Сабақтың түрі және құрылымы.
Сабақтың қандай түрі алынған, тақырыптың тұтас және оқудың дидактикалық мақсатына сәйкестігі. Тұтас тарау бойынша оқу жүйесіндегі сабақтың орны. Сабақтың өткенмен байланысы қалай жүзеге асырылады. Сабақтың құрылымы берілген сабақтың түріне сәйкес келе ме, қандай ауытқулар болды, олар қалай пайда болған. Сабақтың жеке кезеңінің жүйелілігі. Тұтастықтың қамтамасыз етілуі және сабақтың аяқталуы. Қорытындысы қалай жасалды.
Сабақтың мазмұны.
Мазмұнның бағдарламаға сәйкестігі. Пәнаралық байланысты орнату. Еңбексүйгіштікті, еңбек адамдарын құрметтеу сезімін қалыптастыру қалай жүзеге асырылды. Интеллектуалдық қабілетінің дамуы, оқушылардың адамгершілік және эстетикалық сезімі қалай жүзеге асырылды. Дидактикалық материалдарды қолдану жіне кабинеттің жабдықталуы. Бұрын игерілген материалдың негізінде дағдының, білімнің және біліктің өсуіне немесе жетілуіне қол жеткізу.
Достарыңызбен бөлісу: |