Сабақтың тақырыбы: Зақым келтіруші программалар және оның жіктелуі Сабақтың мақсаты



бет1/2
Дата10.06.2017
өлшемі219,83 Kb.
#18965
түріСабақ
  1   2
Ақтөбе медициналық колледжі

Информатика пәнінің оқытушысы

Садыкова Гульнар Сериковна
Теориялық сабақтың әдістемелік нұсқамасы

Сабақтың тақырыбы: Зақым келтіруші программалар және оның жіктелуі
Сабақтың мақсаты:

білімділік: Оқушыларға компьютерлік вирустардан қорғану жолдары

туралы жалпы мағұлмат беру.



дамытушылық: Студенттердің танымдық және шығармашылық қабілеттерін жан – жақты дамыту.

тәрбиелік: Студенттерді ақпараттық мәдениеттілікке, уақытты тиімді пайдалана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі – иллюстративтік

Сабақтың өту уақыты: 90 минут

Сабақты өткізу орны: 204 ауд

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, слайдтар,үлестірмелі қағаздар

Пәнаралық байланыс: Ағылшын, орыс тілдері, Сөздіктер

Пәнішілік байланыс: Компьютелік желілер, Интернет

Пайдаланылған әдебиеттер:

негізгі М.Қ.Байжұманов, Л.Қ.Жапсарбаева «Информатика»

қосымша М.М.Ерекешова, М.Р.Дүзбағамбетова, З.Р.Мурзабекова,

Ж.Қ.Убаева, Н.Қ. Наурызова. «Информатика» оқу құралы.



Студент білуге тиіс: Зақым келтіруші программаларды және оның жіктелуін

Студент істей білуі тиіс: Зақым келтіруші программаларды және классификациясын

Сабақтың құрылымды-логикалық сызбасы мен хронокартасы:
І Ұйымдастыру кезеңі – 2 мин

ІІ Үй тапсырмасын тексеру – 15 мин

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру – 40 мин

ІV Жаңа тақырыпты бекіту – 25 мин

V Қорытындылау – 5 мин

VІ Үйге тапсырма – 3 мин


Сабақтың өту барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, жоқ оқушыларды белгілеу

  • Сабақтың мақсатымен мен жоспарын оқушыларға таныстыру


ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
Мини – тест
1)Компьютерлік вирус дегеніміз не?

А)Компьютердің желі көзіне шығуын қамтамасыз ететін бағдарлама

В)Ақпаратты қорғау бағдарламасы

С)Компьютердің жұмыс істеуіне кедергі жасайтын бағдарлама

Д)Компьютерде пайда болған вирусқа қарсы компьютердің бағдарламасы

Е)Графикалық көптерезелі интерфейсті жасауға арналған арнайы бағдарлама



2)Компьютерлік вирустың шамамен қамтитын өлшемі?

А)200-ден 5000 байтқа дейін

В)250-ден 4500 байтқа дейін

С)150-ден 6000 байтқа дейін

Д)200-ден 7500 байтқа дейін

Е)шектеулі өлшемі жоқ



3)Ішінде вирусы бар программаны не деп атайды?

А)Зардап шеккен программа

В)Жәшіктегі программа

С)Ревизор программма

Д)Зақымдалған программа

Е)Детектор программа



4)Вирус қалай пайда болды?

А)Java –ойындарының анимациялық түрде қызық болуынан

В)Бәсекелес фирмаға зиян келтіру үшін,антивирустық программаларды сату арқылы ақша табуынан

С)Білімсіз маманның компьютермен жұмыс істеуінен

Д)Почта арқылы келген бағдарламаны ретсіз ашып қондыруынан

Е)Желі көздерінде қызықты бағдарламалардың көп болуынан



5)Ресейдегі атақты программистер?

А)Ф.Циммерменн, Джон Фон Нейман

В)Т.Хордовский, Р.Маслинский

С)Ю.Ранковский, Т.Бернарс

Д)Н.Винерский, Р.Хартли

Е)Д.Мостовой, И.А.Данилов



6)Компьютердің вируспен зақымдалғаның білу үшін неше белгі қажет?

А)7


В)8

С)4


Д)6

Е)3


7)Қазіргі кезде қанша вирус белгілі?

А)40 мың


В)зерттелмеген

С)50 мыңнан астам

Д)25 мыңнан астам

Е)35 мың


8)Желілік вирустар қалай тарайды?

А)Файлға қосымша қатар конфигурациясын қосу арқылы

В)Бір файлдан екінші файлға ақпаратты көшіру арқылы

С)Дисклердің жүктейтін секторлары арқылы

Д)Жүздеген мың компьютерлерді біріктіретін желілер арқылы

Е)Компьютерлік бастапқы жүктеу программалары арқылы



9)Вирусты табуға және жоюға мүмкіндік беретін программа?

А)Компьютерлік вирус

В)Антивирустық программа

С)Ақпараттық вирус

Д)Архивтік программа

Е)Троян аттары программасы



10) Doctor web программасының жасаушысы?

А)Д.Лозинский

В)Д.Мостовой

С)Н.Безруков

Д)Эльворд Хорд

Е)И.Данилов



11)Фильтр-программалар дегеніміз не?

А)Белгілі вирустардың бірімен зақымдалған файлдарды табушы программа

В)Компьютердің вируспен зақымдалмаған кезін есте сақтайтын программа

С)антивирустық программалардың іске қосылуын қамтамасыз ететін программалар

Д)Компьютер жадында болатын шағын резидентті программалар

Е)Вирустың көп мөлшерін жоятын web-доктор программалары



12)Вирус зақымдау әдісі бойынша неше классқа бөлінеді?

А)3


В)4

С)2


Д)6

Е)5


13)Вирус программасының байқалмау себебі олардың қандай тілде жазылуында?

А)Ассемблер тілінде

В)Қазақ тілінде

С)Ағылшын тілінде

Д)Орыс тілінде

Е)Латын тілінде



14)Бірден орындалатын файлдарда қандай вирустар жиі кездеседі?

А)Жұғатын

В)Бүлінген

С)Ауру жұққан

Д)Таза

Е)Резиденттік



15)Вирус жұққан программа іске қосылғанда резвирустар қалай әрекет етеді?

А)Әсерлене

В)Жедел

С)Баяу


Д)Жылдам

Е)Лезде
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру


Компьютерлік вирустар – компьютерге зиян келтіру үшін жасалған бағдарламалар.

Вирустар өз-өзінен көбейіп, өздерінің көшірмелерін жасап, жасырын түрде компьютерде тұрған ақпараттарға, құжаттарға зақым келтіруі, кейде оларды өшіріп тастауы мүмкін.

 Ең алғашқы вирус 1986 жылы "Brain" (қазақша “Ми”) деген атпен пайда болды. Әлемде бірінші рет 2000 жылы 5-мамырда пошталық вирус "Мен сені сүйемін!" деген аттағы файлмен таралды.

 Компьютерлік вирустардың ерекше өзгешеліктері мыналар: 1) кіші көлем; 2) өздігінен жіберу; 3) вирусты көп рет көшіру;  4) компьютер дұрыс жасауына тосқауыл қою.

 Вирустар зақым келтіру масштабына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

 Зиянсыз – компьютер жұмыс жасауына әсер етпейді, бірақ өз-өзін көбейту арқылы компьютер жадындағы бос орындарды кемейтуі мүмкін.



Қауіпсіз – диск жадын графикалық, дауыстық, ішкі эффекттер арқылы азайтады.

Қауіпті – компьютер жұмысының қатып қалуына алып келеді.  

Аса қауіпті – бағдарламалар, ақпараттар жоғалуына, өзгеруіне немесе қатты дисктегі сақталған құжаттар жоқ болуына алып келеді.

 Вирустар сақтау орнына және тұратын ортасына қарай мына түрлерге бөлінеді:

 Файлдық вирустар – .com, .exe, .sys кеңейтпелеріне ие бағдарламаларға зақым келтіріп, компьютердің өшуіне дейін алып келеді. Заңсыз бағдарламаларды, әсіресе, ойындарды көшіріп алу арқылы компьютерге кіреді.

 Жүктелуші вирустар – кейбір бағдарламаларды, ақпараттарды жүктегенде зақымдану пайда болады. Қорғану жолдары: 1) күмәнді сілтемелерге, жүктеу көрсетілген сілтемелерге басуға, кіруге болмайды. 2) компьютер жүктеуден зиян көрмеу үшін BIOS (Setup) қорғаныс қою керек.

 Макровирустар – Word және Excel құжаттарына зиян келтіреді. Бұл вирустар макрокомандалардан (макростардан) тұрып, құжаттарға салынады және құжаттардың стандартты шаблонына зақым келтіреді. WordExcel құжаттарды ашқанда, онда макрос бар екендігі туралы хабар келеді. Егер макростардың жүктелуіне тыйым салуды қаласаңыз, макростардың пайдалы мүмкіндіктерінен де мақрұм боласыз.

 Желілік вирустар  – компьютердегі желі арқылы таралады. Пошта жәшігіңіздегі хабарламаны ашқанда кірген файлдарға мән берген жөн!

 Компьютер пайдаланушының бәрі мәліметтерді көшіріп алып-салып жүргенде, программаларға зиян келтіретін түрлі вирустарға тап болатыны анық. Білікті бағдарламашылар зиян келтіруші вирустарға қарсы түрлі бағдарламалар да ойлап тапты. Мұндай вирустар кейде ұялы телефондарға да шабуылдап қояды. Ал сіз ұялы телефоныңызды қаншалықты қорғап жүрсіз?

Мобильді телефондарға арналған алғашқы вирус 2004 жылы шықты. «Ныспысы» — «Cabir». Әуелде ол ұялы телефондарға да вирус таратуға болады дегенді растау үшін ғана шығарылыпты. Телефонды қорғау бағдарламасын бүркемеленіп SIS форматты файл ретінде «Bluetooth» арқылы телефонға енетін «Cabir» вирусы телефон жүйесіне іштен зақым келтіреді екен. Сондай-ақ бұл вирусты «Vallez» деген бүркеншік есім жамылған белгісіз бір автор жасады деген жорамал айтылды. Одан соң автор вирусты мамандарға беріп, оған қарсы бағдарлама ойлап табуды тапсырады.

Содан бері қалтамыздың жан серігіне айналған таптырмас байланыс құралына қауіп төндіретін түрлі вирустар қаптап кетті.

Мобильді вирус

Ұялы телефон вирусы компьютер вирусына ұқсас. Өзге құрылғыдан алынған және өзгеге жіберілген мәліметтер арқылы «жұғады». Компьютер вирусы электронды пошта және интернет арқылы, ал ұялы телефон вирусы интернет, ММS және Bluetooth арқылы таралады.  Қазіргі таңда вирустар негізінен ұялы телефонға компьютерден немесе интернеттен файлдар көшіру кезінде тез тарайды. Әрі вирустар «Symbian» операциялық жүйесінде қызмет ететін телефондарға көп таралады екен.

Алайда мобильді телефондарға арналған көптеген операциялық жүйелердің әуелден вирустар шабуылына төтеп беретін қауқары болады екен. Сондықтан да құрастырушыларға мобильді вирустарды ойлап табу үшін көп бас қатыруға тура келеді. Осы себепті де вирустар кез келген ұялы телефонға зиян келтіре алмайтын көрінеді.

Ұялы телефондардағы вирустар көбіне ойындар, қауіпсіздік бағдарламалар, спамдар және порнографиялық файлдарға «жабысып» жүреді. Тіпті кейбірі танысыңнан немесе жақын досыңнан келген хабарламалардың кейпінде де «көрінеді». Әрине, оны сіз ойланбастан ашып, оқисыз. Бірақ хабарлама арқылы вирус жүйенің өзіне кіріп үлгереді.

Хабарлама арқылы белгі беретін бағдарлама орнату қажет, бірақ қазіргі уақытқа дейін келіп түскен файлдарды іріктеп, телефон вирусы өзінен-өзі анықталатыны туралы бағдарламаны ешкім ойлап тапқан жоқ.

Қалай таралады?

Тек қоңырау шалуға ғана арналған қарапайым телефондардың иелері тыныш ұйықтайды, себебі вирус жұқтырудан қауіптенбейді.

Мобильді вирус — смартфондардың және «Bluetooth» функциясы бар телефондардың бірден-бір жауы.

Вирустар мынадай жолдармен «жұғады»: ең әуелі кәдімгі компьютер вирустары секілді интернет арқылы таралады. Пайдаланушы компьютерден немесе мобильді интернеттен бүлінген файлдарды көшіргенде де «жұғады». Бүлінген файлдар жарнама, ойын, түрлі бағдарламалар кейпінде болады.

Бір ұялы телефоннан екіншісіне Bluetooth арқылы мәліметтер көшіргенде де вирустар жұғады. Ал сіздің телефоныңызға мәліметтерді Bluetooth функциясы қосулы тұрған аймақта жүрген кез келген адам жібере алады. Сол себепті де ұялы телефоныңыздың өзге құрылғыларды рұқсатсыз қабылдауын шектегеніңіз жөн.

Сондай-ақ вирустар мультимедиалық хабарламаларға (ММS) да еріп жүреді немесе компьютер вирустары секілді электрондық пошта арқылы да таралады.

ММS арқылы таралатын вирус көбіне құрылғыдағы байланыстар тізіміне «еніп», ондағы телефон нөмірлеріне өзінен-өзі хабарламалар таратады.

Қандай жолмен тараса да вирустар қауіпті. Кейде олар үлкен залал келтіріп жатады. Мысалы, 2005 жылы қаңтарда пайда болған «Commwarrior» вирусы бүтін бір компанияның операциялық жүйесіне залал келтіріпті. Мұнда да вирус әдеттегідей Bluetooth немесе ММS арқылы тарапты. Тек бір адамның ұялы телефонының операциялық жүйесіне енген вирус жанындағылардың да телефондарына бүлінген файлдарды таратып, әрі телефондағы «жазбалар кітапшасына» өтіп, «байланыстар тізіміндегі» барлық нөмірлерге бүлінген хабарламаларды жіберіп отырған. Қазір «Commwarrior» вирусы — ең нашары, өйткені ол екі түрлі жолмен таралады.

Ал вирустардың бірі сіздің есебіңізден достарыңызға түрлі мазмұндағы хабарламалар жіберіп, «ақша жұмсауы» мүмкін.



Вирустардың зиян келтіруінің шегі қажет файлдарыңызды өшіруге дейін жетеді, тіпті кейде мобильді телефоныңызды істен шығаруы мүмкін.

Вирус түрлері

Вирус түрлеріне және олардың әрекеттеріне тоқталуды да жөн көрдік.

«Cabir. A». 2004 жылы маусымда жария болды. «Symbian 60» операциялық жүйесіне «шабуылдайды». «Bluetooth» арқылы тарайды. Ешқандай зияны жоқ.

«Skulls.A». 2004 жылы қарашада пайда болды. «Symbian» операциялық жүйесіне «шабуылдайды». Интернет арқылы тарайды. Зияны: телефонның барлық функцияларын, әсіресе, қоңыраулардың түсуі мен сыртқа хабарласуды шектейді.

«Commwarrior. A». 2005 жылы қаңтарда пайда болды. «Symbian 60» операциялық жүйесіне «шабуылдайды». MMS арқылы тарайды. Зияны: қымбат ММS-тер тарату арқылы мобильді телефондағы «жазбалар кітапшасына» нұқсан келтіреді.

«Locknut.B». 2005 жылы наурызда шықты. «Symbian 60» операциялық жүйесіне «шабуылдайды». Интернет арқылы тарайды. Зияны: ROМ-жадысын бүлдіреді, телефонның барлық әрекеттерін шектейді, керісінше, зиянды бағдарламалардың белсенділігін күшейтеді.

«Fontal.A». 2005 жылы сәуірде шықты. «Symbian 60» операциялық жүйесіне «шабуылдайды». Интернет арқылы таралады. Зияны: мобильді телефонды істен шығарады.
Байқасаңыз, тәжірибе үшін шығарылған алғашқы «Cabir» вирусынан кейін құрастырылған вирустардың қауіптілігі уақыт өте күш алуда. Бірақ білікті бағдарламашылар да қол қусырып қарап отырған жоқ. Олар да вирустарды анықтап, қарсы әрекет ететін бағдарламалар ойластырып жатыр.

Телефонды қалай қорғаймыз?

Ұялы телефонды вирустан қорғаудың ең басты ережесі: ешуақытта өзіңізге таныс емес, күдік келтіретін файлдарды ашпаңыз!

Алайда өте сақ адамдардың өзі де кейде қызығып, өзіне келіп тұрған файлдарды ашып, пәлеге тап болып жатады.

Мобильді телефоныңыз осылайша зиянкес вирусқа тап болмау үшін, яғни вирустың алдын алудың мынадай жолдары бар:

1. «Bluetooth» функциясын сөндіріңіз және ұялы телефоныңызды өзге пайдаланушыларға көрінбейтін күйге келтіріп қойыңыз.

2. Ұялы телефоныңның қауіпсіздігін қадағалаңыз. Күдік келтіретін атауы бар сізге беймәлім файлдар немесе папкаларды іздеп, үнемі тексеріп отырғаныңыз дұрыс.

Әрине, бұл көп жағдайда көмектеспейді. Мәселен, «Commwarrior» вирусы бүлінген файлдарға түрлі атау бере алады.

3. Мобильді телефоныңызға кез келген вирусқа қарсы бағдарлама қондырыңыз.

Көптеген компаниялар қазір мобильді телефондардағы мәліметтерді қорғау мақсатында бағдарламалар құрастырып жатыр. Олардың лицензиясы бар «антивирус» бағдарламаларын арнайы мекемелерден сатып алуға болады немесе кейбірін интернеттен тегін көшіріп алуға да болады.

Мұндай «антивирустар» мобильді телефонға орнатылғаннан кейін вирустарды анықтап, өшіреді. Әрі қарай да телефоныңызды түрлі вирустардан қорғайды.

«Symbian» компаниясы да өзінің операциялық жүйесін қорғау мақсатында «антивирус» бағдарламасының өз нұсқасын шығарды. Бұл бағдарлама ұялы телефонға сенімді файлдарды ғана қабылдауға көмектеседі.

Кейбір сарапшылар мобильді телефондардың вирустарының әлі де әлсіз екенін, кез келген бүлінген бағдарламаларды оңай «емдеуге» болатынын, әрі операциялық жүйелердің де әу бастан-ақ қорғанысы мықты екенін айтып отыр.

Бұған алданудың қажеті жоқ. Себебі күн өткен сайын мобильді телефондарға арналған жаңа вирустар шығып жатыр. Мәселен, мұндай вирустар арқылы қазір кейбір алаяқтар телефоннан маңызды мәлімет немесе ақша «ұрлайды», маңызды әңгімеңізді де тыңдауы мүмкін. Әрі мобильді телефондар да түрленіп, функциялары да көбейіп, вирус жұқтыруға ыңғайлы болып тұр.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет