Сабақтың тақырыбы: Ядролық реакциялар. Жасанды радиактивтілік. Бөлімі



бет1/2
Дата05.04.2023
өлшемі0,86 Mb.
#173746
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
1.3 СРС Ядролық реакциялар. Жасанды радиактивтілік.
Физика есептер


Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Ядролық реакциялар. Жасанды радиактивтілік.

Бөлімі:

11.3.D Атом ядросының физикасы

Педагогтің аты-жөні:

Нышан Бибіханым

Күні:

04.03.23

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ядролық реакциялар. Жасанды радиактивтілік.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

11. 8.2.4 - ядролық реакцияны жазу кезінде массалық және зарядтық санның сақталу заңын қолдану;
11.8.2.5 - ядролық синтездің және табиғи радиактивтіліктің табиғатын түсіну

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар істей алады: ядролық реакцияны жазу кезінде массалық және зарядтық санның сақталу заңын қолданады;
Көптеген оқушылар істей алады: Жасанды радиактивтілікті теңдеуі арқылы сипаттайды;
Кейбір оқушылар істей алады: Ядролық реакциялардың энергетикалық түрленуін есептейді;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі
Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының
іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар




Сабақтың басы
2 мин.

«Ең алғаш» атты білім сайысы


3 мин

Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау.

Мұғалім үй тапсырмасын сұрау мақсатында оқушылардан ядролық физиканың ең алғашқы жаңалықтарын сұрайды.



  1. Ең алғаш радиактивтілікті ашқан ғалым? Бекерель

  2. Ең алғаш Кюрилер ашқан радиактивті элемент. Торий

  3. Ең алғаш Кюрилер уран кенінен бөліп алған радиактивті элементтер. Радий, полоний

  4. Ең алғаш Резерфорд ашқан радиоактивті газ. Радон

  5. Ең алғаш альфа және бетаны ашқан ғалым. Резерфорд

  6. Ең алғаш гамма сәулесін ашқан ғалым. Виллард

  7. Резерфорд пен Содди бірігіп ашқан заң. Радиактивті ыдырау заңы

Оқушылар ядроның физиканың жаңалықтарына байланысты сұрақтарға жауап береді.
Жауаптары:

  1. Бекерель

  2. Торий

  3. Радий, полоний

  4. Радон

  5. Резерфорд

  6. Виллард

  7. Радиактивті ыдырау заңы

Дескриптор:
-Радиактив
тіліктің ашылу кезеңдерін біледі;
Жалпы балл-7

11 сынып оқулығы






Жаңа сабақ
«Суреттер сөйлейді»
10 мин

Білім дағдысы: Түсіну (D) мұғалім жаңа сабақты түсіндіру үшін суреттегі ядролық реакцияларды көрсетеді.

Суреттегі бөлшектер арқылы реакция құрастыруды ұсынады


Мұғалім оқушылардың жазған реакцияларын дұрыстау мақсатында ядролық реакцияның жүзеге асырылуын түсіндіреді.



Бөлшектер мен ядролардың реакцияға түскенге дейінгі және реакциядан кейінгі тыныштық энергияларының айырымын ядролық реакцияның энергетикалық шығуы д.а.
Егер ΔЕ>0, энергия бөлінеді, экзотермиялық д.а.
Егер ΔЕ<0, энергия шығарылады
Эндотермиялық д.а.

Оқушылар суреттерді көрген соң химиялық элементтер кестесі мен бөлшектердің белгілену кестесін пайдаланып ядролық реакция теңдеуін жазады.
Мұғалімнің жазғанына қарап жазған реакцияларының дұрыстығын тексереді

Оқушылар мұғалімнің тақтаға жазып көрсеткен тұжырымдамалары мен анықтамаларын дәптерлеріне жазады.





Дескриптор:
-ядролық реакциялар
дың қалай жүзеге асатынды
ғын біледі.
-реакция теңдеуін жаза алады;

ДЭ, суреттер
11 сынып оқулығы
ДМ Қосымша 1




Сабақтың ортасы.
Жеке жұмыс
15 мин

Білім дағдысы: Қолдану (Р)
Белсенді оқыту: «Білгеніңмен бөліс»
1 – тапсырма
Оқушыларға реакция теңдеуіне, түзілген элементті сипаттауға және ядролық реакцияның энергетикалық шығуына байланысты есептер беріледі.
Жоғарғы деңгей.
1. Реакция теңдеуіндегі белгісіз бөлшекті, элементті табыңыз,
2. Реакцияда энергия шығарыла ма, жұтыла ма?
Орташа деңгей:
1. Реакция теңдеуіндегі белгісіз бөлшекті, элементті табыңыз,
2. Реакцияда энергетикалық шығуын анықта?
Төменгі деңгей:
1. Реакция теңдеуіндегі белгісіз бөлшекті, элементті табыңыз
2.Оларды атаңыз!

Оқушылар ядролық реакциялар және энергетикалық шығуына байланысты есептерді шығарады.

Оқулықтағы мысал есепті қарап отырып, оқушылар берігген тапсырманы орындайды.



Дескриптор:
-реакция теңдеуін жазады және түзілген элементті анықтайды;
-энергия формуласын жазады және есептейді;
Жалпы балл-4

Оқулық 11-сынып.
ДМ Қосымша 2









Жеке жұмыс
«Жалғастырыңыз» әдісі
7 мин



Білім дағдысы: Білу (І)
2-тапсырма. «Жалғастыр» әдісі арқылы бүгінгі сабақта жинаған ақпаратты берілген тест сұрақтарға жалғастырып жазуға тапсырма беріледі.

  1. Ядролық реакциялар деп – Атом ядросының басқа ядромен, элементар бөлшектер жйне кванттармен өзара әсерлесуі;

  2. Тұңғыш ядролық реакцияны жүзеге асырған – Резерфорд 1919 ж.

  3. Жасанды радиактивтілікті ашқан ғалымдар –Ирен және Фредерик Жолио Кюрилер. 1934 ж.

  4. Экзотермиялық реакция кезінде – энергия болінеді, кинетикалық энергия артады;

  5. Эндотермиялық реакция кезінде - энергия жұтылады, кинетикалық энергия кемиді;

Оқушылар ядролық реакция тақырыбында берілген сұрақтарға жауап береді

Дескриптор
-Ядролық реакцияға анықтама береді;
- ядролық реакция
дағы энергияның түрленуін сипаттайды
Жалпы
балл -5

11-сынып оқулығы.
ДМ қосымша 3






Сабақтың соңы. «Серіктесі
ңізбен сөйлесіңіз»

Рефлексия


3 мин

Кері байланыс
«Серіктесіңізбен сөйлесіңіз»
Білген 3 нәрсемен
Оңай деп ойлайсың ба?
Қиын деп ойлайсың ба?
Іздену керек деп ойлайсың ба?
Рефлексия.

Үйге тапсырма: 42 жаттығу 250 бет

Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша аталған сұрақтар ретімен серіктесімен әңгімелесіп крі байланыс алады;










Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Оқушыларға жаңа сабақты түсіндіру мақсатында Білім Ленд сайтынан бейнежазба көрсетіледі. Бұл оқушыларға тізбекті реакцияның қалай жүзеге асатындығын түсінуге көмек болады. Сабақ бойынша мұғалім түсіндіруінен кейін, жаңа білімді қолдану мақсатында тақырып бойынша есептер шығарады. Сабақ соңында жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергендіктерін білу мақсатында бірнеше сұрақтар қойылады.

- ядролық реакцияны жазу кезінде массалық және зарядтық санның сақталу заңын қолданады;
-ауыр ядролардың бөліну процесін және жеңіл ядролардың бірігу процесін сипаттайды;
-тізбекті ядролық реакция мен термоядролық реакция ерекшелігін ажыратады;

Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі еске салынады.

Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?
1:
2:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет