Сабақтың тақырыбы: з дыбысы мен әрпі


ҮІІІ. Бағалау. Мадақтау. Пәні: музыка күні: 02.12.2015ж



бет5/8
Дата25.12.2016
өлшемі1,43 Mb.
#5286
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

ҮІІІ. Бағалау. Мадақтау.

Пәні: музыка күні: 02.12.2015ж.

Сабақтың тақырыбы: Көңілсіз көңіл күй

Білімділік мақсаты: Оқушылардың көңіл күй жайында білімдерін кеңейту,музыка өнеріне деген көзқарастарын арттыру, «Алатау»атты әнді ырғағымен дұрыс орындауға жаттықтыру

Дамытушылық мақсаты: өлеңдерді жаттата отырып есте сақтау қабілеттерін дамыту,ырғағымен дұрыс орындата отырып сөздік қорын молайту,ырғақтық талғамдарын жетілдіру

Тәрбиелік мақсаты: әнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып,ән орындауға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

А)назарларын сабаққа аудару

Ә)құрал саймандарын дайындату

ІІ .Өткенді пысықтау

А)өткен тақырыпты еске түсіру



ІІІ.Жаңа сабақ: ән айту

«Алатау»

Қазақтың халық әні:

Ат жалында ойнаймын

Терең суға бойлаймын.

Күнге күйіп демалып,

Денсаулықты ойлаймын



«Сурет сабағы»

Өлеңін жазған. О. Әубәкіров

Әнін жазған. Қ.Қуатбаев

Шіркін ,сурет сабағы

Ауылды еске алады

Мың құбылтып бояймын

Туып өскен даланы

ІҮ. Сергіту сәті:

Ү. Ән тыңдау

«Аралым»



Әнін жазған : Н.Алғашбаев

ҮІ. Қозғалмалы ойындар

«Жай және жылдам» әнін орындата отырып ,қол қимылымен музыкалық екпінді салу.

ҮІІ. Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорыту.

ҮІІІ. Бағалау


Пәні: дене шынықтыру күні: 21.11.13ж.

Сабақтың тақырыбы: Бой жазу жаттығулары

Білімділік мақсаты: Бой жазу жаттығу түрлерімен таныстыру,дұрыс орындауғаұйрету, Ұлттық ойындарының мазмұнын, ережелерін және ойнау тәсілдерін үйрету 
Дамытушылық мақсаты: .Қозғалыс қабілетін дамыту,жаттығулар орындата отырып баланың дене бітімінің дұрыс дамуына ықпал ету . 
Тәрбиелік мақсаты: Шымыр,шыныққан ,төзімді болуға тәрбиелеу.
Сабақ өтетін орны: спорт зал 
Керекті құрал жабдықтар: арқан, түйілген мата, теңге, орамал, қамшы
Сабақтың барысы:

1 Кіріспе бөлім 
Сапқа тұрғызу, сәлемдесу, сабақтын мақсатын түсіндіру, қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. 
Саптық жаттығулар: оңға, солға, шұғыл бұрылу. 
Жүру: *Аяқ ұшымен *өкшемен 
Жүгіру: *залмен бір қалыпты жүгіру *Аяқты жоғары көтере жүгіру 

Демді қалпына келтіру жаттығулары 
ЖДЖ-орында тұрып орындау, солға бұрылып 3 лекпен жүру 
1. Б.ж-н.т қол белде, басты 4 рет оңға, 4 рет солға айналдыру 
2.Б.ж- аяқ иық кендігінде қолды иыққа қойып 4 рет алдыға, 4 рет артқа айналдыру. 
3.Б.ж-н.т оң қол жоғары,сол қол төмен. 1-2 қолды артқа сермеу, 3-4 қолды ауыстыру 
4.Б.ж-аяқ иық бойында, қол кеуде алдында шынтақтан бүгулі, 1-2 қолды артқа сермеу, 3-4 – қолды жазып сермеу 
5.Б.ж- аяқ иық бойында, қол төмен, 1-2 денені оңға ию, 3-4 с.с солға ию 
6. Б.ж- аяқ иық кеңдігінде, қол екі жаққа созулы.1-денені оңға,2-солға бұру. 
7.Б.ж-н.т 1-қолды жоғары созып шалқаю, 2 – алға еңкею, 3 – қолды алдыға созып отыру, 4 б.ж. келу 
8. Демді қалпына келтіру жаттығуы. Оңға бұрылып бір лекпен жүру, сапқа тұру. 10-15 мин 
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру 
Дәл орындау Қолды жоғары созып, қолға созыламыз 
Қолды бастын артына ұстаймыз, басты жоғары көтеріп арқаны түзу ұста 
Қол белде, кеудені тік ұста .Қол екі жанға созулы .Қолмен жұмыс жаса 
Оқушыларды топқа бөлу. 
Ойындардын мазмұнын түсіндіру, үлгісін көрсету, ойнату. 
* Бәйге * Теңге алу * Жаяу көкпар * Қыз қуу * Арқан тартыс 
20-25 мин Мұғалімді мұқият тындау 
Ойын ережелерін хабарлап түсіндіру, үлгісін көрсету. Ереже бойынша ойнау, жеңімпазды анықтау. 
3 Қорытынды бөлім 
Сапқа тұрып залмен жүру, демді қалпына келтіру жаттығуы. Сабақтын нәтижелерін шығару, үйге тапсырма беру, қоштасу. 3-5 мин

Оқушыларды бағалау. 


Пәні: дүниетану күні: 21.11.14ж.

Сабақтың тақырыбы: Ауа райы. Тұстарды бағдарлау.

Білімділік мақсаты: 1 Температура ұғымын таныстыру, Оның шарты белгісін үйрету. Тұстар туралы түсінік беру. Бағыттарды нақты ажырата білуге үйрету

Дамытушылық мақсаты: Ауа райы , оның шартты белгілері. Ой-өрісін дамыту.Ойларын еркін айту арқылы сөйлеу мәдениетін арттыру.

Тәрбиелік мақсаты:Ұқыпты, байқағыш етіп ,табиғатты аялап,қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Термометр. Шартты белгілер. Адам көлеңкесінің суреті.

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Оқу –құралдарын дайындату

ІІ. Өткен сабақты еске түсіру:

Адам өзіне қажетті заттарды, техника жасауды қайдан үйренеді?

Табиғат заттарына ұқсайтын, адам жасаған қандай заттарды білесің?

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:

а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.

ә) Термометр құрылысымен таныстыру.Олардың темпаратурасы әр түрлі болатынын айту.(дала,су,үй)

б) Ауа райының шартты белгілерімен таныстыру.Аспан ашық Аспан ала бұлтты.Аспан тұтас бұлтты.Жаңбыр.Қар аралас жаңбыр.Қар.Тұман.Су бетіндегі қабыршық мұз.Қалың мұз

в) Тал түстегі көлеңкенің түсуіне қарап төрт тұсты анықтау..

г) Әр түрлі бағытта соғатын желдің белгіленуі. -Солтүстіктен соғатын жел. -Оңтүстіктен соғатын жел.-Шығыстан соғатын жел.-Батыстан соғатын жел.



Сергіту сәті.

Ү. Жаңа білімді бекіту:

1 Ауа райының температурасын өлшейтін құрал не деп аталады?

2 Термометр құрылысын әңгімеле.

3 Ауа райының шартты белгілерін айт.

4 Мына белгілерге қарап ауа райын ауызша айт.

5 Айналадағғы дүниеде неше тұс бар?

6 Олар қалай аталады?

ҮІ. Сабақты қорытындылау:

Біз ауа райы жайында нені білдік?

Айналадағғы дүниеде неше тұс бар?

Олар қалай аталады?



ҮІІ. Үйге тапсырма

ҮІІІ. Бағалау.
10. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы: Тұстарды бағдарлау.

Сабақтың мақсаты: 1 Тұстар туралы түсінік беру.2 Ұқыпты, байқағыш етіп тәрбиелеу.

3 Бағыттарды нақты ажырата білуге үйрету.Ой-өрісін дамыту.



Сабақтың көрнекілігі: Адам көлеңкесінің суреті.

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру: -Табиғат қалай өзгереді?- Мұндай жағдай не деп аталады?-Ауа температурасын немен өлшейді?-Термометр құрылысы туралы айтып бер?- Ауа райының шартты белгілерін айтып бер.

ҮІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ:а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.ә) Тал түстегі көлеңкенің түсуіне қарап төрт тұсты анықтау..б) Әр түрлі бағытта соғатын желдің белгіленуі. -Солтүстіктен соғатын жел. -Оңтүстіктен соғатын жел.-Шығыстан соғатын жел.-Батыстан соғатын жел. Сергіту сәті.

ҮІ. Жаңа білімді бекіту.1 Мына белгілерге қарап ауа райын ауызша айт.2 Айналадағғы дүниеде неше тұс бар?3 Олар қалай аталады?

ҮІІ. Сабақты қорытындылау:Біз ауа райы жайында нені білдік?

ҮІІІ. Үй тапсырмасын сұрау .Бағалау.

Пәні: дене шынықтыру күні: 29.11.13ж.

Сабақтың тақырыбы: Қолдың бастапқы қалыптары

Сабақтың мақсаты:

Балаларды сапқа тұрғызу, бір тізбекте саппен жүру, жүгіруге, бағытты өзгерте жүру, жүгіру және шашырап жүгіруге жаттықтыру. Жалпы дамыту жаттығулары мен негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындау барысында тұлғаның дұрыс дамуын қалыптастыру. Екі аяқпен еденнен(жерден) батыл түрде серпіле секіруге жаттықтыру. Гимнастикалық орындық үстінде тұлғаны дұрыс ұстап жүруге үйрету.


Қолданылатын құрал жабдықтар: шығыршы, көлбеу қойылған тақтай, гимнастикалық орындақ не бөрене, текшелер,доптар ,асықтар.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Балаларды сабаққа дайындау. Гигиеналық талаптар қою.


ІІ. Бөлім.

Бір қатар сапқа тұру, дене тұлғаларын дұрыс ұстап тұру қалыптарын тексеру; бір тізбекті сапта қолдарын белге қойып, тізені бүкпей аяқтың ұшымен, өкшемен жүру, жүгіру; тізбекпен бағытты өзгерте жүру,жүгіру; бытырап жүру, жүгіру; бір тізбекте сап түзеп жүру; шеру жасап жүру.


ІІІ. Бөлім. Жалпы дамыту жаттығулары.

«Доп секірді». Б.қ.-н.т. қол белде. 1-2-3-сол аяқпен секіру. 4-5-6-оң аяқпен секіру. 7-8-9- екі аяқпен секіру (6 рет).


ІV.Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары.

Тізерлеп отырып, жатып бір-біріне допты оң (сол) қолмен домалату.

«Қазым-қазым» қимыл-қозғалыс ойындары.
V. Бөлім. Қорытынды бөлім:

Қимыл қозғалысы аз «Кімнің дауысы?» ойынын ойнату, тыныс алу жаттығулары орындалады.



Пәні: әліппе күні: 01.12.15ж.

Сабақтың тақырыбы: Э дыбысы мен әрпі.

Білімділік мақсаты: Э дыбысы мен әрпін таныту. Э дыбысы бар сөдерді дұрыс оқуға үйрету.Дыбыстық ,буындық талдауды жетілдіру.

Дамытушылық мақсаты: Электр құралдарын дұрыс пайдаланудың қауіпсіздік техникасын айту, түсіндіру, сақтауды қалыптастыру.Дұрыс оқу машығын қалыптастыру,сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік мақсаты:

Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.



ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау.

-Ё дыбысы қандай дыбыс ?

Жеке оқушымен жұмыс: жеке-жеке оқыту.

-Ё қандай екі дыбыстан тұрады. «Шахтер» өлеңін мәнерлеп оқыту.



ІІІ .Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

ІҮ. Жаңа сабақ:

а) Сурет бойынша жұмыс

ә) Экран,экскаватор, элеватор сөзіне буындық талдау жасату.

б) Э дыбысы қандай дыбыс екенін анықтау.

в) Ё әрпімен таныстыру.

г) Жұмбақ шешу:

Темір жол тірек,

Дүрсілдеп жүрегі

Аспанға керіліп

Сымды ұстап жүреді. (электровоз.)

д) «Хат тасушы» өлеңін оқи отырып, түсіндіру.



Сергіту сәті:

Ү. Жаңа білімді бекіту.

- Э қандай дыбыс?

-Сөздің қай жерінде жазылады?

«Электр» өлең оқып беру.

«Экскаватор» мәтінін оқу.

Тақтамен жұмыс:

Электр, экипаж, элеватор, аэроплан, экскаватор, экспресс электор,



Дәптермен жұмыс: Ээ әрпін жазып үйрену.

ҮІ. Сабақты қорытындылау:

Біз бүгінгі сабақта қандай дыбыс және әріппен таныстық?

Сәйкестендіру кестесімен жұмыс:

Дауысты дыбыс с

Сөздің басында кэмми

Сөздің ортасында экипаж

Дауыссыз э

ҮІІ. Бағалау
Пәні: әліппе күні: 02.12.15ж.

Сабақтың тақырыбы: Щ дыбысы мен әрпі

Білімділік мақсаты: Щ дыбысы мен әрпін таныту. Дұрыс жазуға,оқуға үйрету,сөз ішіндегі орны туралы түсінік беру.2 Тазалыққа баулу 3.

Дамытушылық мақсаты: Щ әрпіне қатысты сөз, сөйлемді дұрыс оқуға машықтандыру,сөздік қорын молайту,дыбыстық,буындық талдау жасау іскерліктерін арттыру

Тәрбиелік мақсаты:

Сабақтың көрнекілігі: Щёткалар,кеспе әріптер,суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І .Ұйымдастыру кезеңі:

Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.



ІІ .Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау.

-Э дыбысы қандай дыбыс ?

Жеке оқушымен жұмыс: жеке-жеке оқыту.

-э әрпіне қатысты сөздер жазғызу.

«Шахтер» өлеңін мәнерлеп оқыту.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

ІҮ. Жаңа сабақ:

Ребус шешу:

Щи,шахтер ,таяқ,кесе,алма. Ребустың шешуі: Щетка

Қандай жаңа дыбыс естіп тұрмыз? -дұрыс Щ

а) –Балалар, тұздың дәмі қандай? -Ащы

ә) Ащы сөзіне дыбыстық талдау жасау

б) Дыбыстау.

в) Әріп таңбасымен таныстыру. Жазба,баспа түрімен таныстыру.

Сергіту сәті:

Ү. Жаңа білімді бекіту.

г) Ащы, плащ, щётка тұщы борщ сөздерін оқу.

-Щётка не үшін керек? -Қандай щёткалардың түрлерін білесіңдер?

д) Мәтінді оқи отырып түсіндіру

е) Дәптермен жұмыс: Ээ әрпін жазып үйрену.

ҮІ. Жаңа материалды түсінгенін тексеру.

-Щ қандай дыбыс? -Қандай сөздерде жазылады?

-Қазақстандағы ең үлкен көлді ата?

-Оның суы қандай?

Щёткалар өлеңін жаттату.

Диктант: Вокзал үлкен және сәнді. Қалада автобус көп. Балалар футбол ойнады.

Дәптермен жұмыс: Щщ ащы, тұщы, борщ, щи щетка

ҮІІ. Сабақты қорытындылау:

Біз бүгінгі сабақта қандай дыбыс және әріппен таныстық?



Щетка щи

борщ щука
Щ


ащы

тұщы

ҮІІІ. Үйге тапсырма. Бағалау

Пәні:математика күні: 01.12.15 ж.

Сабақтың тақырыбы: 10 санының құрамы

Білімділік мақсаты: 10 санының құрамымен таныстыру.Сандарды салыстыру.

Тәрбиелік мақсаты: Ұқыптылыққа, тапқырлыққа баулу.

Дамытушылық мақсаты: 10 санының құрамын жіктеп айта білу,түсіну.

1-10 көлеміндегі сандарды қосу азайту арқылы тез есептеу дағдыларын жетілдіру..



Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар.

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ІІ .Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

-10 санын қалай шығарып алдық? 9 цифрын жазу.

- 10 саны қандай сандардың қосындысы?

-10 саны қай сандардан артық?



ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:

1) Қандай сандардың қосындысы 9-ға тең?

10 10 10 10 10

9 1 8 2 7 3 6 4 5 5

2) Теңдіктер құру. 9+1=10 10-9=1 10-1=9

8+2=10 10-8=2 10-2=8

7+3=10 10-7=3 10-3=7

6+4=10 10-6=4 10-4=6

10-5=5 10-5=5


  1. Кесінділерді өлшеу.










10см










9 см

2.Салыстыру.10см*9см 9см*10см

3. Өрнектерді салыстыру.

10-1*3+4 10-3*6+1 10-5*3+1 8+2**4+2 6+4*10-0 10-8*7-5

0*10 10см*8см 7*10 1см*1см

10*10 1дм*10см 10*9 1см*10дм

Шығармашылық жүмыс: салыстыру.

Дәптермен жұмыс: №4 салыстыру.

ҮІІ. Сабақты қортындылау:

Біз нені үйрендік?



ҮІІІ. Бағалау

Пәні: еңбекке баулу күні: 03.12.13ж.

Сабақтың тақырыбы: Қағаздан мозаикалық өрнегін құрастыру

Білімділік мақсаты: Арнайы әзірленген дайын пішін бойынша қима қағазды жапсырмалау арқылы мозаика құрастыруды үйрену.

Дамытушылық мақсаты: Фигураларды сызып үйрену арқылы оқушылардың икемділіктерін дамыту,шығармашылық қабілеттерін арттыру. Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды қайшымен, үшкір заттармен жұмыс барысында ұқыпты болуға тәрбиелеу. Шебер болып өсуге баулу.

Сабақтың түрі: Аралас.

Сабақтың әдістемелік тәсілі: Түсіндіру, сұрақ – жауап көрнекілік.

Сабақ пайдалану көрнекілік: Түсті қағаз, қайшы, жәй қарындаш.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Еңбек қауіпсіздік ережесін жатқа айту.



ІІІ. Жаңа материалдармен таныстыру:

- Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы:Қағаздан мозаикалық өрнегін құрастыру.

а) Қалып үлгі дегеніміз не?

ә) Қию


б) пішін белгілеу.

IV. Жаңа сабақ:

Қалып үлгі - бұйымдар жасау үшін арнайы әзірленген дайын пішін. Қалып үлгіні қатырма қағаздан қиып алуға болады. Олардың пішіндері әр түрлі болып келеді. Қалып үлгіні пайдаланып геометриялық пішіндер сызып үйренейік.



V.Практикалық бөлім:

1. Тікбұрышты белгілеу.

2. Шеңберді белгілеу.

3. Үшбұрышты белгілеу.



4.Кез-келген геометриялық пішіннің бетіне қиынды түсті қағазды жапсырмалау арқылы мозаика құрастыру.



VI.Қорытынды бөлім:

Қиып алған фигуралардан не жасауға болатынын айтыңдаршы.



VII. Үйге тапсырма беру,бағалау:

1,2,3, - сурет бойынша пішіндерді белгілеп, қиып үйрен.



Пәні: математика күні: 02.12.15ж.

Сабақтың тақырыбы: Бір таңбалы және екі таңбалы сандар.

Білімділік мақсаты: Оқушыларды бір және екі таңбалы сандармен таныстыру.Өрнектерге өздігінен жауабын таба білуге жаттықтыру. Жүйелі ойлауға үйрету.

Дамытушылық мақсаты: Ой-өрісін дамыту. Логикалық, шығармашылық, интеллектуалдық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік мақсаты: ұқыптылыққа,тазалыққа,еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Білімге деген қөзқарасын ,құштарлығын арттыра отырып өздігінен білім алуға бейімдеу.



Сабақтың көрнекілігі: сандар қатары.

Оқыту әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқу құралдарын дайындату

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

-10 санын қалай шығарып алдық?

- 10 саны қандай сандардың қосындысы?

-10 саны қай сандардан артық?



ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:

1) 0-10 дейінгі сандар не деп аталады?

2) Бір таңбалы сандарды ата.

3) Олар неге бір таңбалы деп аталады?

4) Екі таңбалы санды ата.

5) Ол неге екі таңбалы сан аталады?



Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет