Сабақтың технологиялық картасы


Темірдің ең көп мөлшері мына өсімдіктер, тағамдар құрамында



бет2/2
Дата17.04.2017
өлшемі0,61 Mb.
#14072
1   2

Темірдің ең көп мөлшері мына өсімдіктер, тағамдар құрамында:

Итмұрын тұнбасы, Орамжапырақ, алма, Қара шие, Сиыр еті, Малдың бауырында


Есеп шығару:

1- топ: Массасы 120 г темір (III) оксидін көміртекпен тотықсыздандырғанда темірдің қандай массасы түзілетінін есептеңдер?

2-топ: 26 г темір мыс сульфатымен әрекеттескенде түзілген темір сульфатының массасын есептеңдер?

ІІІ. Ой қозғау:

Жұмбақ: Қара жер адамзатқа болған мекен

Қазына іші толған әр түрлі екен.

Ішінде жүз мың түрлі асылы бар

Солардың ең артығы немене екен? (Темір)



Сабақтың тақырыбын ашу үшін ой түрткі сұрақ қою:

Сұрақ: Темір қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді? (+2 және +3 )

Сұрақ: Темірдің қандай қосылыстары бар деп ойлайсыңдар? ( темір +2 және +3 тотығу дәрежелерін көрсететіндіктен Темірдің (ІІ) және (ІІІ) валентті қосылыстары бар деп ойлаймын.)

Сұрақ: Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы қандай? ( Сабағымыздың тақырыбы темірдің қосылыстары)

Сұрақ: Сабағымыздың мақсаты мен міндеттері қандай? ( бүгінгі сабақта біз темірдің қосылыстарымен танысу, олардың химиялық және физикалық қасиеттерін қарастыру. Білімді өз бетімізбен меңгере отырып, жаттығулар орындау арқылы темір туралы білімімізді шыңдап, дамыту. Ұйымшылдықпен жұмыс жасау)

ІV. Жаңа сабақ.

М
Темір қосылыстары
ұғалім:

Темір оксидтері



Темір гидроксидтері

Темір (ІІ) оксиді



Темір (ІІІ) оксиді

Темір (ІІ) гидроксиді

Темір (ІІІ) гидроксиді

(Сызба нұсқа бойынша жалпы түсінік береді)



V. Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеру:

Оқушылар топқа бөлінді.



1-топ: Темір (ІІ) оксиді және темір (ІІ) гидроксиді

(Темір (ІІ) оксиді немесе (FeO) – негіздік оксид, оңай тотығатын қара ұнтақ, оны мына реакция бойынша алады:

Fe2O3 + CO → 2FeO + CO2

Қышқылдармен және қышқылдық оксидтермен әрекеттесіп тұз түзеді:

FeO + 2HCl = FeCl2 + H2O

FeO + CO2 = FeCO3

Fe (II) гидроксиді – ақ түсті, ал Fe (III) гидроксиді – қызыл-қоңыр түсті. Олар суда ерімейтін заттар.

І. Алынуы. FeCl2 + 2NaOH = Fe(OH)2 + 2NaCl

Fe+2 және иондарын сары қан тұздарының көмегімен анықтайды.

3FeCl2 + 2K3[Fe(CN)6] = Fe3[Fe(CN)6]2 + 6KCl

турунбул көгі



2-топ: Темір (ІІІ) оксиді және темір (ІІІ) гидроксиді

Темір (ІІІ) оксиді Fe2O3амфотерлі оксид, бірақ негіздік қасиеті басымдау, ең тұрақты оксид, қызыл-қоңыр түсті, минералы гематит.

І. Алынуы: 1) 2Fe(OH)3 = Fe2O3 + 3H2O

2) 3Fe + 2O2 = Fe3O4

3) 3Fe + 4HOH = Fe3O4 + 4H2

ІІ. Химиялық қасиеттері:



қышқылмен Fe2O3 + 3H2SO4 = Fe2(SO4)3 + 3H2O

қышқылдық оксидпен Fe2O3 + 3SO3 = Fe2(SO4)3

негізбен Fe2O3 + 2NaOH = 2NaFeO2 + H2O

Темір (ІІІ) гидроксиді

FeCl3 + 2NaOH = Fe(OH)3 + 3NaCl

4Fe(OH)2 + O2 + 2H2O = 4Fe(OH)3

Fe+2 және Fe+3 иондарын сары және қызыл қан тұздарының көмегімен анықтайды.

4FeCl3 + 3K4[Fe(CN)6] = Fe4[Fe(CN)6]3 + 12KCl

берлин көгі

(Топтар берілген тақырыпшалады оқулықтан өз бетінше оқу, физикалық және химиялық қасиеттерін бейнелейтін реакция теңдеулерін жаза отырып тақтада түсіндіру)



VІ. Бекіту:

«Досыма SMS жазу»


Екі топ бір-біріне сұрақ қойып хат жазады.


1. Темірдің валентілігі тұрақты ма, ауыспалы ма?

2. Темірдің ерекше физика қасиеттері қандай?

3. Үш валентті темірдің иондарын қалай анықтайды?

4. Темір қайда қолданылады?

5. Темірдің биологиялық маңызы қандай?



1. Темір оксиді деген жазу дұрыс па?

2. Темірдің табиғаттағы маңызы қандай?

3. Темір кені қайда кездеседі?

4. Темір минералдарын ата?

5. Темір қай ғаламшарда көп кездеседі?





Тапсырмалар орындау.

1- топ: Мына өзгерістерді жүзеге асырыңдар. Темір оксидтеріндегі темірдің массалық үлесін есептеңдар.

Ғе →ҒеСІ3 →Ғе(ОН)3 →Ғе2О3 →Fe2(SO4)3

2-топ:


Ғе →ҒеСІ2 →Ғе(ОН)2 →ҒеО →FeSO4

VІІ. Қорытындылау:

«Темірді өмір элементі деп есептеуге болама?» (Оқушылар бір сөзбен өз ойларын білдіру)



  • Темір – тірі ағзаға қажетті элемент

  • Темір – ғылыми – техникалық прогресске ең керекті металл болып есептеледі.


Резюме.(Элементке сипаттама)

  • Аты:

  • Портреті:

  • Мекен- жайы:

  • Салмағы:

  • Мамандығы:

  • Біліктілік санаты:

  • Мінезі:

  • Туыстары

VІІІ. Рефлексия

  • Бүгін сабақта қандай жаңа тың мәселер туралы білдіңіз?

  • Сіз үшін ең пайдалы болғаны не?

  • Қандай ақпарат Сіз үшін күтпеген болды?

IX. Бағалау:

Екі топ бір-бірін бағалап, ойын білдіреді. Бағаны не себептен олай қойғанын түсіндіреді. Ал мұғалім оқушылардың бағалауын ескере отырып, қорытынды баға шығарады.

Х. Үйге тапсырма:

1. §41. Темірдің маңызды қосылыстары (мазмұндау, қасиеттерін есте сақтау.

2. Деңгейлік тапсырмаларды орындау.

3. «Темір элементі және тарихи деректер» тақырыбында шығармашылық жұмыс

4. Сөзжұмбақ құрастыру


Қолданылған әдебиеттер:

1. Н.Нұрахметов, К.Сарманова, К.Жексенбина, Н.Заграничная, Ә.Темірболатова: «Химия» - 9 сынып, 2009

2. «Химия мектепте» журналы №4, 2011ж . №5,2012ж

3. «Химик анықтамалығы» журналы 2012 ж;



4. Интернет сайттар


Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Аралбай ауылы. Жангелдин орта мектебінің

химия және биология пәнінің мұғалімі: Естайлақ Ақгүл Абусағитқызы



Каталог: upload -> iblock
iblock -> Сабақтың тақырыбы: «Әліппенің атасы»
iblock -> М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат
iblock -> Өзі де, сөзі де бөлек дара тұлға Ауызша журнал: Талғампаз өнер иесі
iblock -> №4 қалалық кітапхана Құрастырған
iblock -> Аты-жөні Марапаттау кезіндегі қызметі
iblock -> Абай Құнанбаев- қазақ жазба әдебиетінің
iblock -> Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Мақсаты
iblock -> Составитель: библиограф цгб
iblock -> Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы
iblock -> Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет