Сыныбы
|
10 класс
|
Пәні
|
Физика
|
Мұғалімнің аты-жөні
|
|
Сабақтың тақырыбы
|
Заттардың магниттік қасиеттері, Кюри температурасы
|
Оқу мақсаты
|
10.4.4.5 - заттың магниттік қасиеттері бойынша топтастыру және олардың қолдану аймағын анықтау
10.4.4.6 - магниттік материалдардың(неодим магниттер, датчиктер, сейсмометрлер, металл детекторлар) заманауи қолдану аймағын және олардың қолдану үрдісін талқылау;
|
Үй жұмысын сұрау
Тұрақты магнит дегеніміз не?
2. Магниттік полюстер?
3. Магнит өрісіне анықтама беріңіз.
4. Электрқозғалтқыш дегеніміз қандай құрал?
Тезис.
Ғалымдар эксперимен жасаған кезде кез келген заттарда магнит өрісі, яғни барлық заттардың магниттік қасиеті болатынын анықтады. Соның нәтижесінде физикаға жаңа ұғым енгізілді. Ол ұғым магнит өтімілігі деп аталды.
µ-магнит өтімділігі, өлшем бірлігі жоқ
Магнит өтімділігі деп біртекті ортадағы В магнит өрісінің индукциясы модуль жағынан вакуумдегі B0 магнит өрісі нің индукциясынан неше есе өзгеше екенін көрсететін физикалық шаманы айтамыз.
µ=B/B0
мұндағы В-біртекті ортадағы магнит өрісінің индукциясы
B0- вакуумдегі магнит өрісінің индукциясы
Бізде магнит өтімділігі µ≠1 болатын заттар магнетиктер деп аталады.
Магнетиктер:
Парамагнетиктер
Парамегнетиктер деп бағыты сыртқы өріспен сәйкес келетін әлсіз магнит өрісін тудыратын заттарды айтады
Парамагнетиктер тобына: Платина мен сұйық оттек
Диамагнетиктер
Диамегнетиктер деп сыртқы магнит өрісін әлсірететін өріс тудыратын заттарды айтады
Күміс, қорғасын,кварц және висмут сияқты заттар
Ферромагнетиктер
Сыртқы магнит өрісін әжептәуір күшейтетін заттар ферромагнетиктер деп аталады. Ферромагнетиктер тобына: темір, никель, кобальт, гадолиний.
µ>1---- парамагнетиктер үшін, соған сәйкес магнит өрісін күшейтетін болып табылады.
µ<1 ----- диамагнетиктер үшін, магнит өрісін әлсірететін құбылыс болып табылады.
Келесі мына екі суретке назар аударайық. Бұл жерде магнит өрісі берілген.
1-сурет 2-сурет
1-суретте парамагнетикті қойсақ, осы кезде парамагнеттік заттар осы күшті өріске қарай тартады.
2-суретте дәл осы өріске диамагнетикті қойсақ, бұл заттар магнит өрісіне жоғары қарай тебіліп кетеді.
Келесі түрі ферромагнетиктер, олардың магнит өтімділігі µ>>1 өте үлкен болады. Мысалы темірдің магнит өтімділігі µ=250000, бірақта ферромагнетиктерде Кюри температурасы деп аталатын нүкте бар. Бұл температураға жеткенде ферромагнетиктер өзінің қасиетін жоғалтып, парамагнетиктерге айнала бастайды. Ферромагнетиктердің тағы бір қасиеті индукция векторы тұрақты болмайды. Олар индукция векторы ретінде максимум индукциясын алады.
Есеп шығару.
Вакуумдегі индукция векторы =2Тл, ал біртекті ортадағы индукция векторы В=0,2Тл. Магнит өтімділігін анықтаңыз.
B0=2 Тл µ=В/В0
В=0,2 Тл µ=0,2 Тл/2 Тл=0,1
µ-? Ж: 0,1
1-тапсырма
2-тапсырма
Сабақты бекіту мақсатында тест жұмысын орындайды.
Тест.
Ферромагнетиктер үшін индукция векторы болмайды,соған байланысты олар
А)Минимум индукция алады
В1>
Достарыңызбен бөлісу: |