Сабақтың тақырыбы: Зәмзәм суы Тақырыбы мен идеясы. Түйебай бейнесі Сабақтың мақсаты



Дата04.08.2017
өлшемі56,54 Kb.
#22592
түріСабақ
Күні: 05.12.16 Пәні: Қазақ әдебиеті

Класы

5

6

Сабақтың тақырыбы:

Зәмзәм суы

Тақырыбы мен идеясы.Түйебай бейнесі

Сабақтың мақсаты:

Ислам діні,имандылық жөнінде білімдерін кеңейту.Бір- бірінің пікірін құрметтейтін ортаны қалыптастыру.Білім-білік дағдысын қалыптастыру. Имандылыққа,Алланы тануға, адамгершілікке,сыйластыққа,елжандылыққа,тәрбиелеу.түйінді ой айта білуге,өзіндік пікір қалыптастыруға жетелеу.Ойларын еркін жеткізе білу және қиялын дамыту.Шығармашылық ізденісін арттыру

«Түйебай» әңгімесінің тақырыбын анықтап алу. Ұнамды, ұнамсыз кейіпкерлерге сипаттама беру. Қазіргі таңдағы өзектілігі жайлы мәселе көтеру




Оқыту нәтижесі:

- ислам діні, имандылық туралы жалпы біледі.

- Имандылық сөзінің мағынасын түсініп, талдай алады.

- Имандылық қасиеттерді бойына сіңіре алады.


-Әңгіме тақырыбында көтерілген мәселе туралы біледі.

-Ұнамды, ұнамсыз кейіпкерлерге сипаттама бере алады.

-Қазіргі таңдағы өзектілігі жайлы әңгімелейді


Әдіс – тәсілдер:







Ойлаудың жіктелуі

Уақыты

Ресурстар

Сабақ мазмұны

Сабақ мазмұны

Білу

7

Сурет

тер

Тренинг «Мен қандаймын?»

Ой шақыру. Хадис шариф туралы

Бұл суреттерді көргенде ойларыңызға қандай сөздер мен сөз тіркестері келді?




Тренинг «Мен қандаймын?»

Ой шақыруБ.Майлин кім?

(Б.Майлин-көркем прозаның зергері,сыршыл да сыншыл лирик,әрі суреткер ақын,драматург,публицист).



Түсіну

8

Ватман

Интер. тақта

«Жоспар бойынша әңгімеле»

Сенім тобы-Сымайыл

1.Ибраһим-Сара-Ажар арасы.

2.Ибраһим бала үшін Ажарға үйленуі

3.Өмірге бала келуі.

4.Қызғаныш.

5.Ибраһим Алланың әміріне бойсұнуы.



Сабыр тобы-Зәмзәм

1.Ибраһим Аллаға тәуекелін берік ұстауы.

2.Ажар тағдыр тауқыметіне сабырмен көнуі.

3.Бала шырылы.

4.Алланың шексіз мейірімі.


Өткенге саяхат

Зымыран сұрақтар

«Түйебай» әңгімесінің толық мазмұнын сұрау.

а) «Түйебай» әңгімесінде қандай мәселе көтеріледі?
ә) Әңгіменің баяндалу ерекшелігі неде?
б) Әңгімедегі оқиға қай өлкеде болған? Оның суретін автор қалай береді?
в) Биылғы жылы балалар өмірінде қандай өзгеріс болды?
г) Молданың портретін жазушы қалай суреттейді?
д) Түйебайға молда неге өш? Онымен бірге сабақтан қалып қойған балаға неге шұқшимайды? Ал Түйебайды неге жек көрді?
е) Әңгімеде молданың қатыгездігі қалай ашылады?
ж) Молда алдынан кеткен Түйебайдың өмірі қалай жалғасты?
з) Неліктен Түйебай «Аштан өлсем де, байдың малын бақпаймын»деп айта алмады? 

Сөздікпен жұмыс 

Екінді-


бесін –

Қолдану

10

Стикерлер

«Жемісті жауап»

1.Алла кім?

2.Құранда неше сүре бар?

3.Адамды Алла қалай жаратты?

4.Адам ата мен Хауа ананы кім азғырды?

5.Сымайыл өмірге қалай келді?

6.Сара қандай сезімде болды?

7.Ибраһим неге Сара өтінішін орындады?



Сөздік жұмысы.(дәптерге жазу)

Суретпен жұмыс (ауызша)


Бөлім  Тақырып  Басты оқиға

Бөлім --Тақырып --Басты оқиғалар


I Қоржынтомар ауылы --- 1. Ауыл суреті 2. Балалардың тірлігі
II ---- Молда ---1. Молданың оқуы 2. Жұмалық 3. Молданың қаһары
III --- Сабаққа кешігу --- 1. Түйебайдың сабаққа кешігуі 2. Молданың қатыгездігі 3. Оқудан кету
IV ---- Мал соңында ----1. Жайлауға көшу 2. Қой соңындағы Түйебай

Талдау

7

Ватман



«Шығармашылық шыңы»
Сенім тобы – ой толғау «Құдықтардың қайырлысы»
Сабыр тобы – синквейн «Зәмзәм»

«Түйебай» әңгімесін құрылысына қарай талдау:
Әңгіменің басталуы: Қоржынтомар жайлауы 

Байланыс:                   Молдадағы оқу

Шиеленіс:                   Түйебайдың жиі жазалануы.

Шарықтау шегі:         Түйебайдың таяқ жеуі.

Шешімі:                     Түйебайдың оқуды тастауы 


Жинақтау

(Кері бланыс )

9

Кесте



«Жинақтау кестесі»
( екі әңгіме кейіпкерлерін мінездеу)

Ойтолғаныс

1.Түйебай өз бақытын, орнын өмірде таба ала ма?


2. Түйебайдың болашағын қалай елестетесің?

3. Әңгімені қалай жалғастырар едің? (әңгімені аяқтау)


4. Бүгінгі заманда Түйебайдың өмірі қандай болар еді?

Бағалау


4

Шың Сурет

Бағалау шыңы

Үйге тапсырма беру:Діннің шығу тарихы туралы мәліметтер жинау.

Бағалау шыңы Үйге тапсырма:«Түйебайдың болашағы» тақырыбында ой толғау жазу,әңгімеден күрделі сөздер мен тұрақты тіркестерді теріп жазып келу.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет