Сабақтың типі (аралас, жаңа білімді игеру, ізденіс сабағы)



Дата05.08.2020
өлшемі237,43 Kb.
#76189
түріСабақ
Байланысты:
практика графика 1 курс


Сабақтың тақырыбы: MS Word-мәтіндік процессорының графикалық мүмкіндіктері

Сабақтың мақсаты: Білімділік: MS Word-мәтіндік процессорының графикалық мүмкіндіктері тақырыбы бойынша студенттерді білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту



Тәрбиелік: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру

Дамытушылық: студенттердың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру

Сабақтың типі (аралас, жаңа білімді игеру, ізденіс сабағы) 

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту (теориялық, тәжірибелік, лабораториялық) 

Құжатты сәнді безендіру үшін оған графикалық элементтерді (суреттерді, диаграммаларды, стандарттық каптинкаларды) өте жиі кірістіруге тура келеді.



Барлық осы элементтерді құжатқа кірістіру үшін Сурет салу (Рисование) аспаптар тақтасы (7.1 сурет) немесе Кірістіру→Сурет (Вставка →Рисунок) (7.2 сурет) пайдаланылады.

7.1. Сурет салу (Рисование) аспаптар тақтасы


7.2 сурет. Кірістіру менюі
Мәтінге суретті кірістіру үшін келесі әрекеттерді орындаңдар:

1. Суретті кірістіретін орынды шертіңдер.



Кірістіру (Вставка) менюіндегі Сурет (Рисунок) командасын, ал содан кейін Файлдан (Из файла) командасын таңдаңдар немесе Сурет салу(Рисования) тақтасының Суретті үстемелеу (Добавить рисунок) батырмасын басыңдар.

2. Кірістіруге қажетті суретті табыңдар.



3. Кірістіруге қажетті суретті екі рет шертіңдер.

7.3 сурет.Суретті үстемелеу терезесі

Картинкалардың жинағын (Microsoft-тың) үстемелеуге, ретке келтіруге немесе Microsoft Office-тің кез келген қосымшасынан мультимедиа клиптерін қарап шығуға болады.

Кірістіру (Вставка) менюіндегі Сурет (Рисунок) командасын, ал содан кейін Картинкалар командасын таңдаңдар немесе Сурет салу(Рисования) тақтасының Картинканы үстемелеу  (Добавить картинку) батырмасы бойынша шертіңдер.

7.2. «Кескінді баптау» тақтасы

Суреттің жарықтылығын, оның қанықтылығы, мөлшерін, мәтінді орағытуды және т.б. өзгерту үшін Кескінді баптау (Настройка изображения) аспаптар тақтасы пайдаланылады (7.5 сурет).



7.5 сурет. Кескінді баптау аспаптар тақтасы


Онда келесі батырмалар орналасқан:

  • Суретті үстемелеу (Добавить рисунок)  - Құжатқа сурет кірістіру үшін қызмет етеді

  • Кескін менюі (Меню Изображение)  - суретті ақ-қара, сұр түске және астарға түрлендіреді

  • батырмалары - сәйкес түрде кескіннің тұнықтығын арттырады және азайтады

  • батырмалары - сәйкес түрде кескіннің жарықтылығын арттырады және азайтады

  • Кесіні (Обрезка)  - суреттің шекараларын кесуге арналған

  • Бұрылыс (Поворот)  - суретті айналдыру үшін қызмет етеді

  • Сызықтар типі (Типы линии)  - сурет шекарасы сызықтарының қалыңдығын береді

  • Суреттерді қысу (Сжатие рисунков) - суретті қысу үшін қызмет етеді

  • Мәтінді орағыту менюі (Меню Обтекание текстом)  - суреттің мәтіндегі орналасуын тағайындайды

  • Объектінің форматы (Формат объекта)  - кескіннің барлық параметрлерін баптауға болатын Сурет форматы (Формат рисунка) (7.6сурет) терезесін шақырады

  • Мөлдірлік (Прозрачность)  - суреттің мөлдірлігін тағайындайды

  • Параметрлерді бастапқы қалпына келтіру (Сброс параметров)  -суретті бастапқы параметрлеріне қайтарады


7.6. Сурет форматы терезесі



7.3 Автофигуралар мен WordArt объектілерін кірістіру

Microsoft Word-та векторлық графика негізінде суретті дайындау мүмкіндігі бар, ол үшін құрамдас дайын объектілер (Автофигуралар) мен графикалық мәтін (WordArt) пайдаланылады.

Құжатқа Автофигураларды үстемелеу үшін:

1. Кірістіру (Вставка) менюіне Сурет командасын, содан кейін Автофигуралар командасын (7.2 сурет) немесе Сурет салу (Рисование) тақтасының Автофигуралар менюін (7.7 сурет) таңдаңдар.

2. Тізімнен керекті фигураны таңдаңдар

3. Оны құжаттың керекті орнына алып барыңдар.



7.7 сурет. Сурет салу тақтасының Автофигуралар менюі

Құжатқа WordArt объектілерін үстемелеу үшін:



Кірістіру (Вставка) менюіне Сурет командасын, содан кейін WordArt командасын (7.2 сурет) немесе Сурет салу (Рисование) тақтасыныңWordArt WordArt объектісін үстемелеу (Добавить объект WordArt) батырмасын таңдаңдар.

1. Кірістіру (Вставка) менюіне Сурет командасын, содан кейін WordArt командасын (7.2 сурет) немесе Сурет салу (Рисование) тақтасыныңWordArt WordArt объектісін үстемелеу (Добавить объект 7.8 сурет. WordArt жинағының терезесі.

WordArt) батырмасын таңдаңдар.

2. WordArt жинағы сұқбаттық терезесінен (7.8 сурет) мауспен екі рет шертіп керек мәнерді таңдайсыңдар

3. WordArt мәтінін өзгерту (Изменение текста WordArt) терезесіне (7.9 сурет) керек мәтінді енгізіңдер

4. OK батырмасын басыңдар



7.9 сурет. WordArt мәтінін өзгерту терезесі

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет