш төмен ұшса, күн жауады.
А) күн В)төмен С)ұшса Д) жауады.
11. Бір сыңары күрделі сөзден жасалған сөз тіркесін белгіле:
А) әкенің өсиеті. В) кітап оқу.
С)сегіз дәптер. Д) қоңыр салқын жел.
12. Тұрлаусыз мүшесі жоқ сөйлемді белгіле:
А) Аққулар көлге қонды.
В) Аққулар шалқар көлге қонды. С)Аққулар қонды. Д) Аққулар көлге қонып отыр.
13. Бірыңғай мүшесі бар сөйлемді тап:
А) Бекжан інісін өте жақсы көреді.
В) Әкем маған қызықты кітаптар сатып әперді.
С) Атам үйінің дәл жанында терек пен шырша өсіп тұр.
Д) Оқушылар бүгінгі сабақта ерекше тыныш отырды.
14. Бірыңғай қатаң дауыссыздан тұратын сөзді анықта:
А) жусан. В) дауыс. С) кітап. Д) қарға.
15. Туынды зат есімдерді көрсет:
А) қой, ешкі. В) кітап, қалам.
С) жылқы, тұлпар. Д)аспаз, арбакеш.
16. Жіктік жалғауы жалғанған зат есімді тап:
А) оқушым. В) оқушының. С)оқушымыз. Д) оқушылар.
17. Баяндауышты тап: Біз үнемі бейбітшілікті сүйеміз.
А) Біз. В) Бейбітшілікті. С) Үнемі. Д) Сүйеміз.
18. Есептік сан есімді белгіле:
А) Айсұлу екінші партада отырады.
В) Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орында.
С) Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. Д) Сабақ таңертең сағат тоғызда басталады.
Тест.
v-нұсқа.
1. Үнді дауыссыздарды белгіле:
а) г, ғ, м, л. в) м, л, н, ң. с) ш, х, ғ, г. д) д, р, з, ф.
2. Барыс септігінің сұрақтарын белгіле:
а) кімнің? ненің? в) кімге? неге?
с) кімді? нені? Д) кімде? Неде?
3. Сөз тіркесі неден құралады?
А) бір не екі сөзден. В) екі не одан көп сөзден.
С) бір ғана сөзден. Д) буындардан.
4. Нақ осы шақтағы етістікті көрсет:
А) айтады. В) айтып тұр. С) айттың. Д) айтасыз.
5. -дық, -дік,-дыңдар, -діңдер жалғаулары жалғаудың қай түріне жатады?
А) септік. В) жіктік. С) тәуелдік. Д) көптік.
6. Көмектес септігінің сұрағын белгіле:
А) кіммен? немен? В) кімді? нені?
С) кімде? неде? Д) кімге? неге?
7. Қате қойылған тыныс белгіні көрсет:
А) Қыздар сурет салды, өлең жаттады.
В) Арман үйде де, мектепте де, сабақ қараудан жалықпайды.
С) Қоңырау соғылды, оқушылар сабаққа дайындалды.
Д)Оқушылар бүгінгі сабақта ерекше тыныш отырды.
8. І-жақ, тәуелді формадағы зат есімді белгіле:
А) дәптерің. В) дәптерім. С) дәптеріңіз. Д) дәптері.
9. Екі түбірден жасалған сөз қалай аталады?
А) біріккен сөз. В) түбірлес сөз. С) қос сөз. Д) сөз тіркесі.
10. Табыс септігіндегі сөзді көрсет:
А) ойыншықты. В) ойыншықпен. С) ойыншыққа. Д) ойыншықтан.
11. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері:
А) бастауыш пен сан есім. В) қаратпа сөз бен зат есім. С) бастауыш пен баяндауыш.
Д) зат есім.
12. Күшейткіш буынды қос сөзді белгіле:
А) түп-түзу. В) жауын-шашын. С) алыс-жақын, Д) бара-бара.
13. Жіктік жалғауларын белгіле: А) -мін, -сін, -сіз. В) -ма, -ме, -па, -пе.
С) -ым, -ім, -м. Д) -лар, -лер, -тар, -тер.
14. Жалғауы жоқ септік:
А) жатыс. В) табыс. С) ілік. Д) атау.
15. Кімді? Нені?- қай септіктің сұрағы?
А) атау септік. В) ілік септік. С) шығыс септік. Д) табыс септік.
16.Бірыңғай мүше қатысып тұрған сөйлемді тап:
А)Абай бірақ ойын айтпады.
В)Қайдан келдің, бауырсақ?
С)Шынымды айтайын, сізді танымай тұрмын.
Д) Көш алдында Тәкежан, Әзімбай,Майбасар барды.
17.Дара сан есімді тап: А)екі жүз. В)елу бес. С)жүз қырық екі.
18. Реттік сан есімнің жұрнағын көрсет:
А) -ау, -еу,
В) -ыншы, -інші, -ншы, -нші.
С) -тан, -тен, -дан, -ден.
Д) жұрнақ болмайды
ІІІ-нұсқа.
1. Қазақ әліпбиіндегі әріптер санын көрсет:
А)37. В)12. С)42. Д)36.
2. Ұяң дауыссыздарды белгіле:
А)д,ж,н,ң. В)қ,к,ғ,г. С)л,м,б,в. Д)ж,з,б,в.
3.Буынға дұрыс бөлінген сөзді тап:
А)жап-ы-рақ. В)жа-пыр-ақ. С)жа-пы-рақ. Д)жа-п-ырақ.
4.Буынға қате бөлінген сөзді тап:
А)құ-мырс-қа. В)дау-ыл-паз. С)би-ік-тік. Д)бо-яу-шы.
5.Не? сұрағына жауап беретін сөзді тап:
А)етікші. В)ақын. С)ата. Д)ақыл.
6.Қате жазылған санды белгіле:
А)онүш. В)мың. С)қырық бес. Д)жиырма.
7.у-дыбысының дауыссыз түрін белгіле:
А)журнал. В)қоңырау. С)қуыршақ. Д)бару.
8.у-дыбысының дауысты түрін белгіле:
А)ауған. В)уақыт. С)сурет Д)бауыр.
9.Жуан дауыстылы жалғауларды белгіле:
А)-ға,-қа. В)-лер,-тер. С)-ден,-тен. Д)-ге,-ке.
10.-інші жұрнағы қай сөзге сәйкес келеді:
А)алты. В)он. С) тоғыз. Д)үш.
11.Дұрыс жазылған сөзді тап:
А)айалдама. В)аялдама. С)аиалдама. Д)айялдама.
12.Жалқы есімді тап:
А)күшік. В)Бөрібасар. С)қала. Д)ауыл.
13.Ән сөзіне мәндес сөзді тап:
А)ертек. В)өлең. С)әңгіме. Д)би.
14.Мәтіннің түрлерін тап:
А)әңгімелеу,сипаттау,пайымдау.
В)басы,соңы, әңгімелеу.
С)хабарлау, аяқтау,жазу.
Д)айту,пайымдау, қорыту.
15.Сұрақ белгісі қойылатын сөйлемді тап:
А)Сабақтан кешікті
В)Сабақтан кешікпе
С)Сабақтан кешіктің бе
Д)Сабақтан кешігуші болма
16.Қайталану арқылы жасалған сөзді көрсет:
А)тері-терсек. В)ар-ұят. С)көкжиек. Д)көре-көре.
17.Қаратпа сөзді тап:
А)Сөйтіп, ол Домалақ ана атанды.
В)Мүмкін,сәл кідіре тұрарсыз?
С)Амал қанша,осылай болды.
Д)Алма, алманы әкел
18.Мақалды аяқта: Еңбек түбі-
А)мереке. В)береке. С)жақсылық. Д)байлық.
Күні: 20.12.2016.
4-сынып
- Сабақтың тақырыбы: Менің мектебім
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жаңа тақырып бойынша еркін әңгімелеуге үйрету; жалғауларды дұрыс қолдануға жаттықтыру;
Дамытушылық: Сұрақ қойып, сұрақтарға дұрыс жауап беруге дағдыландыру; сөздік қорын молайту;
Тәрбиелік: мектепке, білімге деген сүйіспеншіліктерін арттыру; білім ордасын қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: оқулық, суреттер, слайдтар (ноутбук, проектор)
Сабақтың типі: жаңа тақырып беру, ауызекітілде сөйлету
Сабақтың формасы: ұжымдық жұмыс
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру (амандасу, түгендеу, сергіту ойыны)
II. Жаңа сабақ
1.Мұғалім сөзі: Балалар, экрандағы суреттерге қарап, менің қойған сұрақтарыма жауап беріңдер.
- Сонымен мына суреттегі ғимарат қалай аталады?
- Иә, мектеп. Ал мектептің алдындағы жүргендер кімдер?
- Иә, оқушылар мен мұғалімдер. Олар мектепке не үшін келеді?
- Иә, оқушылар білім алу үшін, ал мұғалімдер білім беру үшін. Дұрыс, ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбымен танысайық. Экранда сабақтың тақырыбы жазылған және «Достар» ХМЛ-нің суреті бейнеленген.
2. Келесі слайдта жаңа сөздер жазылған. Сөздік жұмысы:
а) жаңа сөздерді оқы, сөздік дәптерге жазып ал:
мектеп-школа-school мұғалім-учитель-teacher
сынып-класс-class (classroom) оқушы-ученик-student
білім-знание-knowledge тәрбие- воспитание-education
кең-широкий - wide ереже-правила-governed
жарық-светлый-light
аула-двор-court
ә) жаңа сөздермен сөз тіркестерін және сөйлемдер құрастыр.
Үлгі: Үлкен мектеп. Біз үлкен мектепте оқимыз.
III. Жаңа тақырыпты бекіту тапсырмалары.
1-тапсырма. Сөзжұмбақ шешу.Сөз жұмбақты шешкен кезде ортада «Достар мектебі» дегенсөз шығады.
- Отбасыңнан кейін ең жақын адам? (дос)
- Біз тақтаға немен жазамыз? (бор)
- Сынып жабдығы, барлық сыныпта бар? (үстел)
- Сабақта жиі қолданамыз, ол да сынып жабдығы? (тақта)
- «Урок» сөзінің орысша аудармасы? (сабақ)
- Партадағы екі оқушы бір-біріне кім? (көрші)
- Оқушыларға кім білім береді? (мұғалім)
- Мектептегі ең жақсы баға қандай? (бес)
- Күнде барлық сабақта қолданатын оқу құралы? (кітап)
- Оқушыларға қойылатын баға? (төрт)
- Оқушылар сол бойынша сабақтарға барады? (кесте)
- Оқушылар мектепке не үшін келеді? (білім)
- Оқушы сөзінің синонимі қандай? (шәкірт)
2-тапсырма. «Мектеп» сөзін септеңдер.
3-тапсырма. «Оқушы» сөзін жекеше және көпше түрде жіктеңдер.
4-тапсырма. «Сынып» сөзіне жекеше, көпше түрде тәуелдік жалғауын жалғаңдар.
5-тапсырма. Оқулықпен жұмыс.
1. «Менің мектебім» мәтінін түсініп оқу;
2. Мәтінді мұғалім көмегімен аудару;
3. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
6-тапсырма. Слайдтың көмегімен ««Достар» мектеп-лицейі» тақырыбына әңгіме жазу. (Мектептің суреттері, тірек сөздер мен тірек сұрақтар).
IV. Сабақты қорыту
- Бүгін сабақта қандай тақырыппен таныстық?
- Сабақ ұнады ма?
- Ең сүйікті пәніңді ата?
- Ең сүйікті мұғалімің кім?
- Ол неге үйретеді, неге тәрбиелейді?
- Білімді, сауатты болуға үйретеді. Жақсы бала болуға тәрбиелейді. Бұл сөйлемдерді дәптерлеріңе жазып алып, есте сақтаңдар.
V. Үйге тапсырма:
« «Достар» мектеп-лицейі» тақырыбына жазылған мәтіннің мазмұнын әңгімелеу.
VI. Оқушылардың білімін бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Үйшік (орыс ертегісі)
Сабақтың мақсаты: Орыс халық ертегісін түсініп оқу. Диалог құрап ертегісін сахналау.
Міндеті: Ертегідегі негізгі ойды анықтау, ертегі кейіпкерлерін диалог құру арқылы сахналау.
Күтілетін нәтиже: Ертегідегі негізгі ойды анықтады, ертегі кейіпкерлерін диалог
құру арқылы сахналап көрсете алды.
Көрнекілігі: Слайдтар, бейнебаян, суреттер, кестелер, интербелсенді тақта.
Сабақтың жүрісі: I. Ұйымдастыру бөлімі. Сәлемдесу.
Сыныпты жан жануарлардың суреттері арқылы бес топқа бөлемін.
Психологиялық дайындық «Ақ тілек. Әсем күлкі»
- Көңіл - күйлеріңіз қалай?
- Керемет!(қолдарын көтереді)
- Сабаққа дайындықтарың қалай?
- Тамаша! (алақандарын шапалақтайды)
- Ынталарыңыз қалай?
- Ғажап! (қолдарын көтереді)
- Ендеше сабағымызды бастайық!
- О, - о, - о(бас бармағын көтереді)
II. Өтілген материалдарды еске түсіру
Наурыз мерекесі туралы суреттер беріледі. Осы мереке туралы оқушылардың ойын ортаға салады.
1. «Қабырғаға қарап оқу»
стратегиясы
Наурыз мерекесіне байланысты берілген суретті пайдаланып оқушылар шағын әңгіме жазады.
2. «Автор орындығы» стратегиясы
Оқушылардың жазған әңгімелерін автор орындығына отырып оқиды.
III. Жаңа сабақты меңгерту.
1) «Ерте ерте, ертеде»деп басталатын халық шығармасы қалай аталады?
2) Ертегілердің қандай түрлері бар? Сызбаны толтыр
Ертегілер
1. Жан жануарлар туралы
2. Қиял ғажайып
3. Шыншыл ертегілер
3. Мәтінмен жұмыс Болжау кестесі
а) Болжау кестесі арқылы мәтінді оқып беру
ә) Ертегінің мазмұнын бейнебаян арқылы түсіндіру.
б) Ертегіні іштей оқыту
в) Жеке - жеке тізбектеп оқыту
IY. Топтық жұмыс. Кейіпкерлер арасында сөйлеу диалог құрап, ертегіні сахналап көріңдер.
1 - топ Тышқан мен бақа
2 - топ Қоян және басқа аңдар
3 - топ Түлкі және басқа аңдар
4 - топ Қасқыр және басқа аңдар
5 - топ Аю және басқа аңдар
YI. «Суреттер сөйлейді» әдісі
Сендер осы жануарлардың орнында болсаңдар қандай үй салар едіңдер. Әр оқушы өзінің армандаған үйін салады.
Y. «Адасқан сөздер» ойыны. Берілген іс - қимылдың қай аңға қатысты екенін сызықтармен көрсет.
Секірді түлкі
Алақ - жұлақ аю
Қорбаңдады қасқыр
Жүгіріп бақа
Ытқып - ытқып тышқан
Қуанып қоян
YI. Мақал мәтелдерді түсініп оқы.
1. Бірлік болмай, тірлік болмас.
2. Ырыс алды ынтымақ,
3. Саусақ бірікпей, ине ілікпейді.
YII. Бағалау. Қорытындылау. Үйге тапсырма
Ертегіні түсініп оқу, ертегінің мазмұнына сурет сал
Жазық далада бір үйшік тұр. Шиқылдауық тышқан тоқтай қалып сұрайды:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
Ешкім үн қатпады. Тышқан үйшікке кіріп өмір сүреді. Бақылдап бақа келеді:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Ал мен, бақылдаған бақамын.
— Кел, бірге тұрайық! — деп бақа мен тышқан үйшікте бірге өмір сүреді. Секеңдеп қоян келеді. Тоқтай қалып сұрайды:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Мен,..бақылдаған бақамын.
— Ал сен кімсің?
— Мен, секеңдеген қоянмын.
— Кел, бізбен тұр!
Енді олар үшеуі үйшікте тұрады. Терезені түлкішек-әпке тоқылдатады:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Мен, бақылдаған бақамын.
— Мен, секеңдеген қоянмын.
— Ал сен кімсің?
— Мен түлкішек-әпкемін.
— Кел, бізбен тұр!
Енді олар төртеу болады.
Жүгіріп келіп есіктен сұр қасқыр сұрайды:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Мен, бақылдаған бақамын.
— Мен, секеңдеген қоянмын.
— Мен, түлкішек-әпкемін.
— Ал сен кімсің?
— Мен, сұр қасқырмын.
— Кел, бізбен тұр! Енді олар бесеу болады.
Барлығы көңілді өмір сүріпті, ән айтыпты.Бір күні қорбаңдаған аю үйшіктен шыққан дауыстарды естіп, тоқтап айқайға салады:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Мен, бақылдаған бақамын.
— Мен, секеңдеген қоянмын.
— Мен, түлкішек-әпкемін.
— Мен, сұр қасқырмын.
— Ал сен кімсің?
— Мен, қорбаңдаған аюмын.
— Кел, бізге!
Аю кірейін-кірейін деп, кіре алмайды.
— Мен, шатырда тұрайын.
— Бізді басып қаласың.
— Жоқ, қорықпаңдар.
— Жарайды, шық.
Аю отыра қалғанда үй: «тарс» — етіп құлады.
Үйшіктен аман-есен: тышқан, бақа, қоян, түлкі, қасқыр қашып шықты. Барлығы бірігіп бөрене тасып, тақтай аралап үлкен үй салуға кірісті. Үйшіктері үлкен, биік, әдемі болып шықты!
Күні: 19.12.2016.
4-сынып
Сабақтың тақырыбы: Құстар.
Сабақтың мақсаты: оқушылардың жабайы құстар туралы білімдерін тереңдету.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: тәуелдік жалғаулары бойынша өткенді пысықтау,сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін меңгерту.
Дамытушылық: оқушылардың қисынды ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.Сөйлеу барысында емес шылауын дұрыс қолдануды үйрету.
Тәрбиелік: қоршаған ортаны аялауға, құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы
Сабақтың әдістері: әңгімелеу, сұрақ-жауап,түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, құс суреттері,сөзжұмбақ
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындық деңгейін анықтау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Оқылым. "Тайлақ ойнақ салып жүр" өлеңін жатқа айту.
2.Жазылым.( Қазақ тіліне төл дыбыстарын қайталау, сауатты жазуға бейімдеу)
Сөздік диктант
Қасқыр, түлкі, жолбарыс, сиыр, түйе, кірпі,бұзау, керік, құлын,ешкі.
3. Жаңа сабаққа икемдеу. Балалар, енді жабайы аңдар мен үй жануарларын еске түсіріп, сөзжұмбақты шешейік.
1. Волк
2. Жеребенок
3. Тигр
4. Верблюд
5. Лев
6. Жираф
-Міне ,балалар,сөзжұмбақтан біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбын да таптық. " Құстар"
ІІІ. Жаңа сабақ. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
1.Сөздік жұмысы. Тыңдалым. Айтылым. Жазылым.
Мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды. Сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыру.
Тоқылдақ-дятел бұлбұл-соловей
Қараторғай-скворец тырна- журавль
Құр- глухарь торғай - воробей
Қырғауыл- фазан қарлығаш - ласточка
Сауысқан - сорока бүркіт-беркут
2.Мәтінмен жұмыс. Оқылым. Айтылым.
а) Оқу, аудару.
ә) Сұрақтарға жауап беру.
б) Суреттегі құстарды атау. Емес шылауын дұрыс қолдану.
-Мынау тоқылдақ па?
-Жоқ, бұл тоқылдақ емес, қараторғай.
3. Сергіту сәті.
Қырғауыл боп ұшамыз,ұшамыз
Түлкі болып қашамыз,қашамыз
Қырғауылдай тапқыр боп, тапқыр боп
Орнымызға қонамыз,қонамыз.
4. Грамматикалық тапсырмалар. Жазылым.
а) Ұя, құс сөздерін тәуелдеп жазыңдар.
ә) Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін меңгерту мақсатында "Адасқан сөздер" дидактикалық ойыны.
1. Екі, болды, ұяда, балапан.
2. Барды, балалар, тоғайға, кеше.
3. Тіршілік, етеді, құстар, аңдар, мен, орманда.
5.Өлеңді мәнерлеп оқып, мағынасын ашыңдар.
Жылы жаққа ұшпайтын,
Бізбен бірге қыстайтын.
Құс жанына жуықта,
Жем шашуды ұмытпа!
- Балалар, бұл өлең арқылы құстар бізге не айтқысы келіп тұр? Олар сендерден қандай көмек күтеді?
-Құстарға қыс мезгілінде оқушылар жемсауыт жасайды, жем береді.
- Құстың ұясын бұзуға болмайды.
-Біз оларға қамқоршы болуымыз керек.
-Құстар - орман және тәбиғат сәні.
ІҮ. Сабақты қорытындылау.
Бүгінгі сабақта не білдік? Не ұнады?
Ү. Үй тапсырмасы: Сөздерді жаттау. 115 бет 1,4-жаттығулар.
ҮІ. Сабаққа белсене қатысқан оқушылардың білімдерін бағалау.
Күні: 07.12.2016.
Сынып: 4
Сабақтың тақырыбы: Балмұздақ
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Сабақтың соңында балалар қазақ тілінде балмұздақтың қандай екенің біледі.
Балалар қазақ тілінде толық жауап беру керектігін екенін біледі.
Балалар өз жауаптарын талдай алады және ұсынуға алады.
2.Дамытушылық: ауызша және жазбаша тілдерін дамыту. Сөздік қорын және байланыстырып сөйлеуін дамыту.
3.Тәрбиелік: Қамқорлыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Балалар осы өмірде ешкімді тәуелді болмайды және өз өздеріне сенімді болады. Қазақ тілін толықтай меңдереді.
Жұппен жұмыс істейді, пікірлерін айтады.
Еркін сөйлейді, идея айтады. Қорытынды жасайды.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ИКТ, әңгіме, ойын, анаграмма,
Прием КМ «перепутанные цепочки».
Пәнаралық б/с: орыс тілі
Көрнекілігі: суреттер, үлістерме қағаздар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық. Тренинг:
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, көк аспан!
Амансын ба, достарым!
Сабағымызды бастайық
Жамандықты тастайық
1. Сәлемдесу. 2. Сабаққа даярлықтарын байқау.
3. Назарларын сабаққа аудару.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар?
-Сабаққа дайынсыңдар ма?
-Көңіл-күйлерің қалай?
-Бүгін сыныпта кезекші кім?
-Сыныпта кім жоқ?
-Қазір қай сабақ?
-Қазақ тілі сабағында қай тілде сөйлейміз?
-Бүгін аптаның қай күні?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: 34 бет. Сөздерді тексеру, 35 бет. 5-тап. тексеру
ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау:
ІV. Жаңа сабақ кезеңі:
Стадия вызова. Слайд: Анаграмма: МҰЗБАЛДАҚ
Балмұздақ сөзіне қандай ассоциациялық сөздер келтіріп құрастыруға болады?
Енді өздерінің құрастырылған шығармашылық жұмыстарынды қорғайсындар.
Оқушы өздерінің парақтармен шығасыңдар.
Кластер қорғау
ақ Балмұздақ тәтті
дәмді суық
(топпен жұмыс)
1.Жаңа тақырыпты жариялау, мақсатымен таныстыру.
2. Жаңа сөздермен жұмыс:
а) жаңа сөздердің айтылуын меңгерту үшін өзім оқып беремін.
ә) есту арқылы қабылдаған сөздерді айтқызып үйрету кезеңінде хормен, тізбектей және жекелей оқыту тәсілін қолдану.
Суық - холодный
Дәмді - вкусный
Тәтті - сладкий
Жегім келеді - хочется есть
Жегім келмейді - не хочется есть
Ішкім келеді - хочется пить
Ішкім келмейді - не хочется пить
Қардай - как снег
Мұздай - как лед
3. 1-тапсырма 36 бет. Суреттерге қарап шығу. Сөздерді тыңдату. Оқыту. Қайталату. Орыс тіліне аудару.
4. 2-тапсырма 36 бет. Суреттерге қарап шығу. Сөздерді тыңдату. Оқыту. Қайталату. Орыс тіліне аудару. (ауызша жұмыс)
5. 3-тапсырма 36 бет. Толықтырып оқы.
Менің .... жегім келеді
Менің .... жегім келмейді Менің .... ішкім келедіМенің .... ішкім келмейді (ауызша жұмыс) V.Стадия осмысления. Слайд: Балмұздақ қандай болады?
Екі баладан жұмыс жасайды. Прием КМ «перепутанные цепочки»
(жұппен жұмыс)
6. 4-тапсырма 37 бет. Тыңда. Оқы. Мәтінмен жұмыс:
а) өлеңді мәнерлеп оқып шығу, тыңдату.
ә) мазмұнын түсіндіру, сөйлемдерді орыс тіліне аудару.
б) мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру: (ауызша жұмыс) 7. 5-тапсырма 37 бет. Өлең туралы айт. Суретпен жұмыс.
а) мәтін мәнерлеп оқып шығу, тыңдату.
ә) мазмұнын түсіндіру, сөйлемдерді орыс тіліне аудару.
б) мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру:
8. 6-тапсырма 33 бет. Оқы.
а) диалогты балалар екі баладан оқиды, сөйлемдерді орыс тіліне аударады.
ә) түсінгендерін айтуға тырысады. (ауызша жұмыс)
9.Сергіту сәтін өткізу:
Интербелсенді тақтадан видео сюжетті көру арқылы, "Қызыл өрік" әніне би билеу.
Ой сергітеді, шашағандары басылады
10. Дәптермен жұмыс. 3 тап. 36 бет.,
сөйлемдерді дәптерге көшіріп жазу. (жазбаша жұмыс)
VI.Стадия рефлексия. Слайд: «Синквейн»
Балмұздақ не үшін керек?
Балмұздақ.
Тәтті, суық.
Жеймін, сатып аламын, жегім келеді.
Менің тәтті балмұздақ жегім келеді.
VII .Сабақты қорыту кезеңі: Сұрақтар қою
-Балалар, бүгін не туралы айттық?
-Не білдік? -Не үйрендік? Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
VІIІ. Үй тапсырмасын беру кезеңі:
37 бет. 5-тап. жаттау
IX. Бағалау кезеңі: Оқушылардың белсенділіктеріне, білімдеріне қарап бағалау. Журналға баға қойып, балаларды мадақтап айтып отыру.
29-сабақ 4-сынып Күні_________________ Лексикалық тақырыбы: Ас мәзірі
Грамматикалық тақырыбы: жіктік , тәуелдік жалғау
Мақсаты:1. Тақырып бойынша жоспардағы тапсырмаларды орындау, жаңа сөздерді қайталау. Оларды ауызекі сөйлеуде қолдану. Оқушыларды суретке қарап, өз беттерінше сөз тіркестерімен сөйлемдер, әңгіме құрай білу деңгейіне жеткізу. Жіктік жалғауды дұрыс қолдана білу және аңықтап айта білу
ойлау, есту қаблеттерін дамыту, сөздік қорын молайту
3. оқушылардың отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру
Сабақтың көрнекілігі:
суреттері, сызбалар, карточка, фишка- жүректер
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а/ сәлемдесу
ә/ түгендеу
б/ сұрақ жауаптар:
- Сәлеметсіңдер ме,балалар? - Сыныпта кім жоқ? - Бүгін нешесі? - Аптаның қай күні? - Бүгін ауа-райы қандай? - Қазір жылдың қай мезгілі?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Деңгейлік тапсырма: тақырыбы «Менің үйімнің ауласы»
ІІ Грамматикалық тапсырманы меңгерту
қазақ төл дыбыстарын қайталау
жіктік және тәуелдік жалғауларды қайталау
ІІІ. Жаңа сабақты менгерту
А) сөздік жұмысы
сөздерді дұрыс айту, сауатты жазуға дағдыландыру
сөз тіркестерін құрастыру
сөйлем құрастыру
ас мәзірі – меню
сұйық тағам – первое блюдо жей алады – может кушать
ыстық тағам – горячее блюдо есеп -счет
даяршы – официант әкімші -администратор
тапсырыс беруші – посетитель тапсырыс -заказ
VІ Бекіту
Сөйлесу минуты – диалогты оқу
Әкімші: Сәлеметсіздер ме, қымызханамызға қош келіпсіздер!
Төрлетіңіздер, жайғаса беріңіздер. Қазір сіздерге
тапсырыстарыңызды қабылдайтын қызды жіберем.
Даяршы: Сәлеметсіздер ме?
Тапсырыс берушілер: Сәлеметсіз бе? Бізге мәзірлеріңізде қандай
сусындар бар екенін айтсаңыз.
Даяршы: Бүгін ас мәзірінде: қымыз, сүт, айран, құрт, сүзбе, көже сонымен қатар бауырсақ бар.
Тапсырыс берушілер: Жақсы. Онда бізге екі кесе қымыз және бір табақ бауырсақ әкеле қойыңыз.
Даяршы: Жарайды 5-10 минут күтесіздер.
Тапсырыстарын апарып береді
Даяршы: астарыңыз дәмді болсын
Астарын ішіп болып, даяшыны шақырып есеп сұрайды.
Тапсырыс берушілер: Бізді есептеп жіберіңізші
Даяршы: Жарайды, жақсы.
Жазып әкелген соң
Даяршы: Мінекей сіздердің есептеріңіз.
Тапсырыс берушілер: Ал, енді сау болыңыздар!
Даяршы: Сау болыңыздар! Қымызханамызға келіп тұрыңыздар.
М Ә З І Р
1. Қымыз ……………………………….. 200 тг.
2. Сүт …………………………………….. 100 тг.
3. Айран ………………………………… 100 тг.
4. Құрт …………………………………… 25 тг.
5. Сүзбе ………………………………….. 100 тг.
6. Көже …………………………………… 100 тг.
7. Бауырсақ ……………………………. 250 тг.
Қызмет көрсету 10 %
Бекіту
3 оқушыдан бөлініп, ас мәзір дайындау.
Көрініс көрсету
V. Қорытындылау
VІ. Үйге тапсырма
1.Сөздерді қайталау 2. деңгейлік тапсырма
Сабақтың тақырыбы: Сүйікті тағамым сүт кеспе. Жіктік жалғау. №44
Сабақтың Мақсаты: тақырып бойынша оқушылардың білімдерін толықтыру, сөйлеу қабілеттерін арттыру, сөздік қорларын молайту, жеке, жұппен, топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру . «Сабақтың міндеттері: - сөздік қорын молайтады, тілін дамытады - баяндау арқылы өз ойын жеткізе білуге үйренеді-жеке, жұппен, топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады -грамматикалық тақырыпты меңгереді Күтілетін нәтиже: А- оқушы диалог құрастыра алады;В- сұрақ құрастыра алады.С- сұрақтарға жауап бере алады.Ресурстар: Сөздіктер, ақ қағаз, компьютер, интербелсенді тақта, кеңсе заттары
Ойлау деңгейі (Блум таксономиясы)
|
Сабақтың барысы
|
Уақыт
|
Оқып-үйренудің мақсаты
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ресурстар
|
|
Бағалау
|
|
1.Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру
|
2мин
|
Ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру.
Үй тапсырмасын тексеру мақсатымен «Автобустық аялдама» ойының өткізу
|
Психологиялық тренинг:
Шаттық шеңбер құру.
Әр аялдамада сұрақтар жазылып жатқан парақтар жатады.
|
Оқушылар шеңбер құрып, бір-біріне ізгі ниет білдіріп, жақсы тілектер айтады.
Әр топ оқушылары сол аялдамаларға барып, сұрақтарға жауап береді.
|
Шаттық шеңбер
|
|
Бағдаршам арқылы бағалау
3 ұпай
Сұрақтарға толық жауап берді
2 ұпай –жауабы толық емес
1 ұпай-1 сұраққа жауап берді
|
Білу
Түсіну
|
2. Жаңа тақырыпқа шығу
|
2 мин
|
Сабақ тақырыбын білдіретін мәселелерді анықтау, оқушылардың бастапқы білім деңгейін анықтау
|
Ой қозғау: төменгі деңгейлі сұрақтар қою арқылы тақырыпқа шығамын.
-Балалар, сендер бүгін таңғы, түскі астарынды іштіңдер ме?
-Тамақты не үшін ішу керекпіз?Бүгін сабақта не туралы сөйлесеміз деп ойлайсыңдар? Сабағымыздық тақырыбы қандай? Мақсаты қандай?
|
Оқушылар сұрақтарға жауап береді
Оқушылар сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтайды.
Сабақтың тақырыбын жазу:
«Сүйікті тағамым сүт кеспе ».
|
|
Қолпаштау
|
|
Қолдану
|
1.Жаңа материалдарды түсіндіру
|
10 мин
|
Оқушылардың сөздік қорларын молайту.
Мәтінді тыңдау
|
Жаңа сөздермен таныстырамын
Сөздік:
Сүт кеспе-молочный суп
Балмұздақ-мороженое
Тәтті-сладкий
Мәтінді тыңдау
ЖИГСО әдісі арқылы мәтінмен жұмыс.
|
Оқушылар «Пирамида» әдісі бойынша сөздермен жұмыс жасайды. Сөз тіркесін, сөйлем құрастырады, жаңа сөздерді сөздік дәптерлеріне жазады.
Оқушылар мәтінді тыңдайды,
Мәтінмен жұмыс жасайды.
ЖИГСО әдісімен бөлініп, мәтінді талқылайды.2 мәтін 51 бет 2 мәтінДұрыс тамақтану – адам денсаулығының басты кепілі. Күнделікті тағам құрамында дәрумендер көп болу керек. Тамақты төрт мезгіл және күн сайын белгілі бір мезгілде қабылдау керек.
3 мәтін
Ақырғы тамақты ұйқыға дейін екі сағат бұрын ішкен жөн. Тамақтана отырып,ас ішу мәдениетін сақтау керек. Тамақтанудың алдында қолыңды сабынмен жууды ұмытпа.
|
компьютер
Компьютер
|
|
«Бағдаршам»
Жасыл-3ұпай
Тапсырма толық орындалды
Қызыл-2 ұпай
Тапсырма толық орындалған жоқ. Сөз тіркестерін құрастырды, сөйлем толық құрастырылған жоқ.
|
Талдау
|
Постерлерді қорғау
Грамматикалық тақырып. Негізгі, туынды сын есім.
Семантикалық кесте
|
6 мин
|
Қиындықты түсінбеушілікті анықтап, көмек көрсету, балаларды бақылауды жүргізу және қорытынды шығаруға жетелеу
Жіктік жалғау/ көсемше жұрнақтарын меңгерту
|
Постер жасап, қорғау тапсырмасын беремін.
Жіктік жалғау/ көсемше жұрнақтарын түсіндіремін.
Тапсырма: Семантикалық кестені толтыру
|
Әр топтан оқушы шығып, өз жұмыстарын қорғайды
Оқушылар ережені дәптерлеріне жазып алады.
|
Постерлер,сөздіктер, кеңсе заттары
|
|
Формативті бағалау
|
Стикер арқылы
Бағдаршам
Жасыл-3 ұпай
Қызыл-2 ұпай
3 ұпай – бір қатесіз
2 ұпай-1 қате жіберді
1 ұпай-2 қате жіберді
|
|
Сергіту сәті
|
2мин
|
|
Дене қимылын көрсету.
|
Дене қимылын жасайды
|
|
|
Интербелсенді тақта
|
Жинақтау
|
Диалог
|
7 мин
|
Тақырыпты қорытындылап, өз пікірін дәлелдеу.
|
1 Диалог арқылы сөйлету:
Әр топ сабақтың тақырыбы бойынша бір-бірлеріне 2 сұрақтан қояды.
|
Оқушылар топтарымен ақылдасып, жауап береді.
Бағалау парағын толтырып отыру
|
диалог
|
|
Бағдаршам
3 ұпай-сұрақтарға дұрыс жауап берді
2 ұпай
Жауаптары толық емес
1 ұпай-бір сұраққа жауап берді
|
Бағалау
|
Білік-дағдыны тексеру
Рефлексия
|
6 мин
|
Сабақ қорытындысымен түсіну дәрежесін меңгеруін бағалау
|
«Сүйікті тағам» дегенді қалай түсінесің тақырыбына еркін хат жазу тапсырмасы беріледі.
|
Оқушылар «Ас-адамның арқауы» тақырыбына еркін хат жазып, әр топтан бір оқушы оқиды.
|
Оқулық, , бағалау критерийлері,бағалау парағы,
|
|
Критерий арқылы бағалау
3 ұпай- тақырып ашылды
2 ұпай-тақырып толық ашылған жоқ
1 ұпай- тақырып мүлдеи ашылған жоқ
|
Бағалау
|
Стикер толтыру
|
2 мин
|
Мен нені білемін?
Не үйренгім келеді?
Не ұнады?
Не үйрендім?
Нені істей алмадым?
Нені істеуім керек?
|
Стикер тарату
Үйге тапсырма беру.
|
Стикерлерді толтыру, сабаққа бағалау «Екі жұлдыз,бір ұсыныс»
Оқушылар күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады:
Мәтіннің мазмұнын әңгімелеу.
«Ас» тақырыбына
3 мақал-мәтел жаттау.
50-51 бет оқу
|
Стикер, смайликтер
|
|
формативті бағалау
|
Оқушының аты жөні
|
Жаңа сөздермен жұмыс
3,2,1
|
Постер жасап, қорғау
3,2,1
|
Семантикалық кесте
3,2,1
|
Диалог құрастырды
3,2,1
|
Еркін хат
3,2,1
|
жалпы
|
Жоғары ұпай
|
3 ұпай
|
3 ұпай
|
З ұпай
|
3 ұпай
|
3 ұпай
|
15 ұпай
|
1
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
|
|
|
5
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |