Сабақтың тақырыбы:Өзгергіштіктің негізгі формалары. Генотиптік өзгергіштік : Мутациялар



Дата23.03.2018
өлшемі42,69 Kb.
#39541
11.03.17

Сабақтың тақырыбы:Өзгергіштіктің негізгі формалары.Генотиптік өзгергіштік :Мутациялар.

Сабақтың мақсаты
Білімділік: Оқушыларға мутациялық өзгергіштік түрлері, олардың себептері, организмге әсері туралы білім беру. Өзгергіштіктің түрлерін жіктеу, оларды салыстыру, мутациялық өзгергіштіктің органикалық дүниенің дамуы мен жұмыстары үшін маңызды екендігін түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың биология ғылымына қызығушылығын тудырып, дүниетанымын, жеке тұлғасын, коммуникативтік біліктілігін дамыту.
Тәрбиелік: Ұжымшылдыққа, өз ойларын айта білуге, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Сабақтың әдісі: CТО стратегиялары.
Сабақтың көрнекілігі: презентация, үлестірмелер, слайд.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру: Сынып оқушыларын түгендеу.Топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасы

Тест арқылы тексеру



ІІІ Жаңа сабақ
«Тірек мәтін»
1. Мутация дегеніміз не? Бұл ұғымды қалыптастырған кім?

Мутация дегеніміз - организм генотипінің, яғни хромосомалар мен олардың құрамды бөліктері - гендердің өзгеруіне байланысты кездейсоқ пайда болатын, тұқым қуалайтын өзгергіштік. Бұл ұғымды ең алғаш рет голландиялық ботаник Х. Де Фриз қалыптастырды.


2. Мутагендер дегеніміз не, олардың қандай түрлері бар?
Мутация сыртқы орта факторларының әсерінен пайда болады, оларды
Мутагендер деп атаймыз. Мутагендердің 3 түрі бар: физикалық, химиялық, биологиялық.
3. Генотиптің өзгеру сипатына қарай мутацияның қандай түрлері бар?
Генотиптің өзгеру сипатына қарай мутациялар: гендік, хромосомалық, геномдық, цитоплазмалық
4. Гендік мутация дегеніміз не?
ДНҚ құрамындағы генде өзгеріс болады. ДНҚ-дағы нуклеотидтердің орны өзгереді, ДНҚ молекуласындағы бір нуклеотидтің түсіп қалуы мүмкін, немесе бір нуклеотидтің орнына басқа нуклеотид орналасады.
5. Хромосомалық мутация
Хромосомалық мутация түрлі хромосомалық өзгерістерге байланысты болады. Бұл жағдайда хромосомаларды құрылымы өзгереді. Ондай өзгерістер хромосомаішілік және хромосомааралық болып келеді.
6. Хромосомаішілік мутацияның қандай топтары бар?

Хромосомаішілік өзгерістерге мыналар жатады: дефешенсия - хромосома ұштарының жетіспеушілігі; делеция - хромосоманың бір бөлігінің үзіліп түсіп қалуы; инверсия - хромосомабөлігінің 180 - қа бұрылуына байланысты гендердің орналасу ретінің өзгеруі; дупликация - хромосоманың белгілі бір бөлігінің екі еселенуі.


7. Хромосома аралық мутацияның қандай топтары бар?
Хромосомааралық өзгерістерге хромосоманың бір бөлігінің ғана ұқсас емес басқа бір хромосомамен ауысып кетуі жатады, оны транслокация дейді.
8. Геномдық мутация дегеніміз не?
Геномдық мутация дегеніміз - жасушадағы хромосомалар санының өзгеруіне байланысты болатын өзгергіштік.
9. Геномдық мутацияның қандай түрлері бар?
Митоз бен мейоз кезінде хромосома саны теңдей бөлінбей, не көбейеді, не азаяды. Көбейсе полиплоидия, азайса анеуплоидия немесе гетероплоидия деп атайды.
10. Полиплоидия
Гаплоидты хромосома санының еселеніп көбеюін полиплоидия деп атайды. Полиплоидия құбылысы табиғатта кеңінен тараған, олар табиғи жағдайлардың әсерінен пайда болатындығы дәлелденді. Мәдени өсімдіктердің көпшілігі табиғи полиплоидты формалар. Хромосома санының еселену дәрежесіне қарай 3n - триплоидты, 4n - тетраплоидті, 5n - пентаплоидті болыпкеледі.
11. Анеуплоидия
Анеуплоидия немесе гетероплоидия хромосома санының гаплоидті жиынтыққа еселенбей өзгеруінің нәтижесінде пайда болады. Бұлқұбылысты ең алғашК. Брид жес дрозофила шыбынындағы жыныспен тіркесіп тұқымқуалау заңдылығын зерттеу барысында байқаған болатын.

Топтық тапсырма

1-топ Гендік мутация туралы ақпарат береді

2-топ Хромосомалық мутация туралы ақпарат береді

1.Хромосомалық мутациядан туындайтын ауруларға мысал келтіру.

3-топ Геномдық мутация туралы ақпарат береді.



IY-Бекіту

I – топқа арналған


жеке тапсырма
Биологиялық диктант
1.Ұрпақтар белгілі дәрежеде ата-анасына ұқсас болып туады. Мұны тұқымқуалаушылық
2. Ата-аналардан алынатын гендердің толық жиынтығы генотип , организмге тән ішкі және сыртқы белгілердің жиынтығы фенотип деп атайды.
3. Әйелдердің бойы аласа болып, жыныстық жетілуі баяулап, бедеу болатын қандай синдром?Шерешевский – Тернер синдромы
II – топқа арналған
Биологиялық диктант
1. Адамның денесі 500 триллиондай жасушадан тұратын болса, оның әрбір дене жасушасы 46 хромосомадан, ал жыныс жасушаларында 23 хромосома болады.
2. Аутосомалардың 21 жұбында артық бір хромосома болатын, жалпы хромосомалар саны 47 болатын ауру қалай аталады?Даун синдромы
3.Жыныс бездері жете дамымаған, ақыл есі кем, аяғы мен бойы ұзын, басы кішкентай қай синдромға жатады?Клайнфельтер синдромы

III– топқа арналған Биологиялық диктант


1.Организмнің тұқымқуалаушылық сыртқы орта факторларының әсерінен үнемі өзгеріп отырады. Оны өзгергіштік деп атайды.
2. Жыныс бездері жете дамымаған, ақыл есі кем, аяғы мен бойы ұзын, басы кішкентай қай синдромға жатады?Клайнфельтер синдромы Жаңа материялды биологиялық диктант орындау арқылы қорытындылайды.
Биологиялық диктант мәліметтерді есте сақтауға,алдағы уақытта өз пайдасына жаратуға үйретеді

ІІІ кезең


Кері байланыс. Деңгейлік тапсырмалар.
1. Мына сөйлемдерді толықтырыңдар:
А. Мутагендердің ————– түрі бар, оларға ———— мутагендер жатады.
Ә. Хромосомалардың белгілі бір бөлігінің екі еселенуін ———, ал хромосоманың бір бөлігінің үзіліп түсуін ——— деп атайды.
Б. Хромосомалар санының екі еселенуін ———, үш еселенуін ——, ал төрт еселенуін ——– деп атайды.
ІІІ. деңгей (3 ұпай)
«Сәйкестендіру тесті
1. Генотип а. Вирус; бактериялар
2. Химиялық мутаген ә. 44 ХУ
3. Биологиялық мутаген б. Толық гендер жиынтығы
4. Әйел адамның хромосомалар жиынтығы в. Темекі, алколоид, колхицин
5. Мутация г. 44 ХХ
6. Синдромдар ғ. Қараңғыда көрмеу

7. ер адамдарда хромосома жиынтығы д. Тұқым қуалайтын өзгерістер


8. Гемофилия
9. Дальтонизм. ж. Қанның ұйымауы

Y-Қорытынды:
1 Мутация теориясын ұсынған кім ...

2 Мутация сыртқы орта факторларының әсерінен пайда болады оларды ........

3 Химиялық мутагендерге жатады......

4 Генотиптің өзгеру сипатына қарай мутациялар...........болып бөлінеді

5 Инверсия дегеніміз..........

6 Геномдық мутация хромосома санының гаплоидті жиынтыққа еселеніп көбейсе оны.......... қалай атайды



YI-Бағалау

Бағдаршам әдісі арқылы бағалау.



YII-Үйтапсырмасы:
1.§49 Мутациялық өзгергіштік
2. 10 сұрақ тест құрастыру.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет