Сабақтың көрнекілігі: плакат, семантикалық карта, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Құрамындағы жай сөйлемдері бір-бірімен салаласып та,сабақтасып та байланысқан құрмаластың түрін аралас құрмалас сөйлем дейміз.
Амантай Серғазыларға ақылдасып еді,Жамантайдың науқасының түрі жаман болғандықтан,олар ырық бере қоймады.
Аралас құрмалас сөйлемнің құрамында кемінде үш жай сөйлем болады.Олардың екеуінің баяндауышы тиянақты да,біреуінің баяндауышы тиянақсыз болып келеді.Баяндауышы тиянақсыз сөйлем бірде аралас құрмаластың бас жағына орналаса,бірде тиянақты жай сөйлемдердің арасына орналасады.
Мысалдары:
1. Күн шығып,ел тұра бастады, - Нұрлан әлі жоқ.
Сызбасы: бағыныңқы,басыңқы,басыңқы.
2.Қорған кезінде топырақ араластыра тастан қаланған екен де,бұл кезде қорғанның үстіне жыңғыл мен шеңгел араласа шығып,өзінше ол да бір сән беріп тұр.
Сызбасы: басыңқы,бағыныңқы,басыңқы.
Аралас құрмалас кейде төртжай сөйлемнің құрмаласуы арқылы да жасалады.Мұндайда екі жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болып келеді.Тиянақсыз сөйлемдер бірде аралас құрмаластың бас жағына бірыңғай орналасса,бірде тиянақты сөйлемдердің арасына орналасады немесе тиянақсыз сөйлем мен тиянақты сөйлемі кезектесе орналасады.
1.Ақбоз алдыңғы екі аяғын ербитіп,көзі шатынап тұра бергенде,Шолақ құлағын төмен қарай тұқырта басып қалып еді – ат етпетінен түсті.
Сызбасы: бағыныңқы,бағыныңқы,басыңқы,басыңқы.
2. Дастархандай қағаздағы шимайда не сиқыр жатқанын Шәрипа мен Нұрбай біле алған жоқ,бірақ дән шығындалу тыйылған соң,екеуі де инженерге ден қойып,оның аузынан шыққан сөз атаулыны бас шұлғи мақұлдады.
Сызбасы: басыңқы,бағыныңқы,бағыныңқы,басыңқы.
3. Кеген ауданына келгенінше,мен де аңшы емес едім,мұнда келген соң,еріксіз үйрендім.
Сызбасы: бағыныңқы,басыңқы,бағыныңқы,басыңқы.
Достарыңызбен бөлісу: |