Жаттығумен жұмыс: 36-жаттығу. Мына сөздерді бастауыш етіп сөйлемдерді аяқтаңдар.
Ауылдың маңы-.... жығылған-.....
Балалар шуы-.... оның айтып отырғаны--......
Асық ойнаған-.... ол өзі-...
Білімді бекіту:Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: 37-жаттығу.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш
Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың ойын кеңейтіп,тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету.
ә) Оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіре отырып, логикалық ойын дамыту,оқу материалына сын көзбен қарап жолдасының көмекке қашанда әзір болу қасиетіне, ұллтық дәстүрді қастерлеуге үйрету.
б) Оқушыларды сауаттылыққа баулу
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игерту.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,тіл дамыту, анализ-синтез т.б
Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.