Сабақтың тақырыбы



Дата04.11.2016
өлшемі11,82 Kb.
#191

Сабақтың тақырыбы:

  • Ағайынбыз бәріміз.
  • Тасымал 95-97 жаттығу
  • Қ. Әбдәлиев атындағы жалпы орта мектебі
  • Оңтүстік Қазақстан облысы
  • Қазығұрт ауданы
  • Рабат ауылы
  • Қ. Әбдәлиев атындағы жалпы орта мектебінің
  • Бастауыш сынып мұғалімі
  • Жандабаева Құралай

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: Ә.Дүйсенбаевтың өмірі мен шығармашылығын түсіндіре отырып, “Ағайынбыз бәріміз” өлең- дерін түсіндіру, білімдерін тереңдету 2. Дамытушылығы: Достық, бірлік туралы ұғымын дамыту, сөзді мәнерлеп оқуға, әдемі жазуға тасы- малдауға жаттықтыру 3. Тәрбиелігі: Елін , жерін құрметтеуге, достарын сыйлауға , бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу. Әдіс –тәсілі: сұрақ –жауап, әңгімелеу Қолданылатын технология: оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Түрі: жаңа сабақты меңгерту

Көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта, қимақағаз т.б. Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру - Оқушыларды реттеу - Психологиялық дайындық.

Қуанамын мен де, Қуанасың сен де. Қуанайық бәріміз, Арайлап атқан күнге

Үй тапсырмасы: “Алматы” мәтінін түсініп оқу. Сұрақ –жауап. 1. Мәтін не туралы? 2. Алматыда қандай алма өседі ? 3“Алматы әсем қала” дегенді қалай түсінесің?

  • Үй тапсырмасын қорыту.

Алматы апорты

Ой қозғау - Алматы сөзінде неше дыбыс, неше әріп бар? - “Алматы” сөзінде неше буын бар? -Буын дегеніміз не? Тасымал дегеніміз не?

  • Байтұрсынұлы Ахмет (5 қыркүйек 1873 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы8 желтоқсан 1937, Алматы қаласы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетек-шілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы,ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.Атасы Шошақ немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Әкесінің інісі Ерғазы Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 18951909 жылы Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады.

І. Бағдарлау – мотивациялық кезең /қызығушылығын ояту/

  • мек
  • теп
  • өр
  • мек
  • ші
  • тер
  • дәп
  • те
  • ре
  • зе
  • күн
  • ай

Буыннан сөз құрау

  • Сөздердің сыймай қалғанда келесі жолға буын жігімен бөлініп тұруын не деп атайды
  • Тасымал

ІІ. Операционалдық – орындаушылық кезең Ой шақыру. - Біз қандай елміз? - Қазақстан жерін қоныстанып келе жатқан кімдер? - Қазақстанда тағы қандай ұлттар тұрады? - Олар бір –бірімен қалай тұрады?

- Достық , бірлік туралы қандай мақал білесіңдер? 1. Татулық табылмас бақыт. 2. Досы көпті жау алмас, Ақылы көпті дау алмас. 3. Түсінісе білу жақсы қасиет

Сергіту сәті Бір, екі, үш, Бойға жинап күш. Жалқаулықты тастаймыз, Жаңа сабақ бастаймыз.

Жаңа сабақ Әнуарбек Дүйсенбиевтің “Ағайынбыз бәріміз” өлеңі

  • Әнуарбек Дүйсенбиев - 1931 жылы 25 қазанда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетін және БЛКЖО Орталық комсомол мектебін бітірген. Ұзақ жылдар «Балдырған» журналының жауапты хатшысы, «Жалын» баспасында бөлім меңгерушісі, «Жазушы» баспасында аға редакторлық қызмет атқарған.
  • Ақ қозы, Мамыттың бейіті, Сабанмен байыған Сәлім. Қызыл топшылы қаршыға атты өлеңдері
  • бар. Әнуарбек Дүйсенбиевтің шығармалары өзге ұлт өкілдерінің де сүйіспеншілігіне ие болады. Төрт кітабы орыс тілінде, қырғыз, украин тілдерінде де жеке кітаптары жарық көреді.

Оқулықпен жұмыс 95 жаттығу. І. Өлеңді мәнерлеп оқу, түсіндіру Сөздікпен жұмыс Тосқауыл – бөгет, кедергі Талпынған – ұмтылған. Ағайынбыз – туыспыз, бауырмыз ІІ. Түсінігін сұрақтар арқылы білу - өлеңде не туралы айтылған? “Ағайынбыз бәріміз” дегенді қалай түсінесің? ІІІ: Оқушының оқуы Жақсылық сөзін тасымалдау

Сергіту сәті Ән. «Достық» И. Нүсіпбаев. Ескен Елубаев

  • Дәптермен жұмыс Көркем жазу: жақсылық, бақыт, дос, бауыр

96 – жаттығу. Мақалды оқып, ішінен өлең мазмұнына сай келетінін таңдап жазу. 1. Көп біл, аз сөйле. 2. Татулық – табылмас бақыт. 3. Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ. 4. Бірлік болмай, тірлік болмас

Ойна да, ойлан 97 жаттығу Сенің досың кім? Басқа да достарың бар ма? Суретке қарап қалған досыңды тап

  • Менің
  • достарым

ІІІ. Рефлекциялық бағалау кезеңі. Тасымалдауға келмейтін сөздің астын сыз. /Қима қағазбен жұмыс/ 1. Күн шашуын бізге шашып тұрғандай, керемет! 2. Ана – өмірдің шуағы. 3. Ит –адамның досы. 4. Су –өмірдің мәні. 5. Қыз – елдің көркі. Гүл – жердің көркі

Сабақты қорыту 1. Бүгінгі сабақтан не білдіңдер? Өлеңде не туралы айтылған Білімін бағалау: Үйге тапсырма: “Ағайынбыз бәріміз” оқу.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет