Дәріс:
1.Екілік сандармен орындалатын арифметикалық амалдар.
Қосу.
0+0=0
1+0=1
0+1=1
1+1=10 бір көрші разрядқа тасымалданады.
Мысалы, 101
+
011
1000 алдық.
Қосу процесін кезеңмен қарастырайық.
1. Алдымен қосу кіші разрядта орындалады:
1 + 1= 10. Қосындысының кіші разрядына 0 жазылады да, бірлік алдыңғы үлкен разрядқа тасымалданады.
2. Келесі сол жақ разрядтың цифрлары мен тасымалдың бірігі қосылады: 0 + 1 + 1 = 10. Қосындының бұл разрядында 0 жазылады да, бірлік тағы да келесі үлкен разрядқа тасымалданады.
3. Енді үшінші сол жақ разрядтың цирлары мен тасымалдың бірлігі қосылады: 1 + 0 + 1 = 10. Бұл разрядта 1 жазылады, ал бірлік келесі үлкен разрядқа тасымалданады.
4. Нәтижеде
101
011
1000
10002 = 810
Сонымен, 10002=810.
Азайту.
0-0=0
1-0=1
0-1=1 көрші разрядтан бірді қарызға аламыз.
1-1=0
Мысалы, 1010 -101
Азайту процесін кезеңмен қарастырайық:
1.Кіші разрядта: 0 – 1. Сондықтан үлкен разрядтан бірлікті қарызға аламыз да, 10 – 1 = 1-ді аламыз.
2.Келесі разрядта 0 – 0 = 0 болады.
3.Сол жақтағы разрядта тағы да: 0 – 1. Үлкен разрядтан 1-ді қарызға алып, 10 – 1 = 1-ді аламыз.
4.Келесі разрядта 0 қалады.
Нәтижеде:
1010
-
101
101 алдық.
Көбейту.
0·0=0
1·0=0
0·1=0
1·1=1
Мысал: 101 · 110
101
*
110
000
101
101
11110
Тексеру: 1012 = 1*22 + 0*21 + 1*20 = 510
1102 = 1*22 + 1*21 + 0*20 = 610
111102 = 1*24 + 1*23 + 1*22 + 1*21 + 0*20 = 3010, яғни 5*6=30
Көбейту процесін кезеңмен қарастырайық:
1.Кіші разрядқа көбейте отырып, кесте бойынша 000 аламыз.
2.Келесі разрядқа көбейткенде, бір разряд солға жылжыған 101-ді аламыз.
3.Үлкен разрядқа көбейткенде де, тағы бір разряд солға жылжыған 101-ді аламыз.
4.Енді екілік сандарды қосу кестесін есепке ала отырып, қосамыз да, 111102 нәтижені аламыз.
|