Оқушыларға модификациялық өзгергіштіктің статистикалық заңдылықтарын түсіндіру.
Тәрбиелік:
Оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру өзгергіштікті анықтау, оған анықтама беру, өзгергіштіктің түрлерімен танысу ғалымдардың ашқан еңбектерімен танысу.
Дамытушылық:
сабақта әр түрлі жұмыс түрлерін ұйымдастыру арқылы оқушылардың интеллектуалды қабілеттерін дамытып, салыстыру, талдау өзіндік ой қорытындысын жасауға жаттықтыру;
Кәсібилік:
Олар туралы жаңаша ақпараттар беру. Модификациялық өзгергіштіктің статистикалық заңдылықтармен вариациялық қатар құру, нұсқаулардың кездесу жиілігін есепеу әдістерін үйрену. Оқушыларға кәсіби бағдар беру
Күтілетін нәтижелер:
Білуі керек:
Модификациялық өзгергіштікті
өзгергіштік заңдылықтарын
вариациялық қатар заңдылықтарын
Істей алуы керек:
- модификациялық өзгершіштік қасиеттерін анықтай алу
Тірек-сызбалар «Өзгергіштік түрлері», суреттер: «Өсімдік биіктігінің вариациялық қисық сызықтығы» тест тапсырмалары, термин сөздер, негізгі және қосымша әдебиеттер, ғаламтор материалдары, жұмыс дәптері, суретті тапсырмалар, салыстырмалы кестелер.
Сынып сабаққа дайын, кезекшілік атқарылды, мұғалім мен оқушының арасында ынтымақтастық қарым-қатынасы орнайды.
II.Сабақ тақырыбы, мақсаттың қойылуы
(3мин)
Мақсаттар:
Сабақтың мақсат-міндеттерін таныстыру
Сабақтың мақсат-міндеттерін таныстыру;
Лекция жоспарымен таныстыру;
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Өзгергіштік. Вариациялық қатар
өзгергіштік тарауына қысқаша шолу жасалады, практикалық жұмыс мазмұны баяндалады, түсіндіріледі
. Модификация- генотиптің өзгеруіне байланыссыз сыртқы орта жағдайларының әсерінен болған ағза фенотипіндегі белгілердің өзгеруі.
Модификацияның- «Ұзаққа созылған модификацилық өзгергіштік» деп аталатын категориясы болады.
«Ұзаққа созылған иодификацияны » зерттеген ғалымдар.
Н.И.Вавилов – ол ұзаққа созылған модификациялық өзгергіштік біртіндеп мутациялық өзгергіштікке айналуы мүмкін деді.
М.Зияров – ол бидай өсімдігінің ұзаққа созылған модификациялық өзгергіштігін алды.
Гофман мен Сонеборн- ұзаққа созылған модификациялық өзгергіштіктің аналық сала бойынша ұрпақтан-ұрпаққа берілуі хромосомалардан тыс орналасқан құрамдас бөлігіне байланысты екенін көрсетеді.
Жаңа тақырыпты меңгеруге қажетті әдебиеттер мен ақпараттар тізімін ұсыну
Видео арқылы бүгінгі тақырыпты тыңдату . Модификациялық өзгергіштіктер
практикалық жұмыс : Вариациялық қатарды құру және жапырақ
ұзындығы өзгергіштігінің вариациялық қисық сызығын түсіру
Сабақтың мақсаты:
Биологияда математикалық әдістерді қолданудың мысалы ретінде, модификациялық өзгергіштіктердің статистикалық заңдылықтарын көрсету және белгі өзгергіштігінің вариациялық қисық сызығын сызу.
Жұмыс барысы. 1. Жапырақтардың (10-ден 30 данаға дейін) ұзындығын өлшеңдер.
2.Жапырақтарды осы белгілердің өсу ретіне қарай ақ қағазға орналастырыңдар. Жиі кездесетін белгіні (жапырақ тақташасының ұзындығы) белгілеңдер және жапырақтардың төбелерін сызықтармен қосу арқылы вариациялық қатар жасаңдар.
3.Вариациялық қатардың мәліметтерін жазыңдар және есепті шығарыңдар.
- берілген ғылыми терминдерге бағдар жасау арқылы өзгергіштік тақырыбындағы білімдері кеңейеді, ұсынылған сұрақтарды талдайды, шешім қабылдайды
IV. Бекіту(25 мин)
Мақсаттар:
Жаңа тақырыпқа байланысты игерілген алғашқы түсініктерін тиянақтау, бекіту, игерілген білімдерді практикада қолдана алу қабілеттерін дамыту
- Оқушыларға топтық тапсырма беру;
- оқушыларға бекіту кезеңінің тапсырмаларымен таныстыру;
Практикалық жұмыс тапсыру, вариациялық сызық құру
Биологиялық диктант:
1. Өзгергіштіктің екі түрі бар. Олар:
а) фенотиптік немесе тұқым қуаламайтын өзгергіштік. Бұған модификациялық өзгергіштік жатады;
ә) генотиптік немесе тұқым қуалайтын өзгергіштік. Бұған мутациялық және комбинативтік өзгергіштіктер жатады.
2. Сыртқы орта жағдайларының әсерінен организм фенотипінің өзгеруін модификациялық өзгергіштік деп атайды.
Модификациялық өзгергіштіктің өзі белгілі бір реакция нормасымен шектеледі, яғни организмнің әрбір белгі-қасиетінің өзгеруінің белгілі бір шамасы болады.
Модификациялық өзгергіштік генотиптің өзгеруіне байланысты емес, сондықтан ол тұқым қуаламайды.
3. Модификациялық өзгергіштік статистикалық әдіспен зерттеледі. Статистикалық әдісті қолданудың негізінде белгілердің өзгеру шамасы пайызбен анықталады. Оны вариация коэффициенті (V) деп атайды.
№15
бологиялық диктант
№15
Жұмыс дәптері
Практикалық жұмыс
Оқушылар деңгейлері бойынша ұсынылған түрлі нұсқада тапсырмаларды орындайды
биологиялық есептер шығарады
Қатемен жұмыс жасау
Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін жүйелейді, әр түрлі нұсқадағы тапсырмаларды орындау арқылы анықтамаларды бір-бірімен салыстыра алу құзіреттілігі қалыптасады