А) Оқушыларға дербес компьютердің заманауи даму бағыттары жайлы түсінік беру.
Ә) Оқушыларды нақты шешім қабылдай білуге, өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Б)Оқушыларды компьютердің қосымша құрылғылармен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ(«Өзіңді тексер!» тесттік жұмыс, тірек-сызбалар, «Әр сұраққа-бір жауап » ойыны)
Қолданылатын көрнекі құралдар: ДК, оқулық, интерактивті тақта
Оқыту әдісі: интерактивті тақта және тірек-сызбалар көмегімен түсіндіру
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа материалды баяндау
4. Тәжірибелік жұмысты орындау
5. Жаңа сабақты бекіту, өткен
материалмен байланыстыру
6. Үйге тапсырма беру
7. Бағалау
Үй тапсырмасын
пысықтау
Сұрақ-жауап
3
2
1
4
6
5
8
7
Вирусқа қарсы программа?
Антивирус
Вирус – ол ...
Көбеюге қабілетті зақымдаушы программа
Антивирус – ол...
Компьютерлік вирустарды жоюға арналған программа
Алғашқы санау құрылғылары?
Абак, орыс, жапон, қытай шоттары
1673 жылы кім, не ойлап тапты?
Неміс математигі Лейбниц механикалық арифмометр ойлап шығарды
1833 жылы кім, не ұсынды?
Чарльз Бэббидж программа бойынша жұмыс істейтін аналитикалық машинаның идеясын ұсынды
Бэббидждің аналитикалық машинасы үшін алғашқы программаны кім жазды?
Ада Лавлейс 1843 жылы жазды
Ең атақты вирус?
I LOVE YOU
Жаңа сабақ:
Дербес компьютер сәулетінің заманауи даму бағыттары
ХХ ғасырда электронды-есептеуіш машиналардың (ЭЕМ) пайда болуына байланысты есептеуіш техника бұрын болмаған жылдамдықпен қарыштап дамып, айналдырған 50 жылдың ішінде күрделі өзгерістерге ұшырады. Сондықтан электронды-есептеуіш машиналардың даму кезеңін белгілі бір кезеңдерге бөлу қалыптасқан.
ХХ ғасырда электронды-есептеуіш машиналардың (ЭЕМ) пайда болуына байланысты есептеуіш техника бұрын болмаған жылдамдықпен қарыштап дамып, айналдырған 50 жылдың ішінде күрделі өзгерістерге ұшырады. Сондықтан электронды-есептеуіш машиналардың даму кезеңін белгілі бір кезеңдерге бөлу қалыптасқан.
ЭЕМ І буыны (1946-1958 жылдар)
ЭЕМ І буыны (1946-1958 жылдар)
ХХ ғасырдың бірінші жартысы радиотехниканың қарыштап дамыған кезеңі болатын. Сол кездегі радиоқабылдағыштар электронды-вакуумды шамдармен жұмыс істейтін. Алғашқы электрондық-есептеуіш машиналарды құрастыру үшін осындай электронды-вакуумды шамдар қолданылды. Электронды шамдармен жұмыс істейтін алғашқы электронды есептеуіш машина 1946 жылы Америка Құрама Штаттарында құрастырылды. Дж. Моучли және П. Эккерт деген ғалымдардың басқаруымен құрастырылған бұл машина ENIAC («Electronic Numerical Integrator and Computer» - Электронды санды интегратор және компьютер) деп аталды. ENIAC секундына 300 көбейту немесе 5000 қосу амалын орындай алатын. Бұл сол кезге дейін қолданылып келген Mark-1 секілді механикалық және электронды-механикалық элементтермен жұмыс істейтін машиналардың жылдамдығымен салыстырғанда мыңдаған есе артық болатын.
ENIAC электронды-есептеуіш машинасы - Америка Құрама Штаттарының Пенсильвания университетінде жасалды. ENIAC - соғыстық мақсатта қолдану үшін, екінші дүниежүзілік соғыс біткеннен екі айдан кейін дүниеге келді. ENIAC-тың ұзындығы 30 м, көлемі 85 м3, ал салмағы 35 тоннаға дейін жететін. Ол 17 468 вакуумды шамнан, 7 200 кристал диодтардан және 4 100 магниттік элементтерден тұрды.
Американдық ғалым Джон Фон Нейман 1946 жылы жазған «EDVAC машинасы туралы алдын-алабаяндамасында» электронды-машиналарды құрастыру мен басқарудың жаңа принциптерін ұсынды. Осы принциптер негізінде 1949 жылы EDVAC (Electronic Discrete Variable Computer) машинасы құрастырылды. EDVAC-тың ENIAC-тан айырмашылығы – онда өңделетін барлық мәлімет ондық сандар түрінде емес екілік сандар түрінде кодталатын және есептеуге қажетті мәліметтер мен оны өңдеуге қажетті программа жадтың бір жерінде сақталатын.
Біздің елімізде алғашқы ЭЕМ-дер 1958 жылы - МЭСМ (Малая электронная счетная машина) және 1952 жылдары - БЭСМ (Большая электронная счетная машина) пайда болды. Бұл екі машинаны да КСРО-ның көрнекті ғалымы Сергей Алексеевич Лебедев құрастырды. БЭСМ сериясының компьютерлері сол кездегі ең қуатты компьютерлердің қатарында болатын.
Бірінші кезеңнің электронды-есептеуіш машиналары он мыңдаған электронды шамдардан тұратын. Сондықтан олар жүздеген киловатт электр энергиясын пайдаланып, жүздеген шаршы метр жер аумағын алып жатты. Салмағы бірнеше тоннаға дейін жететін. Ал олардың жылдамдығы секундына 20 мың операциядан аспайтын. Бұндай машиналарға программаларді енгізу үшін перфокарталар мен перфоленталар қолданылды. Бұл компьютерлер тек инженерлік және ғылыми есептеулер жүргізу үшін қолданылды. Бұл машиналарға қажетті программалар машиналық командалар тілінде жазылатын. Бұл өте қиын іс болғандықтан программалауға таңдаулы мамандар ғана алынып оқытылатын.
ЭЕМ II буыны (1958-1964 жылдар)
ЭЕМ II буыны (1958-1964 жылдар)
Электронды шамдардан тұратын бірінші кезеңнің электронды-есептеуіш машиналары 50-жылдардың соңына дейін қолданылып келді. 1958 жылдан бастап жартылай өткізгіш транзисторлардан тұратын ЭЕМ-дер дүниеге келді. Транзисторлар электронды шамдармен салыстырғанда әлдеқайда сенімді болатын, олар электр энергиясын көп пайдаланбайтын және орынды көп алмайтын. Ал бұндай элементтерден жасалған компьютердердің жылдамдығы секундына 200 мың операцияға дейін артып, ішкі жадының көлемі де бірінші кезеңнің компьютерлерімен салыстырғанда жүздеген есе көбейді. Бұл компьютерлердің жадындағы барлық мәліметті сақтау үшін магниттік дискілер мен магниттік ленталар қолданыла бастады. Осы кезеңнен бастап Фортран, Алгол секілді алғашқы программалау тілдері пайда болып, программалау тілдері әлдеқайда түсінікті, қарапайым және қолайлы бола бастады.
ЭЕМ ІІІ буыны (1964-1972 жылдар)
ЭЕМ ІІІ буыны (1964-1972 жылдар)
1960 жылы америкалық мамандар өте күрделі технологияны қолдана отырып ауданы 1 см-ден аспайтын жіңішке пластинаға ондаған, кейін жүздеген электронды схемаларды орналастыруды үйренді. Бұларды интегралды схемалар (ИС) деп атады. Интегралды схемалардың пайда болуы компьютерлік техниканың дамуына үлкен әсерін тигізді. Интегралды схемалар компьютерлердің жылдамдығын айтарлықтай арттырды (секундына 1 млн операциядан жоғары), оперативті жадының да көлемі жүздеген мың байтпен өлшенетін болды, компьютерде бір мезгілде бірнеше жұмыс атқару мүмкіндігі пайда болды. Осы кезеңнен бастап ЭЕМ-дерді қолдану аясы да артты. Бұрынғы ЭЕМ-дер тек күрделі инженерлік есептеулер үшін және соғыстық мақсатта қолданылса, ендігі компьютерлер өндірістің барлық саласында: зауыттарда, білім беру мекемелерінде, денсаулық сақтау саласында т.б жерлерде қолданыла бастады. Паскаль, Си, Бейсик секілді жоғары дәрежелі программалау тілдері осы кезеңде пайда болды. Программалау ісі білім беру мекемелерінде кеңінен оқытыла бастады. Алғашқы мәліметтер базасы, жасанды интеллект жүйелері, автоматтандырылған жобалау жүйелері т.б. пайда болды.
ЭЕМ IV буыны (1972 жылдан бері қарай)
ЭЕМ IV буыны (1972 жылдан бері қарай)
Өткен ғасырдың 72-жылдары мини-ЭЕМ-дер жедел дами бастады. Бұл компьютерлер үлкен ЭЕМ-дерге қарағанда көлемі шағын және бағасы арзан болатын. 1971 жылы американдық Intel фирмасы өзінің микропроцессорды ойлап тапқанын мәлімдеді. Микропроцессор - бір пластинада миллиондаған электронды схемаларды өзара байланыстыратын үлкен интегралды схемалардан жасалды. Микропроцессор компьютерлердің жылдамдығын секундына бірнеше миллиард операцияға дейін арттырды. Микропроцессорды енгізу-шығару, сыртқы есте сақтау құрылғыларымен байланыстырудың нәтижесінде компьютерлердің жаңа түрі – микро-ЭЕМ-дер дүниеге келді. Үлкен интегралды схемалармен немесе микропроцессормен жұмыс жасайтын қазіргі компьютерлер ЭЕМ-дердің IV кезеңіне жатады. Қазіргі ЭЕМ-дердің ең көп таралған түрі - дербес компьютерлер болып есептеледі. Алғашқы дербес компьютер 1976 жылы пайда болды. Apple-1 деп аталған бұл компьютерді американдық Стив Джобс пен Стив Возняк ойлап тапты.
Қазіргі дербес компьютерлер дисплей, жүйелік блок, пернетақта секілді көптеген құрылғылардын тұрады және алғашқы пайда болған дербес компьютерлерге мүлдем ұқсамайды десе де болады. Қазіргі дербес компьютерлердің жұмыс істеу жылдамдығы да осыдан отыз жыл бұрынғы компьютерлермен салыстырғанда мыңдаған есе артты. Егер 1977 жылы пайда болған Apple-2 компьютеріндегі микропроцессордың тактілік жиілігі 1 МГц болса (1 МГц – секундына 1 миллион операция орындайды деген сөз) қазіргі компьютерлерде қолданылатын Pentium-4 микропроцессорларының тактілік жиілігі 3,4 ГГц-ке дейін жетеді. Қазіргі компьютерлердің программалық жабдықтамалары қолданушыларға программалау тілдерін білмей-ақ олармен (компьютерлермен) жеңіл қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Бұны Windows, Macintosh OS секілді танымал операциялық жүйелердің пайда болуымен байланыстыруға болады. Қазір әлемде дербес компьютерлердің жылына миллиондаған данасы сатылады.
Болашақта V буын-ол жасанды интеллектісі бар жақын болашақтың машинасы. Оған ақпаратты дауыстап енгізе алатын боламыз және олардың көмегімен “дауыстық байланысу”, “машиналық көру”, “машиналық сезу” мүмкін болады. Бұл бағытта көп нәрсе жүзеге асып та үлгерді.
ДЭЕМ буындары
ауысуы
Бірінші
буын
Екінші
буын
Үшінші
буын
Төртінші
буын
1946-1958жж
1958-1964жж
1964-1972жж
1972ж-қазіргі
кезге дейін
Оның жадында 20 сөз сақтауға болды
40 электрондық лампаны алмастыруға қабілетті
10000 мыңдаған транзисторларды ауыстыруға қабілетті
Микросызбалар бір кристалға біріктірілді
Оқушыларды өз бетінше жұмыс жасату:
Оқушыларды өз бетінше жұмыс жасату:
Мәтін теріп жазу;
Кесте құру
43 беттегі кестені толтыру
3
2
1
1. Қайсысы алғашқы есептеу құрылғысы емес?
а) Шоттар
б) Арифмометр
с) Калькулятор
д) Соробан
2. Программа бойынша жұмыс істеген бірінші құрылғы:
а) Арифмометр
б) Холлерит машинасы
с) Шоттар
д) Бэббидж машинасы
3. Бірінші программалаушы кім?
а) Чарльз Бэббидж
б) Герман Холлерит
с) Ада Августа Лавлейс
д) Блез Паскаль
4. Алғашқы ЭЕМ қай жылы пайда болды?
а) 1946ж.
б) 1949ж.
с) 1980ж.
д) 1956ж.
5. Қазіргі кезде компьютердің неше буыны бар?
а) 3
б) 4
с) 5
д) Анықталмаған
6. Бірінші буын компьютерлерінің элементтік базасы – ол:
а) трансизтор
б) интегралдық сызба
с) электрондық лампа
д) үлкен интегралдық сызба
7.Екінші буын компьютерлерінің элементтік базасы :
а) трансизтор
б) интегралдық сызба
с) электрондық лампа
д) үлкен интегралдық сызба
8.Қай буынның компьютерлері дербес компьютер деп аталады?