Тақырыбы: Музыка әлеміне саяхат! Мақсаты:Балалардың ноталарды тануын, музыкалық аспаптарға деген қызығушылығын ояту, оларды дыбысынан ажырата білуге және музыкаларды тыңдау арқылы эстетикалық талғамдарын. Көрнекіліктер: Тақырып жазылған шарлар, аспаптардың суреттері, ноталардың суреттері, музыка әлеміне саяхатқа баратын ноталардың суреттері салынған пойыз, ж. т. б.
Сабақтың барысы: Күннің көзі ашылып, Көкке шуақ шашылып, Құтты қонақ келіпті, Төрімізге еніпті. Амандасу үлкенге, Тәрбиенің басы ғой. Ал, қанекей, бәріміз, Сәлем дейік үлкенге, Сәлеметсіздер ме, апайлар! Музыка жетекшісі: - Балалар сендер қандай сабаққа келдіңдер? Балалар: - Музыка сабағына. Музыка жетекшісі: - Музыка сабағында біз не үйренеміз? Балалар: - Ән айтуды, би билеуді үйренеміз. Музыка жетекшісі: - Жарайсыңдар!
Ұ йымдастырушы кезең. Музыка жетекшісі: Балалар, айтыңдаршы музыка шығару үшін ең алдымен бізге не керек еді сендер онымен таныссыңдар? Балалар: Ноталар керек. Музыка жетекшісі: Ия, дұрыс айтасыңдар! олай болса балалар ноталардың атын айтып көрейікші, қане: бәрі бірге: Домбырада – до, мерекеде - ре, Мираста - ми, фабрикада - фа, Галяда - ля, Балалар ноталарды айтылған нотаның үстіне апарып жабыстырады. Музыка жетекшісі: Ендеше, балалар бәріміз бірге айтып көрейікші: бәрі бірге: до, ре, ми, фа, соль, ля, си. Балалар, бізде барлық нота толық болдыма? Балалар: Жоооқ, екі нота түсіп қалған. Музыка жетекшісі: Жарайсыңдар! Соль және си ноталары түсіп қалыпты, қәне соль, си ноталарын апарып үстіне жабыстырайық. Қәнекей, енді өзіміз нота боламыз (балалар бастарына ноталар салынған маскалар киеді) Музыка жетекшісі: Ендеше, ноталардың алдында не тұруы керек балалар? Балалар: Скрипка кілті тұруы керек. Музыка жетекшісі: Жарайсыңдар, балалар, мінекей скрипка кілті де өз орнына келді. Музыка жетекшісі: Жақсы балалар, ендеше ноталарымызды жабыстарған пойызға мініп саяхатқа шығайық. (әуенмен жүріп, залды бір айланады) **бірінші аялдамаға**келіп тоқтайды. (Аялдамада хат жатады)
Негізгі бөлім. Музыка жетекшісі: Балалар қараңдаршы мына жерде хат бар екен, оқып қарайықшы (Музыка жетекшісі хатты оқиды.) Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен, музыка әлемінің Ханшайымымын. Менің әлеміме жету үшін сендерге 3 аялдамада 3 түрлі тапсырмаларым бар. Бірінші тапсырмам: мына күйтабақтағы әуенді тыңдаң да оның сөзімен қосып айтып беріңіздерші;- депті. (Мектеп әні) Музыка жетекшісі: жарайсыңдар, балалар дұрыс, жақсы айттыңдар. Ендеше тағы да пойызға отырайық, (музыка ойнап тұрады.) **екінші аялдамаға** келеді. Бұл жерде қандай тапсырма бар екенін хаттан оқып білейік: Музыка тыңдау: Балалар сол күйтабақтағы музыкаларды тыңдап оның мінездерін ажыратып беріңдер; - депті. Тыңдап қараймыз ба балалар? Балалар: - ия, қане онда біріншісі (көңілді әуен), екіншісі (Ана туралы әуен ) балалар әуендерді дұрыс ажыратады. Музыка жетекшісі: Балалар, осындай тамаша көңіл - күймен соңғы аялдамаға жетейік, Ханшайымның тапсырмасын шешейік. (музыка ойнап тұрады, үшінші аялдамаға келіп жетеді) Үшінші аялдама: Бұл аялдамада қандай тапсырма бар екен хатты оқып көрейік: Балалар, бұл аялдамада бір қорапша бар, қорапшаның ішінде заттар бар, сол заттарға байланысты сұрақтарға жауап берсеңдерме? Балалар ия деп жауап береді. сұрақтарды оқиды: - Мынау қандай аспап? (Сазсырнай) - Сазсырнай қалай шертіледі? (Үрлеп) - Ол қандай топқа кіреді? (Үрмелі) - Мынау қандай аспап? (Домбыра) - Қай топқа жатады? (Ішекті) - Мынау қандай аспап? (Шаңқобыз) Аспаптардың аттарын балалар мұғаліммен бірге дұрыс табады.
Музыка жетекшісі: Ноталар, яғни балалар: Біздің де балабақшаға қайтатын уақытымыз болып қалды. Мінекей пойыз да келді, қанекей кеттік. (музыка ойнап тұрады, залды бір айланып шығады)