Сабақтың типі: аралас сабақ Сабақтың түрі: білімді, іскерлікті және дағдыны жетілдіру сабағы



Дата04.05.2017
өлшемі114,7 Kb.
#15464
түріСабақ
Тақырып: Екілік санау жүйесі. Екілік арифметика.

Мақсаты:

  • Екілік сандармен орындалатын арифметикалық амалдары қосу, азайту, көбейту туралы білімдерін қалыптастыру.

  • Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету. Оқушылардың алған білімдерін есеп шығаруда дамыту;

  • Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: білімді, іскерлікті және дағдыны жетілдіру сабағы.

Әдіс-тәсілдері: ойға шабуыл, тест, тапсырмалар.

Қолданылатын көрнекіліктер: компьютерлер, электрондық оқулық, карточкалар.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі (1 мин)

  2. Қайталау (8 мин)

  3. Жаңа материалды түсіндіру (10 мин)

  4. Жаңа материалды бекіту (20 мин)

  5. Қорытынды (2 мин)

  6. Үй жұмысы (2 мин)

  7. Бағалау (2 мин)




Кезеңдері

Мұғалім іс әрекеті

Оқушы іс әрекеті

I.Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу. Оларды түгендеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Кезекші тағайындау. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Мұғаліммен амандасып. Кезекшілер сыныпта кім бар кім жоқ екенін айтып өтеді.

II. Қайталау

(үй тапсырмасын тексеру)



Сұрақ қою арқылы қайталау:

1.Санау жүйесі дегеніміз не?

2.Санау жүйелерінің түрлері?

3.Санау жүйелерінің алфавиттері?



4. Бит дегеніміз не?
Электронды тест орындау (5 сұрақ)




Оқушылар қолдарын көтеріп жауап береді, мысал келтіреді.
Оқушылар берілген тестті орындайды.

III. Жаңа материалды түсіндіру.

Дәріс:

1.Екілік сандармен орындалатын арифметикалық амалдар.

Қосу.

0+0=0


1+0=1

0+1=1


1+1=10 бір көрші разрядқа тасымалданады.
Мысалы, 101

+

011



1000 алдық.

Қосу процесін кезеңмен қарастырайық.

1. Алдымен қосу кіші разрядта орындалады:

1 + 1= 10. Қосындысының кіші разрядына 0 жазылады да, бірлік алдыңғы үлкен разрядқа тасымалданады.

2. Келесі сол жақ разрядтың цифрлары мен тасымалдың бірігі қосылады: 0 + 1 + 1 = 10. Қосындының бұл разрядында 0 жазылады да, бірлік тағы да келесі үлкен разрядқа тасымалданады.

3. Енді үшінші сол жақ разрядтың цирлары мен тасымалдың бірлігі қосылады: 1 + 0 + 1 = 10. Бұл разрядта 1 жазылады, ал бірлік келесі үлкен разрядқа тасымалданады.

4. Нәтижеде

101


011

1000


10002 = 810

Сонымен, 10002=810.



Азайту.

0-0=0


1-0=1

0-1=1 көрші разрядтан бірді қарызға аламыз.

1-1=0

Мысалы, 1010 -101



Азайту процесін кезеңмен қарастырайық:

1.Кіші разрядта: 0 – 1. Сондықтан үлкен разрядтан бірлікті қарызға аламыз да, 10 – 1 = 1-ді аламыз.

2.Келесі разрядта 0 – 0 = 0 болады.

3.Сол жақтағы разрядта тағы да: 0 – 1. Үлкен разрядтан 1-ді қарызға алып, 10 – 1 = 1-ді аламыз.

4.Келесі разрядта 0 қалады.

Нәтижеде:

1010

-

101



101 алдық.

Көбейту.

0·0=0


1·0=0

0·1=0


1·1=1

Мысал: 101 · 110

101

*

110



000

101


101

11110


Тексеру: 1012 = 1*22 + 0*21 + 1*20 = 510

1102 = 1*22 + 1*21 + 0*20 = 610

111102 = 1*24 + 1*23 + 1*22 + 1*21 + 0*20 = 3010, яғни 5*6=30

Көбейту процесін кезеңмен қарастырайық:

1.Кіші разрядқа көбейте отырып, кесте бойынша 000 аламыз.

2.Келесі разрядқа көбейткенде, бір разряд солға жылжыған 101-ді аламыз.

3.Үлкен разрядқа көбейткенде де, тағы бір разряд солға жылжыған 101-ді аламыз.

4.Енді екілік сандарды қосу кестесін есепке ала отырып, қосамыз да, 111102 нәтижені аламыз.



Оқушылар мұғаліммен қоса есептерді шығарып, жұмыс дәптерлеріне конспекті жазып қояды.

Түсінбесе сұрақтар қояды.



IV.Жаңа материалды бекіту


Тапсырма 1. Эстафета. Екі топқа тақтада есептер жазылып беріледі. Олар бір-бірден шығып оларды шешеді. Бұнда оқушылардың тақырыпты қалай түсініп алғандарына және есепті шығару жылдамдығы байқалады.

І топ. ІІ топ.

1. 1101 1. 1010


+

+

0110 110

10011 10000

2. 1101 2 1011


-

-

110 101


111 110

3. 1010 3. 111


*

*

10 11


10100 10101

Тапсырма 2. Электрондық оқулықтағы 1-ші және 5-ші тапсырмаларды орындау.




1 тапсырма (азайту)

А) 1101-0110=0111

Ә) 1101-111=0110

Б) 1010-0111=0011

В) 0101-0010=0011

Г) 10001-1011=00110

Ғ) 1000-0001=0111


5 тапсырма (қосу)

А) 0110+0110=1100

Ә) 1101+0110=10011

Б) 11001+10111=110000

В) 1010+0111=10001

Г) 0101+0010=0111

Ғ) 10001+11011=101100

Д) 1000+1001=10001



Тапсырма 3. Инженерлік калькулятор көмегімен карточкалардағы тапсырмаларды орындау (топпен жұмыс)

Әрбір топ есептер шығарып жауабын айтады.

Балалар екі топтағы кезекпен тақтаға шығып жарысып шығарады.


Оқушылар берілген тапсырмаларды орындайды.



V.Қорытынды

Сонымен, біз бүгін қандай тақырыпты өттік?

    1. Екілік сандарды қалай қосамыз?

    2. Екілік сандарды қалай азайтамыз?

    3. Екілік сандарды қалай көбейтеміз?

Балалар сұрақтарға жауап береді.

VI.Үй жұмысы



Жаңа тақырып бойынша §4 оқып, сұрақтарға жауап беру.

17 бет практикум 3 тапсырма (1, 2).



Өткен тақырыптарды қайталау, бақылау жұмысына дайындалу.


Күнделіктеріне жазып алады.

VII. Бағалау




Оқушының аты-жөні

Тест

Электрондық оқулықтағы есептер

Карточка

Қорытынды

1

Амантаев Мұрат













2

Ахметжанов Данияр













3

Ахметжанов Мадияр













4

Бақытбек Нұрай













5

Есенжол Мақпал













6

Мұқан Аружан













7

Муратбекова Айдана













8

Нурушева Сағыныш













9

Сабыржанова Жансая













10

Туребаева Наурызгүл













11

Шалгимбаева Меруерт













12

Шаяхметова Айгерим













13























Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет