Сабақтың тақырыбы: Заттың тығыздығы. Сабақтың мақсаты: 1 Білімділік



бет6/8
Дата17.12.2021
өлшемі1,71 Mb.
#102028
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
00084465-2aa4ce38 2
00084465-2aa4ce38 2, Стратегический менеджмент 2
ІҮ. «Мағынаны тану.» (Тақтаға 26.11.08 ж. § 32. Заттың тығыздығы деп жазылады.) Бүгінгі сабағымызға байланысты мынадай сұрақтар енгізіледі:

1.Дененің массасы неге тең?

2.Денелердің түріне қарап нені анықтай аламыз? (көлемін)

3.Қандай жаңа ұғымды енгіземіз? (тығыздық)

Демек, біз көлемдері бірдей денелерді салыстыра отырып, олардың ауыр-жеңілдігін анықтай аламыз. Осыдан барып заттың қасиетін сипаттайтын заттың тығыздығы деген физикалық шаманы енгіземіз. Оны ρ (ро) әрпімен белгілейміз.

Заттың тығыздығы деп сол заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шаманы айтады. Олай болса, заттың тығыздығын табу үшін дененің массасын көлеміне бөлу керек.

ρ=m/V мұндағы ρ -заттың тығыздығы, m-дененің массасы, V-дененің көлемі. Ал, енді балалар осы өрнек арқылы тығыздықтың өлшем бірлігін шығарайық.

ρ=1 кг/м3. Бұл көлемі 1 м3 болатын массасы 1 кг –ға тең біртекті заттың тығыздығы. Есептеулер кезінде тығыздықтың басқа да өлшем бірліктері қолданылады. Олар: г/м3; т/м3; т.б.

Егер заттың тығыздығы және дененің көлемі белгілі болса, онда өлшеулер жүргізбей оның массасын анықтауға болады: (Математикадан алған білімімізді еске түсіріп, белгісізді табайық). m= ρ*V

Егер дененің массасы мен тығыздығы белгілі болса, онда оның көлемін есептеп табуға болады: V=m/ ρ .

Кейбір заттың тығыздықтарын 218-219 беттердегі кестеден алуға болады. Олар заттың күйлеріне байланысты.Заттың қандай күйлері бар? (сұйық, газ, қатты). Олай болса, 6,7,8 кестелерде тығыздықтардыкүйлеріне байланысты бөліп көрсеткен. Осы кестелерді есеп шығаруда қолданайық.

Ү. «Ой толғау». (Жаңа сабақты бекіту ретінде сыныпта есептер шығару.)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет