Сабақтың типі: теориялық Дәріс жоспары: Менеджменттің мәні және мазмұны. Менеджменттің атқаратын қызметі


Басқарудың классикалық немесе әкімшілік мектебі



бет3/3
Дата08.02.2022
өлшемі25,79 Kb.
#118872
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
1 сабақ Менеджменттің теориялық негіздері. Басқару ойлары теориясының даму

Басқарудың классикалық немесе әкімшілік мектебі. Ғылыми басқару мектебінің өкілдері көп жағдайда төменгі буындағы қызметтерді атқаруы себепті, олар еңбек өнімділігін арттырумен ғана шұғылданды. Әкімшілік мектептер пайда болғаннан кейін мамандар басқаруды ұдайы жетілдіру мен әкімшілік қызметті ұйымдастыру қағидасымен айналысты. Бұл мектеп өкілдерінің ұйғарымы бойынша, басқару-белгілі бір мақсатқа жетуге орын алатын қатаң әкімшілік қағида әдістерінің жиынтығы. Осы бағыттың көрнекі өкілі А.Файольдің пікірінше, әкімшілік ету – жан-жақты ауқымын белгілейтін басқарудың бір бөлігі және де техникалық, қорғаныстық, бухгалтерлік, әкімшілік салаларын қамтиды.
А.Файоль басқарудың 14 қағидасын жасап шығарды:
Жұмысты бөлу, билік, тәртіп, дара басшылық, бағытты бірлік, жеке мүддені ортақ мүддеге бағындыру, ақы төлеу, орталықтандыру, иерархиялық тізбек, реттілік, әділеттілік, қызметшілердің тұрақтылығы, ынта-ықылас белсенділік, ерекше рух.
ХХ ғасырдың орта шеніне қарай ғылыми басқару және әкімшілік мектептердің адам факторына жеткіліксіз көңіліне жауап ретінде жаңа бағыт – адамдық қатынастар мектебі пайда болды. Оның өзі классикалық көзқарастағы кемшілікті шешу мақсатында пайда болғандықтан, адам қатынастар мектебін кейде неоклассикалық мектеп те атайды.
Адамдық қатынастар мектебінің көрнекі өкілдеріне: М.Фоллет, Э.Мэйо, Д.Мак Грегор, Р.Блейк және т.б. жатқызылады. Бұл бағыттың негізгі қағидасы ұйымдағы бейресми топтардың ролін анықтау, басқару тәжірибесіндегі психологиялық және әлеуметтік тәсілдерді қолданудың жолдарын қарастыру болып табылады. М.Фоллет басқаруды «Өзгелерді пайдалатынп, нәтижеге жету» деп анықтаған болса, ал Э.Мэйо еңбек тиімбілігіндегі психологиялық жағдай маңызын айта келе, «бақытты жұмысшылар дегеніміз – тиімді жұмышылар» деп тұжырымдады.
Тәртіптілік тәсіл, жалпы алғанда, ұйымдастыру тиімділігін арттыруда жеке адамдардың мүмкіншіліктеріне ықпал ету, тиісті қатынастары қалыптастыру мақсатын көздейді. Негізгі өкілдері ретінде Ф.Герцберг, К.Арджеррис, Л.Лаайкертті айтамыз. Олар өз зерттеулерінде мінез-құлық туралы ғылымды қолдануға, әлеуметтік әрекеттестікті, басшылық пен билік, ынталандыру жүйелерін сипаттау бағыттарына баса назар аударды.
Басқарудың ғылыми мектебі (сандық, жүйелік жағдайлық тәсіл).
Басқару теориясы мен тәжірибесінің дамып жетілуіне қолданбалы және техникалық ғылыми салаларының нәтижелері маңызды орыналады. Математика, статистика, кибернетика пәндері, сондай-ақ, операцияны зерттеу ғылыми басқару саласындағы міндеттер белгілеу және шешім қабылдауда тиімді әдіс-тәсілдер мен формаларды іздестіріп табуға және оларды кеңінен қолдануға жағдай турдырды. Қорыта айтқанда, басқару ғылымының қалыптасып дамуында маңызды орын алатын басқару ғылыми мектебінің үлесін мына сипатта атап өтуге болады:

  1. Жобаларды ойластыру мен қолдану арқылы күрделі басқару проблемаларын түсінуді тереңдету.

  2. Күрделі жағдайда шешім қабылдайтын басшыларға жәрдем ретінде сандық тәсілдерді дамыту.

Бұл мектеп 4 түрлі тәсілді қолданды:

  1. Басқару мектептерін жіктеу тұрғысынан қарағандағы тәсіл.

  2. Процестік тәсіл, яғни басқаруды өзара байланысты 4 түрлі функциялардың (жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау) үздіксіз жиынтығы ретінде ұғыну.

  3. Жүйелік тәсіл, өзгермелі қоршаған орта жағдайында мақсатқа жетуде ұйым қызметінің адамдар, құрылым міндеттер және технология секілді элементтер жиынтығын беретін іс-әрекеттер түрлерінің қарастырылуы.

  4. Жағдайлық тәсіл – ұйымдастыру мен басқару шараларының жағдайға байланысты өзгешелік пен дербес сипатта орындалуы. Яғни, мақсатқа жету мен міндетті орындауда қолданылатын әдіс-нысандарды ұйымда орын алған мүмкіндіктер мен қиындықтар турасында айқындалып қолданылады.

Менеджмент бұл өндірісті басқару принциптерінің әдістерінің, құралдарының және нысандар жүйесі. Наумов А:И. және О.С. Виханский “ Біз менеджментті қолда бар ресурстарды ұтымды қолдану арқылы ұйымдастырудың мақсатын қалыптастырып, оған қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталатын бөлімдер мен кәсіби қызметтің сапасы ретінде қараймыз” әлеуметтік топтардың әр түрлілігіне байланысты менеджмент негізгі 6 түрге тармақталады:
1. Үкімет;
2. Мемлекеттік менеджмент;
3. Әскери менеджмент;
4. Құрама одақтық немесе кубтық менеджмент;
5. Бизнес менеджмент ( кәсіпкерлік );
6. Мемлекеттік меншіктегі менеджмент.
Мұнда кәсіпорын қызметіне қоса сипатына мемлекеттік және әлеуметтік мәселелер мен ой-пікірлер ықпал етеді.


1 – тапсырма: Төмендегі сұрақтарға толық жауап беріңіздер
Менеджмент дегеніміз не?
Менеджмент сөзінің мағынасын аш?
Менеджмент қандай қызметтерді атқарады?
Менеджменттің пән ретінде ерекшелігі?
Әлеуметтік топтардың әртүрлілігіне байланысты менеджмент нешеге бөлінеді?


Әдебиеттер, сілтемелер:
1. Менеджмент негіздері. Ахметов А.,2005.
2. Менеджмент ( лекциялар курсы). Бердалиев К.Б., Алматы, 2006

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет