Сабақтың тақырыптары Сағат саны Мерзімі Ескертулер 1



бет4/13
Дата13.12.2022
өлшемі59,44 Kb.
#162612
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Тоғызқұмалақ қмж
111229, шахматы планы
Жүріс дәлдігі
Жүріс дәлдігі немесе айтқанда дәлдік ( атжетер ) деп, отаудың ішіндегі тастардың санына байланысты соңғы тастың дәл қай отауға түсетінін алдын ала анықтауды айтамыз. Мысалы: № 3 отауда 4 тас жатса, оны көзбен таратқанда № 3, 4, 5, 6 отауларына түсетін болғандықтан, дәлдік 6 болады. Екінші жолмен анықтау үшін отаудың ішіндегі тас санына сол жақта орналасқан көрші отаудың номерін қосу арқылы дәлдік табамыз. Сондықтан алдыңғы мысалдағы дәлдік 4 +2 = 6 – ға тең екен. Отаудың саны бар болғаны 9 болғандықтан , қосуамалында қосынды 9 – дан асса, онда қарсыластың № 1 отауына 10 , № 2 отауына 11 құмалақ т.с.с. деп жалғастырып кете беруге болады.
Алу амалын қолдану да оңай. Ол үшін отау ішіндегі тастар санынан, сол отауға қарсы жатқан қарсылас отауының номерін аламыз. Мысалы № 6 отауда 7 тас жатса, онда отаудағы тастар саны боп табылатын 7 – ден, қарсы жатқан отаудың номері 4- ті алып тастаймыз. Дәлдік 7 – 4 =3 болады. Көзбен тексерсек те осы нәтиже шығады.
Енді тастардың саны 10 шамасында болса, яғни 5 – 15 арасында болған жағдайды қарастырсақ. 10 тасы бар отаудың дәлдігі қарсыластың дәл сондай номерлес ( аттас) отауында жатқаны, тақта бетінде анық көрініп – ақ тұр. Сондықтан, тастар саны 10 – нан қанша артық болса, сонша санды отау номеріне қосамыз. Егер кем болса, онда керісінше аламыз. Бір жақтағы отаудың ұзына бойынғы саны 10 тасқа есептелгендіктен, артық тас 10 тастың үстінде екінші қабатта жатады. Мысалы: 15 тастың 10 –ы астында ( бірінші қабатта ), ал қалған 5 тасы үстінде ( екінші қабат та )жатып, қосатын тас саны анық көрініп тұрады. Кем тас саны да, көзге анық көрініп тұрады. Мысалы: 7 тастың 3-і кем кем, 8 тастың2-сі кем, 6 тастың 4-і кем. т.с.с.
Енді дәлдік тауып үйренейік. Мысалы:№ 4 отауда 13 тас жатса, 10 тастан 3 тас артық болғандықтан, отау номері 4-ке 3 санын қоссақ, дәлдік 7 болады екен. Егер №5 отауда 8 тас жатса, дәлдік 5-2= 3 болады екен. Ал, алу амалын қолдансақ (қарсыластың қарсы отауы № 5 отау болғандықтан), 8-5= 3 тең.

тоғызқұмалақ ойынының әдіс - тәсілдері 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет