Теория-практикасыз жансыз,
Практика-теориясыз соқыр
дегендей теорияда алған білімімізді практикада қолданайық. Ал, енді балалар оқулықтағы 12-жаттығудың №2, №6, №7 және №12 есептерін шығарайық. Оқушылар есепті интерактивті тақтаға шығарады.
13-жаттығу.
№2.Массасы 3 кг, ал көлемі 200 см3 металдың тығыздығы қандай?
№6.Бөлменің өлшемі: ұзындығы 4м, ені 2,5 м, биіктігі 2 м. Егер осы бөлмедегі ауаның тығыздығы 1,3 кг/м3 болса, онда бөлмені толтырып тұрған ауаның массасы қандай?
№7.Табанының ауданы 0,4 м * 0,2 м тік бұрышты параллелепипед түріндегі аквариум 0,15 м биіктігіне дейін сумен толтырылған. Аквариумдегі судың көлемін анықтаңдар. Осы судың массасы қандай? Судың тығыздығы 1000 кг/м3.
№12.Мұзжарғыш кеме тәулігіне 200 г уран пайдаланады. Уранның тығыздығы 18,7 кг/м3 болса, оның көлемі қандай?
ҮІ.Қорытынды. Сабақты қорытындылау тәжірибе арқылы жүзеге асырылады.
Қажетті құралдар: сабын, таразы, кір тастар, сызғыш. Ендеше, математикадан алған білімізді ортаға салайық. Көлемді қандай формуламен есептейді? V=a*b*c. Олай болса, бір оқушы тақтаға шығып орындайды. Тәжірибенің орындалу барысын түсіндіре отырып, алған нәтижелерін тақтаға жазып есептейді.
Сонымен балалар бүгінгі сабағымызда нені білдік? (Заттың тығыздығын.) Кез келген заттың тығыздығын анықтай аламыз ба? (Иә.) Онда бүгінгі сабақтан алған білімімізді күнделікті өмірде қолдана білейік. Ұлы ғалым М.В.Ломоносов «Көзге елестеткен мың ойдан, қолмен істеген бір іс артық.» деп айтқандай, үйге тапсырма алайық.
Достарыңызбен бөлісу: |