«Атмосфера» тарауы бойынша өткенді қайталау Мақсаты: а) оқушылардың «Атмосфера» тақырыбы бойынша ғылыми түсінік қалыптастыру ,
СТО әдістерін сабақта ұтымды пайдалану арқылы білімдерін жинақтау;
ә) түрлі ойындар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, тест сұрақтарын пайдаланып,
өздігінен және топпен жұмыс жасауын, оқушылардың шығармашылық ойлауын
өсіріп, өз ойларын еркін айтып, қорытынды жасай білуге дағдыландыру;
б) Ойын тез жинақтауға, ұқыптылыққа, ізденіске және өздеріне таныс климаттың
ерекшеліктерін түсіндіре отырып, туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабақ (жинақтау)
Әдісі: зерттеу шеберханасы, жигсо (мозайка), синквэйн, бірін-бірі бағалу, тест сұрақтары,
топпен жұмыс
Көрнекілігі: конверттер, бағдаршам белгілері, тараудың жоспар-сызбасы, құттықтау хат
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі мен әдебиеті
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
сәлемдесу;
сынып оқушыларының сабаққа дайындығын қадағалау;
кезекші есебін тыңдау;
психологиялық даындық.
Өткен материалдарды қайталау жұмыстары Адам тамақсыз 5 апта, сусыз 5 күн, ал ауасыз 1-2 минуттан артық өмір сүре алмайды екен. Осыдан келіп халық арасында «Ауадай қажет» деген сөз кең тараған. Осыған қарап ауаның маңыздылығын ұғынуға болады. Оқушыларға атмосфера тақырыбы аясында бірнеше сұрақтар қою. Оқушыларды үш топқа бөліп, өткен тақырыптарды еске түсіру, шолу жасау үшін тақтадағы конверттерге салынған тест тапсырмаларын әр топтан бір оқушыдан шығып таңдап алады. Алынған тест тапсырмаларын топпен орындау үшін уақыт беріледі. Және әр топқа берілген бағдаршам белгілері түсіндіріледі: қызыл – тапсырма орындалып жатыр; жасыл – тапсырма аяқталды; сары – жауап беруге дайынмын. Тест сұрақтары Атмосфера дегеніміз - .........
А) Жердің сыртқы ауа қабаты
Ә) Жердің су қабаты
Б) Жердің тас қабығы
В) Жердің тіршілік қабаты
2. Ауаның құрамындағы азот мөлшері –
А) 21
Ә) 39
Б) 57
В) 78
3. Атмосфера құрамындағы тіршілікке ең қажеттісі:
А) азот
Ә) көмір қышқыл газы
Б) оттегі
В) инертті газдар
4. Биіктігі 50-55 км-ге дейінгі атмосфера қабаты:
А) Стратосфера
Ә) Тропосфера
Б) Тропопауза
В) Атмосфераның жоғарғы қабаты
5. Жарық пен жылу таратаын жұлдыз:
А) Күн
Ә) Ай
Б) Жетіқарақшы
В) Үркер
6. Ең жылы ай мен ең суық айдың арасындағы орташа температураларының арасындағы айырмашылық:
А) өзгеріс
Ә) тәуліктік ауытқу
Б) ауа температурасының жылдық ауытқуы
В) жылу
7. Термомерт құралымен өлшейді:
А) жауын-шашынды
Ә) жердің биіктігін
Б) теңіз тереңдігін
В) ауа температурасын
8. «Салмақ өлшеймін» деген грек сөзі
А) сейсмограф
Ә) Барометр
Б) Метр
В) Миллиметр
9. Алғаш барометрді ойлап тапқан:
А) М.Поло
Ә) А.Гумбольдт
Б) Порричели
В) А.Никитин
10. Жел деген –
А) ауаның горизанталь бағытта аусып қозғалуы
Ә) ауаның жылуы
Б) ауаның жеңілдеуі
В) ауаның суынуы
11. Желбағар құралымен анықтайды:
А) ауа жылынуын
Ә) ауа қысымын
Б) жердің ауданын
В) желдің бағыты мен жылдамдығын
12. «Жеңіл жел» деген мағына беретін фпанцуз сөзі:
А) барометр
Ә) бриз
Б) градус
В) процент
13. «Маусым» деген мағынадағы араб сөзі:
А) тайфун
Ә) цунами
Б) муссон
В) гейзер
14. Шаш гигрометрі құралымен өлшейді
А) Жел жылдамдығын
Ә) Бұлттылықты
Б) салыстырмалы ылғалдылықты
В) абсолют ылғалдылықты
15. Бұлттар пішініне қарай нешеге бөлінеді:
А) 2
Ә) 3
Б) 4
В) 5
16. Жауын-шашынның қатты түрі:
А) жаңбыр
Ә) шық
Б) бұршақ
В) тұман
17. Климат дегеніміз –
А) жаңбырдың жаууы
Ә) ауа райының белгілері бір жерге тән және үнемі қайталанып отыратын жай күйі
Б) желдің соғуы
В) күннің суынуы
18. Атмосфераны таза сақтаудың ең тиімді жолы
А) көгалдандыру
Ә) тазалық сақтау
Б) зауыттарды азайту
В) қалдықтарды азайту
19. Жаратылыстану ғылымдарының дамыған жері
А) Ежелгі Рим
Ә) Ежелгі Грекия
Б) Ежелгі Қытай
В) Еуропа
20. География сөзінің мағынасы
А) Жерді сипаттау
Ә) Табиғат заңдылығын түсіндіру
Б) Өсімдіктерді сипаттау
В) Жануарлар әлемі
Тест жұмысын екінші топ тексереді.