30.03.2020ж
Сабақтың тақырыбы. Зерттеу жұмысың мақсаты, міндеттері, нысанын анықтау әдістері
Жоғарғы оқу орындарында ғылыми зерттеу жұмыстарын кеңінен енгізу
бұл жұмысты енгізудің ең басты факторы жас мамандарды жаңа заманға сай, жаңа технологиямен таныстыру болып табылады.
Мамандардың білімін жаңа заманға сай жаңа ғылыми, техникалық және мәдени дәрежесін көтеру негізінен ғылыми зерттеу жұмыстарының көмегімен орындалады деуге болады. Ал оларды жүргізуді қадағалап, орындайтын оқытушылар құрамы. Ол үш бағытты ұстанады:
1 Ғылыми және халық шаруашылық тапсырмаларын шешу;
2 Болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыру;
3 Оқытушылардың классификациясын арттыру;
Неғұрлым жоғарғы оқу орнының ғылыми дәрежесі жоғары болған сайын солғұрлым оның оқу-әдістемелік базасы мазмұнды және қызығырақ болады.
Қазіргі заманғы өндіріс пен жұмыс ауырлығы сонша, ол ғылыми және зерттеу біліктілігін талап етеді. Сондықтан жас маманға тек фундаменталды білім емес, оған практикалық жұмыс, жаңадан пайда болған ғылыми жаңалықтарды білу, оларды шешіп өзінің квалификациясын жоғарылату керек. Ал бұл қасиеттерге студенттерді жоғарғы оқу орындарында тәрбиелеу керек. Студенттерді тәрбиелеу осы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы жүргізіледі.
«Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысының» қазіргі мағынасы екі өзара байланысты элементтен тұрады:
1 Зерттеу еңбегінің элементтерін студенттерге оқыту, осы еңбекке баулу;
2 Студенттердің профессорлар мен оқытушылардың жетекшілігімен орындалатын жеке ғылыми зерттеу жұмысы.
ҚазҰТУ студенттерінің ғылыми зерттеу жұмыстары университеттің даму программасымен және ҚазҰТУ дың ғылыми және ғылыми өндірістік іс әрекеттерімен ұйымдастырылады. ҚазҰТУ студенттерінің ғылыми зерттеу жұмыстары кадрларды және жоғары квалификациялы инженерлерді даярлаудың негізгі бөлігі болып табылады. Ғылыми зерттеу жұмыстары теориялық және практикалық ғылыми зерттеулерге, арнайы пәндерді тереңірек ұғынуға және студенттердің өзіндік шығармашылық жұмыстарына даярлауда үлкен роль атқарады.
Ғылыми зерттеу жұмыстарына белсенді қатысу студенттерге фундаменталды ғылымды, техникалық және әлеуметтік ой қабілетін арттыруды жоғарылатады, жаңа идеяларды өзінше игере білу, жаңа ғылыми жаңалықтарды тез және пайдалылырақ пайдалана білу қабілеттерін арттырады.
Ғылыми зерттеу жұмыстарының орындалуы үшін, дипломдық және курстық жұмыстардың жоғарғы дәрежеде болуы үшін және арнайы пәндерді тереңірек ұғынуы үшін ҚазҰТУ да «Курстық және дипломдық жұмыстардың жағдайы жөніндегі конкурс» ұйымдастырылған.
Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарын орындаудың процедурасы мен механизмі әр пәнге тән шығарылған ғылыми зерттеу жұмыстарымен және институттарымен орындалады. Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарын қорытындылап, оған өз бағасын қою үшін сол институттың проректорының ұсынуымен сол пәнге қатысы бар университеттің белгілі ғалымдарынан комиссия мүшелері құрылады. Әр пәннен қорытынды бойынша ең жақсы студенттер марапатталады.
Жоғарғы оқу орындарының көптеген кафедраларымен оқу ғылыми семинарлары құрылады.
Студент орындалған зерттеу қорытындыларына арнап баяндамамен семинарға шығуы үшін ол семестр бойы дайындалуына мүмкіндік жасалған.
Сонымен қатар жеке үй жұмыстары да беріледі (ғылыми іздеуді талап ететін).
Бастапқы курстарда студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының бір түрі болып рефераттар табылады.
СҒЗЖ құрылымы
Университетте студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары өзара байланысты формаларда ұйымдастырылған, олар шартты түрде екі топқа бөлінген: оқу процесіне қосылған және оқудан тыс уақытта қолданылатындар.
СҒЗЖ оқыту формалары
Оқу зерттемелік (ғылыми курстық) жұмыстар;
Лабораториялық жұмыстар;
Зерттеу жұмыстары, практика кезінде орындалады;
Дипломдық ғылыми жұмыстар және нақты жоба;
Студенттердің ғылыми семинарлары.
Оқу зерттемелік курстық жұмыс бұл студенттің болашақ мамандығына сай ғылыми зерттеу, конструкторлы, жобалы қасиеті бар жұмыс, оны студент оқу жоспарына сай нақтылы тематикамен орындайды. Оқу зерттемелік жұмыс оқу жоспарында жеке қарастырылады және ол 3-5 курстарда оқытушы немесе ғылыми маман қарамағындағы студентпен орындалады.
Оқу зерттемелік жұмыс сабақ кестесінен бөлек бөлінген уақытта арнайы пәннен бүкіл студенттермен оқытушының қарамағында орындалуы тиіс. Оқу зерттемелік жұмыстың негізгі мақсаты студенттерді теориялық және эксперименталды жұмыстарға үйрету, лабораторияда нақты еңбек жағдайымен танысу, ғылыми ұжымда жұмыс істеу болып табылады. Жұмысты орындау процесінде лабораториялық құрал жабдықтармен танысып, өздері әртүрлі эксперименттерді жүргізуді үйренеді.
Оқу зерттемелік жұмысты орындау үшін студенттерге лабораторияда өзіне жұмыс орындары және керекті құрал жабдықтары беріледі. Студенттер еңбек ережелерін және бір күнге берілген кестені сақтап, орындауы керек. Жұмыстың тақырыбы және жұмыс көлемі әр студентке жеке түрде беріледі. Кафедра, жоспарында оқу зерттемелік жұмысы бар, студенттерді ғылыми жұмыспен қамтамасыз етуі үшін жұмыс тақырыптарымен, ғылыми жетекшілермен, әдістемелік құжаттармен және арнайы әдебиеттермен қамтамасыз етуі керек.
Оқу зерттемелік жұмыстың жетекшілері негізінен ғылыми жұмыс жүргізетін оқытушылар, ғылыми қызметкерлер, инженерлер және аспиранттар болып табылады.
Оқу ғылыми семинарлары студенттердің алып жатқан мамандықтары бойынша әртүрлі практикалық сабақтар жиынтығы. Олардың негізгі мақсаты студенттерді өздерінің орындаған жұмыстарын немесе ұсынып отырған теориялары қорғап, дәлелдей білу. Мұндай семинарлар берілген тапсырманы сабақ уақытында немесе сабақтан тыс уақыттада қарастыруға арналған.
1-2 курстарда жалпы ғылыми және жалпы техникалық пәндерден лабораториялық жұмыстарға зерттемелік тапсырмалар қосылуы мүмкін.
Ал 3 курста лабораториялық практикаға жалпы техникалық және мамандандырылған пәндерден де ізденісті және зерттеулер талап ететін тапсырмалар қосылуы керек. Бұл жұмысты орындау кезінде студент өзі жоба құрып, лабораториялық жұмысты орындауға керекті құрал жабдықтарды таңдап алып, оны орындап, ең соңында ғылыми есеп береді.
Дипломдық жұмыстарға және нақты жобаларға жоғары дәрежелі талаптар қойылады. Мұндай жұмыстар жеке немесе ұжымдық түрде, бір мамандық студенттері болып немесе әртүрлі мамандық студенттері болып орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |