Өсімдіктің адам үшін қандай пайдасы бар?
Адамзат үшін өсімдік-ең маңызды тамақ.Өсімдіктерден дәрі-дәрмек алынады,ал ағаштан үй салынып,мүліктер жасалынады. Тұрмысымызға қажетті көмір мен мұнай да өсімдік қалдықтарынан пайда болған. Өсімдіктер батпақты жерлерде тіршілігін жойып,су түбіне шөгіп,жинала береді.Іркілген су ауаны өткізбегендіктен олар шымтезек қабатын құрайды.Миллиондаған жылдардан соң бірте-бірте тас көмір мен мұнайға айналады.Мұнай мен көмірдің қандай пайдасы бар екенін өздерің де білесіңдер.
ІҮ. Жаңа материал бойынша білімдерін тексеру кезеңі.
1-қатар Венн диаграммасы «Өсімдік»
Пайдасы Зияны
2-қатар Өсімдіктің даму кезеңінің ретін көрсет
Тұқым,жеміс салған өсімдік,көктеп келе жатқан өсімдік,гүлдеген өсімдік,сабағы мен жапырағы дамып келе жатқан өсімдік
3-қатар Бүгінгі тақырыпқа байланысты түйін сөз
Ү. Бекіту кезеңі.
Өсімдіктердің атауларын өз тобы бойынша жаз:
-
Ағаштар
|
Бұталар
|
Шөптер
|
Шырша
Қайың
Үйеңкі
Қарағай
|
Итмұрын
Таңқурай
Долана
Сексеуіл
|
Жолжелкен
Киікоты
Рауғаш
Өгейшөп
|
Жасыл өсімдіктерді қорғаңдар!
ҮІ. Үй тапсырмасын беру,оқушылар білімін бағалау.
Өсімдіктер туралы жұмбақ жазып келу.
Мәтінді оқу
Сурет салу
Достарыңызбен бөлісу: |