Жаттығумен жұмыс: 110-жаттығу. Түсіндірмелі салаластың жасалу жолдарын түсіндіріңдер. Тыныс белгісінің қойылу себебін анықтаңдар.
Тақтамен жұмыс: 111-жаттығу. Қос нүкте қойылған сөйлемдердің қайсысы түсіндірмелі,қайсысы себеп-салдар салалас екенін анықтаңдар.
Шығармашылық жұмыс: Түсіндірмелі салаласқа байланысты айтылған нақыл сөздерден мысалдар жазады.
Мысалы: Үш нәрсемен қоңсы қонба: күйдірер отпен, ағызар сумен, атақты әкіммен. (Ж. Баласағұни)
Білімді бекіту:Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: 112-жаттығу.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Талғаулы салалас Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға талғаулы салалас сөйлем туралы түсінікті тілмен оқушыларды қатыстыра отырып жан-жақты мәлімет беру;
ә) сөйлемнің түрлерін түсіндіре отырып ұжымдық,деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың адамдық қасиеттерін дамыту;
б) оқушылардың белсенді ойлау қабілеттерін жандандырып, ОҮӨӘЖПТ арқылы сауатты жазу,оқу дағдыларын жетілдіру