Пән атауы: Физика
|
Мамандығы: «Негізгі мектептің шет тілі мұғалімі»
|
Тобы: ШТ-Д-15
|
Күні:17.02.2016ж
|
Оқытушының аты-жөні: Аманбаева Г.Қ
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Электромагниттік индукция. Ленц ережесі.
|
Құзыреттілікті қалыптастырудағы сабақтың негізгі мақсаты:
|
Базалық
|
Электромагниттік индукция құбылысы және индукциялық токтың бағыты туралы Ленц ережесін меңгеруі.
|
Кәсіптік
|
Берілген тапсырмаларды, жағдаяттарды шешуде ақпаратты таңдауға шешімдер қабылдай және өз шешімінің салдарын бағалай білуі
|
Коммуникативтік
|
- нақты қоршаған ортамен байланысты есептерді шығара алу, мысалдарды шешу үшін әртүрлі ауызша және жазбаша жұмыстарын жүргізу;
- топтық тапсырмаларды бірлесіп, қауымдастықта шығара білуге үйрету;
|
Проблеманы шешу
|
Өз бетімен мақсатты жоспарлауға, дәлелдеуге және іске асыруға қалыптасуы
|
Сабақтың міндеттері:
|
Білімділік
|
Магнит өрісі қасиеттерін, электромагниттік индукция құбылысы және индукциялық токтың бағыты туралы Ленц ережесін және Фарадей тәжірибелерімен талдау, формулаларды пайдалана отырып есеп шығаруда қолдана білу міндеті.
|
Тәрбиелік
|
Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау. Сабақ барысында оқушылардың дербестігін, пікір алмасуға, шығармашылық өздігінен білім алуға тәрбиелеу.
|
Дамытушылық
|
Оқу материалын талдай білу дағдысын дамыту, бақылау, салыстыру, оқылған құбылыстар мен фактілерді салыстыра білу, қорытынды жасай білуге баулу. Жаңа білімді қолдану дағдысын дамыту, ақылға салу дағыдысын қалыптастыру.
|
Сабақтың типі:
|
Аралас
|
Сабақтың түрі:
|
Жаңа тақырыпты меңгерту
|
|