Сабақтың технологиялық картасы



бет1/2
Дата17.04.2017
өлшемі0,61 Mb.
#14072
  1   2
9 сыныпта химия пәнінен «Темірдің маңызды қосылыстары» деген тақырыпта ашық сабақ өткізген болатынмын. Сабақ оқушылардың тақырыпты өз бетімен меңгеруге бағытталған. Мұғалім түсіндірген сабақтан гөрі өзі меңгерген сабақ оқушыларға неғұрлым тиімді екендігіне көзім жетті. Сабақта жеті модуль қолданылған. Олар:

  • Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

  • Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

  • Оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау,

  • Оқуда АКТ-ны пайдалану

  • Оқушыларды жас ерекшелігіне сай оқыту

  • Оқытудағы басқару және көшбасшылық

  • Талантты және дарынды балаларды оқыту

Осы модульдерді қолдану арқылы оқушылардың білімді меңгеруі жоғары деңгейде болады.

Сабақтың технологиялық картасы:



Сабақтың кезеңдері

модульдер

Оқушы әрекеті

Уақыты

1

І. Ұйымдастыру:

А) оқушылармен амандасу

Ә) оқушыларды топқа бөлу

Б) Психологиялық дайындық:

КІМ КӨП БІЛЕДІ ? “



Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер


Ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады, сабақтың жақсы өтуіне әсер етеді

1-2 минут

2

ІІ. Үй тапсырмасы:

Сұрақтар:

Химиялық қасиеттері:

1-топ: (слайдтан көрсетіледі) Жай заттармен әрекеттесуі:

2-топ: (слайдтан көрсетіледі) II. Күрделі заттармен әрекеттесуі:

Шығармашылық жұмыс:

Қолданылуы:

Темірдің биологиялық маңызы.

Есеп шығару:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер


Талантты және дарынды балалар-ды оқыту

Шапшаңдыққа үйренеді.

Шығармашылыққа үйреніп, оқулықтан тыс материалмен жұмыс жасайды.


10 минут


3

ІІІ. Ой қозғау:

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету


Логикалық, проблемалық сұрақтарға жауап бере отырып, сыни тұрғыдан ойлап, сабақ мақсатын өздері айқындайды.

2 минут

4

ІV. Жаңа сабақ.

Мұғалім: (Сызба нұсқа бойынша жалпы түсінік береді)

Оқыту-дағы басқару және көшбас-шылық


Тақырыптың маңыздылығын түсінеді.

4 минут

5

V. Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеру:

1-топ: Темір (ІІ) оксиді және темір (ІІ) гидроксиді

2-топ: Темір (ІІІ) оксиді және темір (ІІІ) гидроксиді

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Оқытудағы басқару және көшбасшылық

Талантты және дарынды балаларды оқыту


Тақырыпты өздері оқиды, қажет ақпаратты флипчартқа түсіре отырып, бірлесе жұмыс жасайды. Бір-бірінің білімдері тексереді, қорытындылап, толықтырып отырады. Барлық оқшы жұмыс жасайды. Ынтымақтастық қалыптасады. Топпен жұмыс жасау арқылы топ ішінде жұмыс жасалынады.

10 минут

6

VІ. Бекіту:

«Досыма SMS жазу» Екі топ бір-біріне сұрақ қойып хат жазады.


Тапсырмалар орындау.

Оқушыларды жас ерекшелігіне сай оқыту

Оқуда АКТ-ны пайдалану



Тапсырмаларды біллесіп орындап, білімдерін толықтарады

4 минут


4 минут

7

VІІ. Қорытындылау:

Резюме.(Элементке сипаттама)

Оқушыларды жас ерекшелігіне сай оқыту

Оқуда АКТ-ны пайдалану



АҚТ-ны пайдаланады.

3 минут


8

VІІІ. Рефлексия

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Бүгінгі сабақта қолданылған әдістер туралы пікір айтады. Кері байланыс орнатылады.

2 минут

9

IX. Бағалау:

Оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау,

Бір-бірін бағалайды. Өз жұмысына баға береді. Мұғалім қорытынды бағаны қояды.

2 минут

10

Х. Үйге тапсырма:




Шығармашық бағытта тапсырмалар беріледі

2 минут


Ендіс осы сабақ жоспарын төменде берілген.

Сабақтың тақырыбы: §41. Темірдің маңызды қосылыстары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға темір металының халық арасында ежелден қолданылып келгеніне,қолдану аясының кеңдігіне көз жеткізе отырып,қасиеттерін ұғындыру

Дамытушылық: Биология,физика,география,тарих және халық ауыз әдебиетімен байланыстыра отырып,темірдің адамға қажеттігі туралы білім дағдыларын дамыту

Тәрбиелік: Оқушылардың ойын дамыту,белсенділігін арттыру және ұқыптылыққа,біреудің жауабын тыңдап,одан қорытынды шығара білуге тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, оқулық, темірдің құймалары, темірден жасалған бұйымдар, үлестірмелер, плакаттар.

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың пән аралық байланысы: физика, биология, тарих, әдебиет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:

А) оқушылармен амандасу

Ә) оқушыларды топқа бөлу( оқушылар үстел үстіндегі парақшаларды таңдайды, онда элементтер жазылған, метал элементін таңдаған оқушылар бір топ, бейметалдарды таңдаған оқушылар бір топ бөліп екі тоқа бөлінеді)

Б) Психологиялық дайындық:

КІМ КӨП БІЛЕДІ ? “

Сыныптағы барлық оқушылар дөңгелене тұрып,бірінен кейін бірі химиялық элементтердің атын айтады. Мүдірген, элементті қайталап айтқан оқушы шеңберден шыға береді . Соңында жеңімпаз оқушы анықталып,сабаққа сәттілік тілейді.

ІІ. Үй тапсырмасы:

§40 Темір.



Сұрақтар:


І – топ

  1. Темірдің периодтық жүйедегі орны қандай?

  2. Темірдің табиғаттағы маңызы қандай?

  3. Темірді өнеркәсіпте қалай алады?

  4. Темірді неге “аспан тасы” деп атаған?

  5. Ең көп қолданылатын темір құймасы?

ІІ – топ

  1. Темірдің атом құрылысы туралы айтыңыз?

  2. Тотығу дәрежесі . ..

  3. Темірдің физикалық қасиеттерін атаңыз?

  4. Темір кені қайда өндіріледі?

  5. Темір табиғатта қалай таралған?





Химиялық қасиеттері:

1-топ: (слайдтан көрсетіледі) Жай заттармен әрекеттесуі:

  • Темір оттекте жанғанда екі тотығу дәрежесін де (+2, +3) көрсетеді, ұшқын шашыратып жанады:

3Fe + 2º2 = Fe2 O4 (FeO * Fe2 O3 )

Белсенді бейметалдар темірді тотықтырады:

2Fe + 3Cl2 = 2FeCl2

Fe + S = FeS



2-топ: (слайдтан көрсетіледі)

II. Күрделі заттармен әрекеттесуі:

Қатты қыздырылған темір су буымен әрекеттеседі:

Fe + H2O = FeO + H2

Ылғалды ауада тат түзеді:

4Fe0 + 6H2 O + 3O2 = 4Fe+3(OH)2

Fe0 – 3е- = Fe+3 4

O02 +4е- = 2О-2 3

Концентрлі азот және күкірт қышқылдарында темір енжарланады, өйткені ерімейтін қосылыстардың қорғағыш қабатшасымен қапталады.

Сұйылтылған азот және күкірт қышқылдарымен әрекеттесіп, темір тотықсызданады:

Fe + 4HNO3 (сұй) = Fe(NO3 )3 + NO + 2H2 O

Fe + H2 SO4 (сұй) = FeSO4 + H2

Темір белсенділігі төмен металдарды олардың тұздарынан тотықсыздандырып, ығыстырып шығарады:

Fe + CuCl2 = FeCl2 + Cu

Шығармашылық жұмыс:

Қолданылуы:

Магнетит, гемотит, лимонит – шойын және болат өндіру үшін.

Пирит – күкірт қышқылын өндіру үшін

Темір купоросы - өсімдік зиянкестеріне қарсы күресте, минералды бояулар жасауда, ағаш өңдеу үшін қолданылады.

Темір қосылыстары қан аздылық, әлсіздік кезінде дәрі ретінде беріледі.

Болат пен шойын техникада, тұрмыста қолданылады.

Темір хлориді (ІІІ) – суды тазарту үшін, мата бояу үшін қолданылады.

Темір сульфаты (ІІІ) суды тазарту үшін еріткіш ретінде қолданылады.



Темірдің биологиялық маңызы.

Адам денесінде темір құрамы 3-7 гр дейін (ткань, қан, ішкі органдарда) болады. Темір біздің организмге тамақ арқылы келеді. Ересек адамның тәулік қажеттілігі 11-30 мг құрайды.

Бұлшықет белогы – миоглобин, құрамында Fe+3 катионы етке қызғылт түс береді. Қан белогы – гемоглобин, құрамында Fe+2 катионы, қанға қызыл түс береді, сүйек кемігінде түзіледі. Темір барлық жасыл өсімдіктер құрамына кіреді, хлорофилл түзуге, тыныс алуға қатысады. Адам ағзасында темір мөлшері жетіспеуінен –қан аздық(анемия ауруы пайда болады. Ол дұрыс тамақтанбаудан,экологиялық себептерден,әлсіреу ,көп қан кету т.б. пайда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет