Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласындағы №34 орта мектебінде химия-биология пәнінің мұғалімі Алгазина Роза Каскабаевнаның өткізген ашық сабақтың өту барысы
Тақырыбы: Эволюциялық процестің негізгі бағыттары. Биологиялық прогреске жету жолдары
Мақсаты: Оқушыларға эволюциялық процестің бағыттары, биологиялық процеске әкелетін негізгі жолдар ароморфоз, идиоадаптация
дегенерация туралы түсіндіре отырып өзара байланыстылығын ұғындыру
Дамытушылығы: Оқушылардың эволюциялық процестердің бағыттары, ерекшеліктері
туралы білмдерін дамыта жетілдіре түсу
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: кіріктірілген ізденіс сабағы
Өткізу әдістері: тірек-сызба, сұрақ – жауап, тест түрлері, дискуссиялық өрнек
Өту барысы
1.Ұйымдастыру
2.Үй тапсырмасын сұрау
3.Жаңа сабақ
4.Бекіту
5.Білімді жетілдіру
6.Қорытындылау
7.Үйге тапсырма
8.Бағалау
1.Ұйымдастыру (класс тазалығы, оқушылар дайындығы)
2.Үй тапсырмасы «Модификациялық өзгергіштіктің эволюдағы ролі және физиологиялық бейімделушілік. Эволюцияның қарқындылығы»
Ой қозғау мақсатында 1.«Біліміңді тексер»
2.Тест жұмысы
1. Микроэволюцияның нәтижесі 1) Түр түзілу 2) туыстарға бірігу 3)Популияцияның түзілуі 2. Улы шағатын, күйдіретін жәндіктерге тән 1)Қауып төндіруші рең 2) Сақтандырушы рең 3) Бүркеніш рең 3. Орыс ғалымы И.И. Шмальгаузен табиғи сұрыптаудың қай түріне сипаттама берді 1) Тұрақтандырушы сұрыптау 2) Қозғаушы сұрыптау 3)Дизруктивтік сұрыптау 4. Харви- Вайнберг заңы арқылы анықтауға болады 1)Кездесу жиілігін анықтауға болады 2) Гендік жиынтықты 3) Гендердің алмасуын анықтауға болады 5.Мутация терминің ғылымға енгізген 1) Д. Рей 2) Х. Де Фриз 3) Корренс 6. Микроэволюция терминің ғылымға енгізген ғалым 1)Н.В. Тимофеев- Ресовский 2)Ю.А. Филипченко 3) Ф.Г. Добржанский 7.Бір түр мен екінші түрдің арасындағы күрес 1)Түраралық 2) Түрішілік 3)Сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларымен күрес 8. Түрдің таралу аумағын анықтайды 1)Биохимия 2) Экология 3) География 9. Нәруыздың құрылысы мен құрамының түрліше болуға қай критери жатады 1)Экологиялық 2) Биохимиялық 3) Физикалық 10. Тұқымқуалайтың өзгергіштік 1) Мутациялық 2) Генотиптік 3) Фенотиптік
3.Қосымша әдебиеттермен жұмыс
Үй тапсырмасы бойынша ҰБТ- да кездесетін сұрақтармен жұмыс
Жаңа сабақ
Сабақ жоспары: Нені білу керек
1.эволюцияның бағыттары
2.өзара байланысы
3.маңызы
Мағнаны тану ( Түртіп алу әдісі)
+
( Білемін)
|
V (Мен үшін жаңалық)
|
?
(Менде пайда болған сұрақ)
|
|
|
|
Сабақтың өткен сабақпен байланысын ашу үшін 5 ғалымның портреті көрсетіледі. (К.Линней, Ж.Б.Ламарк, Ч.Дарвин, А.Н.Северцов, И.И.Шмальгаузен)
Эволция бағыттары
Биологиялық прогресс Биологиялық регресс
Биологиялық прогресс
Биологиялық прогресс морфофизиологиялық прогресс
А.Н.Северцов, И.И.Шмальгаузен биологиялық прогресске әкелетін 3 бағытты
анықтады.
Ароморфоз Идиоадаптация Дегенерация
(арогенез) (аллогенез) (катагенез)
Дәптермен жұмыс. Сабақтың терминдерін жазу
Білімді жетілдіру 1 – топқа Сәйкестендіру тесті
2 – топқа Дискуссиялық өрнек
3 – топқа Біліміңді тексер (кітаппен жұмыс)
Сәйкестендіру тесті
Организмнің жаңа белгілерге ие болу қасиеті
|
Морфологиялық критерии
|
Эволюциялық процестердің жүру жылдамдығы арқылы анықталады
|
Табиғи сұрыпталу
|
Құрылым деңгейі күрделендірмей , өзгертпей өзіне пайдалы орта жағдайына бейімделушілігі
|
Ароморфоз
|
Бір түрдегі дараларының сыртқы және ішкі белгілерінің ұқсастығы
|
Дегенерация
|
Өзінен соң ұрпақ қалдыра алатын, белгілі бір орта жағдайларына жақсы бейімделген даралардың тірі қалуы
|
Физиологиялық бейімделушілік
|
Организмнің құрлысы мен қызметін күрделендіруге, жалпы деңгейін көтеруге әкелетін эволюциялық өзгеріс
|
Идиоадаптация
|
Организмдердің тіршілік орта жағдайларына бейімделуімен ерекшеленуі
|
Эволюция қарқындылығы
|
Организм құрлысының қарапайымдануы
|
Өзгергіштік
|
Дискуссиялық өрнек
Р/с
|
Мазмұны
|
Келісемін
|
Келіспеймін
|
1
|
Ақбөкендердің саны мен таралу ареалының азаюы ароморфозға жатады
|
|
|
2
|
Жыландардың аяқтарының болмауы дегенерацияға мысал
|
|
|
3
|
Омыртқалы жануарларда жақ сүйектерінің пайда болуы биологиялық регреске жатады
|
|
|
4
|
Жануарлардағы бүркеніш рең
идиоадаптацияға жатады.
|
|
|
Кесте толтыру
Сабақты ой-толғау арқылы қорытындылау
1 топқа Эволюция қайтымсыз процесс
2 топқа Эволюция бір қалыпты емес
3 топқа Табиғатқа қайсысы тиімді: прогрес пе, әлде регресс пе
Үйге тапсырмы 28 №44 суретті талдау
Достарыңызбен бөлісу: |