Шығармашылық кезең (бес жолды өлең). Оқушыларға жылдың төрт мезгіліне арналған ақындардың өлең жолдары оқылады. Жылдың қай мезгілі екенін анықтап, сол сөзді негізге ала отырып бес жолды өлең құрастыру. Әр топ ақылдаса отырып топ ішінен ең жақсы деген өлең жолдарын оқып береді.
1. Қызыл гүлдей қыздардың,
Ақ көйлекті ананың,
Кимешекті әженің
Қарындас пен әпкенің
Мейрам айы екенін. Қай мезгіл екен? (көктем) 2. Қарбыз қауын піседі,
Соғады ептеп жел үріп.
Қой жайлаудан түседі,
Ала жаздай семіріп. Жылдың қай мезгіліне тән? (күз) 3. Ақ таң күліп атады,
Қызыл-жасыл төңірек
Дала жайнап жатады
Тулар көкте желбіреп. Қай мезгіл? (жаз) 4. Ақ сүт жағып алғандай
Ең қысқа ай – Ақпан ай,
Күндер тез, тез өтеді,
Суықты алып кетеді. Қай мезгілге арналған? (қыс) Зерттеу шеберханасы. Поэзия минуты. Тақтада берілген конверттің ішінен әр топтан бір оқушыдан келіп белгіленген тапсырмаларды таңдап алады. Берілген тапсырмалар төмендегідей:
ауаны сақтаудың жолдарын және ластаушы дүниелерді сурет арқылы көрсету және оны қорғау;
ауаның тазалығы үшін мен не жасадым? Эссе жазу;
ауа райында болатын құбылыстарға байланысты мақал-мәтелдер айту; ауа райы туралы халықтық болжамдардан мәліметтер келтіру;
Ауаның ластануы турасында көрініс қою.
Аталған тапсырмаларды орындауға қажетті құрал-жабдықтар беріледі. Топтар белгіленген тапсырмаларды орындауға кіріседі. Дайын болғанға дейін, әр топтан бір оқушыдан шығып, өз шығармашылықтарынан, келе жатырған аналар мейрамына орай өлең жолдарын арнайды. Осыдан кейін әр топ өз жұмыстарын қорғайды.
Сергіту сәті. Берілген конверттің ішінен жұмбақтың бірін таңдап, іштей оқиды да, өз тобына ым-ишарамен түсіндіреді. Жауабын таппаған жағдайда қарсылас топтардың жауап беруіне мүмкіндік жасалады.
1. Суға салсаң батпайды,
Отқа салсаң жанбайды. (мұз)
2. Елдері мен қаласы,
Ойпаты мен даласы
Теп тегіс тоқтайды
Өзені де ақпайды
Тоғайы мен тауы бар
Бұл не өзің тауып ал? (карта)
3. Қиналмай тауларды, орманды
Теңізді, дария, жолдарды
Ауылды, қаланы, халықтыс
Ойлап тап, көтерген алыпты? (Жер)
4. Доп сынды келбеті
Онда бар түп-түгел
Әлемнің әлпеті (глобус)
Бекіту. Сынып оқушыларынан аталған тарау бойынша өздеріне ұнаған немесе түсіну қиындау болған тақырыптарын сұрау арқылы ой бөлісу, және түсіну қиындық келтірген тақырыптар болған жағдайда, осы тақырыпты жақсы түсіндім деген оқушыны сөйлету арқылы түсіндіру. Қосымша, төмендегідей сұрақтар қою.
Не себепті орман мен қалада ауаның құрамы бірдей емес? Орманда ағаштар көмірқышқыл газын бойына сіңіріп, оттекті бөліп шығарады, ал қалада әр түрлі өнеркәсіп орындары, автокөліктер оттегін шамадан тыс ластаушы көздердің бірі болып саналады.
Не үшін адам көп жиналған жерде тыныс алу қиындай түседі? Ауаның құрамында оттек азая бастайды.
Не себепті ауасы таза жерлерде адамдардың ауруға шалдығуы сирек? Таза ауада оттегі көп болады, сондықтан, таза ауа ауруға қарсы тұратындай қасиеті бар.
Бағалау. Оқушыларға арналған құттықтау хатты ашып, «Білім қалашығының» бүгінгі сабақтағы белсенділіктері мен алғырлықтарына, ұтқыр ойларына деген рахметі және «Білімге» деген талпыныстарына сәттілік тілегенін айтып барып, қатысымдары бойынша оқушыларды бағалау. Бағалау әр топқа үйлестірілген бағалау парақшалары арқылы жүргізіледі. Ол арқылы оқушылар топ мүшелерін бірлесе отырып, әділ бағалайды.
Үйге тапсырма. Қазақстан бойынша ауаның ластануы салдарынан, экологиялық аймақ саналатын аудандар туралы жазып келу.